Екі немесе одан көп атомдар

Атомдар. Молекулалар. Заттар

Бұл материал 7-сыныпқа арналған және екі сабақтан тұрады: «Атом құрамы мен құрылысы» және «Изотоптар». Сабақ түрі — жаңа тақырыпты меңгеру.

1-сабақ

Атом құрамы мен құрылысы

2-сабақ

Изотоптар

Оқу мақсаттары

  • 7.1.2.5 — атом құрылысын сипаттау.
  • 7.1.2.6 — изотоп ұғымын білу.

Сабақ мақсаттары

Негізгі түсініктер

  • Атомның құрылысы мен құрамын білу.
  • Элементар бөлшектердің массасы мен зарядын білу.

Изотоптар

  • Изотоп ұғымын түсіну.
  • Изотоптардың элементар бөлшектерін (протон, нейтрон, электрон) анықтау.

Тілдік мақсат

Оқушылар атомның заттың химиялық қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшек екенін ауызша түсіндіре алады.

Пәнге қатысты лексика және терминология

атом молекула элемент протон нейтрон электрон нуклон

Диалог пен жазылымға қажетті тіркестер

  • 1) Атомнан кіші кез келген бөлшек протон, нейтрон немесе электрон болуы мүмкін.
  • 2) Екі немесе одан көп атомдар молекула түзу үшін біріге алады.
  • 3) Протон мен нейтронның массалары шамалас, ал электронның массасы олармен салыстырғанда өте аз.
  • 4) Атом ядродан және электрондардан тұрады: ядро атомның ортасында орналасады, электрондар ядроны айнала қозғалады.

Мәлімет

Қарабұлақ орта мектебі. Дайындаған: Жаужүрек Мәдина Саметқызы.