Сіздерге кешті даярлаушылар атынан жалынды сәлем
Математика — кең өрісті ғылым
Бұл кеш — математикаға арналған ойлы да көңілді жүздесу. Мұнда біз демаламыз, күліп-ойнаймыз, викториналар шешеміз, би билейміз және ең бастысы — математика ғылымының тапқырлықты талап ететінін бірге әңгімелейміз.
Кештің ұраны
Ғылымдардың ғылымы — математика жайында
«Математика — кең өрісті ғылым» атты кешімізді бастаймыз.
Жүргізушілер сөзі
І жүргізуші
Қайырлы күн, қымбатты достар!
Бүгін біз мұнда көңілді демалу үшін жиналдық.
Викториналар шешіп, би билеу үшін жиналдық.
Міне, залда тыныштық — дыбыс естілмейді. Біз мұны да қоштаймыз, кешіккендерді тоспаймыз. Ғылымдардың ғылымы — математика жайында сөз қозғаймыз.
ІІ жүргізуші
Қымбатты ұстаздар, математика жанкүйерлері және осы залға жиналған қауым!
Сіздерге кешті даярлаушылар атынан жалынды сәлем!
Күліп-ойнау үшін жиналдық.
Математика ғылымының тапқырлықты талап ететінін әңгімелеу үшін жиналдық.
Математика жайлы ой-толғам
Жас достар, мұны жақсы ұғынайық: математика — құрметтеуге лайық. Дүниедегі құбылыстың мәнін, табиғат пен қозғалыстың заңдылықтарын есепсіз түсіну мүмкін емес.
Математика — ермек емес, балалық емес. Ол — зерделілік пен даналық. Космосты кезген ракеталардың дәлдігі — математика тілінің айқын дәлелі.
Баяндамалар
Баяндамашы
Төлесінова Ардақ
«Математика — кең өрісті ғылым» тақырыбында баяндама оқиды.
Келесі баяндама
Хаиров Серік
«Аспан ғылымы — жерде ашылған» тақырыбында баяндайды.
Еске салу
Баяндамаларды тыңдағаннан кейін математика туралы аз да болса мағлұмат алдыңыздар деп ойлаймыз. Осы орайда Михаил Иванович Калининнің жастарға айтқан өсиет сөзін еске салайық:
Қай ғылымды үйренсеңіздер де, егер сол салада қандай да бір із қалдырғыңыз келсе, барлық жерде математиканы білу қажет.
Математикалық монтаж
Олай болса, сөз кезегін оқушылардың математикалық монтажына берейік.
1-оқушы
Айдана
Жер бетінде танымал ғылым бар — жаңалығы мен жетістігі қаншама. «Қандай ғылым?» деп сұраудың өзі артық: барлық ғылым оны бірдей қолдайды.
2-оқушы
Әйгерім
Анықтама, теорема, салдар — адамды тәрбиелеудің асыл арманы. Оның ұлы аты бар: математика — бәрімізге түсінікті тіл.
3-оқушы
Серік
Бірі өшіп, кітаптардың бірі тозған… Қай жүйрік Архимедті басып озған? Жалынды патриот, батыр ғалым — ғасырлар түкпірінен қолын созған.