Сатылай кешенді талдау Ананың анасы әңгімесі

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

  • Автор туралы мәлімет беру.
  • Әңгіменің мазмұнымен таныстыру.
  • Жазушының анаға деген сүйіспеншілігін оқушы сезімімен ұштастыру.
  • Қазақ елінің өткен тарихына, тұрмыс-тіршілігіне назар аударту.

Тәрбиелік

  • Ананы құрметтеуге, мейірімділікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
  • Жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру.

Дамытушылық

  • Әдеби тіл нормаларын меңгерту.
  • Шығармадан алған әсерді бүгінгі өмірмен салыстыра білуге бағыттау.
  • Логикалық ойлауы қалыптасқан, жан-жақты дамыған тұлға дамыту.

Сабақтың «жарнамасы»: анаға арналған жыр

М. Дулатұлы

Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын?
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.

Кім сендерді, балалар, тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең?
Бетін жуған жасымен сорлы анаңа
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.

«Шешенің балаларын сүюі»

Жаңа сабақтың мазмұны

Кіріспе бөлім

  1. Молда оқуы.
  2. Әйтілес әңгімесі.

Әйтілес әңгімесінің тармақтары

  • Жорық
  • Кездескен қыз
  • Ана айласы

Сатылай кешенді талдау: «Ананың анасы»

Автор және шығармалары

Ғабит Мүсірепов — драматург, жазушы, академик, қоғам қайраткері.

Әңгімелері:

«Қос Шалқар», «Талпақ танау», «Жапон балладасы», «Ашынған ана», «Ер ана», «Ақлима», «Ананың арашасы», «Өлімді жеңген ана».

Романдары:

«Қазақ солдаты», «Оянған өлке», «Кездеспей кеткен бір бейне».

Тақырып, жанр, идея

Тақырыбы
Ананың балаға деген ұлы махаббаты.
Эпикалық жанр
Әңгіме.
Негізгі идеясы
Түн ұйқысын төрт бөліп өсірген ананы құрметтеу, сыйлау.

Композициялық құрылым

  1. Экспозиция: молда оқуы.
  2. Сюжеттік байланыс: қалың жылқы, ұрланған қыз.
  3. Шиеленіс: жылқышының мерт болуы, қуып келген қыздың анасы.
  4. Шарықтау шегі: ананың сөзі.
  5. Шешім: ана мен қызына берілген бостандық.

Кейіпкерлер жүйесі

Жағымды

Оқушы талдауы арқылы анықталады.

Жағымсыз

Оқушы талдауы арқылы анықталады.

Әдеби-теориялық ұғымдар

Теңеу

етектей сақал, күмістен құйғандай ақ сақал, құйған пештей, ұршықтай ойнап, бөкендей бүктетіліп

Эпитет

шалқыған шаңқай түс, жалба-жұлба тері тон, сағал-сағал тері шұбырған, надан молда, төрт бұрышы жемірілген ескі тоқым сияқты

Тұрақты сөз тіркестері

көзді ашып-жұмғанша, терімізге сыймай, қабағымыздан қар жауып, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай

Дисфемизм

қызы қатынға, қазақтың қатыны

Шығармашылық тапсырма: бес жолды өлең

  1. 1) Зат есім (бір сөз) Ана
  2. 2) Сын есім (екі сөз) мейірімді, қамқор
  3. 3) Етістік (үш сөз) мәпелейді, өсіреді, тәрбиелейді
  4. 4) Үстеу (төрт сөз) шырылдап жерге түскен кезде
  5. 5) Түйін сөз (бес сөз) Ана — ақылшың, ұстазың, досың, қамқоршың

Топтастыру: «Ана» ұғымы

қайратты шешен қайсар ақылды ашынған қайғылы сергелдеңде

Қорытынды ой

Құрметтейік, көтерейік те әйелді! Ана — әйелді құрметтейік! Оның сүюі таусыла ма? Бүкіл дүние соның емшегін еміп, ер жеткен емес пе? Адамда не қасиет болса, бәрі күннің көзі мен ананың сүтінен алынған қасиет. Ананың құрметі әлі жеткен жоқ! Мақтасақ әйелді мақтайық та, құрметтейік те әйелді. Әйел-ана — барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, көзді бұлақ емес пе!

— Ғ. Мүсіреповтің ой-түйіні бойынша

Үй тапсырмасы және бағалау

Үй тапсырмасы

Ғ. Мүсіреповтің ана тақырыбындағы басқа әңгімелерін оқып келу.

Бағалау

Бағалау парағы арқылы қорытынды бағалау жүргізіледі.

Сабақтың өту барысы (қысқаша)

I. Ұйымдастыру

  • Сәлемдесу
  • Оқу құралдарын тексеру
  • Бағалау парағын үлестіру

II. Қызығушылықты ояту

Ана туралы өлең арқылы тақырыпқа кіріспе.

III–IX. Негізгі бөлім

Жаңа сабақ, талдау, тапсырмалар, қорытынды, үй жұмысы, бағалау.