Анасының аты кім
Петропавл қаласындағы №17 ұлттық өркендеу орта мектеп–кешенінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ескендірова Қымбат Неғметжанқызы.
Пәні: Қазақ әдебиеті (5-сынып) • Тақырып: Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңі
Сабақтың мақсаты
- Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сұрақтарға нақты жауап беруге дағдыландыру.
- Өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету.
- Ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер
Мәнерлеп оқу, баяндау, сұрақ-жауап
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабақ оқушылардың көңіл күйін көтеретін шағын ойыннан басталады. Тақырыпқа кіріспе ретінде әр елдің амандасу дәстүрлері талқыланады.
Қазақша
Қол алысып амандасу.
Италияндықтар
Құшақтасып амандасу.
Бразилияша
Иықтан қағып амандасу.
Жапондарша
Бас иіп амандасу.
Кәрісше
Екі қолын алдына қойып иілу.
Македонияша
Арқамен теріс қарап амандасу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Ой қозғау» әдісі арқылы аңыз әңгімелер туралы білімдері еске түсіріледі.
- Аңыз әңгіме дегеніміз не?
- Аңыз әңгімелер неге тәрбиелейді?
- Аңыз әңгімелерде қандай кейіпкерлер кездеседі?
- Қожанасырдан басқа қандай кейіпкерлерді атай аласыңдар?
III. Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы ребус арқылы ашылады: ағаш (алғашқы әрпі), балық (алғашқы әрпі), ай.
Нәтижесінде шығатын сөз: Абай.
Абай Құнанбаев — қазақтың ұлы ақыны. Ол 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүниеге келген. Шын аты — Ибраһим. Әжесі еркелетіп «Абай» деп атап кеткен. Абай әжесі Зере мен анасы Ұлжанның тәрбиесін алып өскен.
Абай қандай тұлға?
IV. Сөздікпен жұмыс
| Сөз | Түсіндірме |
|---|---|
| Медресе | Жоғары діни оқу орны. |
| Шебер жырлаған | Мастерлікпен, көркем тілмен жырлаған. |
| Суреттеген | Бейнелеген, сипаттаған. |
| Жан біту | Тіріліп кеткендей әсер беру, бейнеге «жан» беру. |
V. Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалып, оқушылардың зейіні қайта шоғырландырылады.
VI. Мәтінмен жұмыс: «Қыс» өлеңіне кіріспе
Абайды әкесі он жасында Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесіне оқуға жібереді. Медреседе діни пәндермен қатар араб және парсы тілдерін жақсы меңгереді. Уақытының көбін кітап оқуға жұмсайды.
Абай — табиғатты шебер жырлаған, табиғатқа «жан бітіре» суреттеген лирик ақын. Сол шығармаларының бірі — «Қыс» өлеңі. Ақын қыс мезгілін адамның бейнесімен және мінезімен салыстырып, әсерлі түрде сипаттайды.
VII. Сабақты бекіту
Оқушылардың жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін сұрақ-жауап ұйымдастырылады:
- Абайдың шын аты кім?
- Оның әжесінің аты кім?
- Анасының аты кім?
- Қай тілдерді жақсы меңгерген?
VIII. Үй тапсырмасы
Оқулық
103-бет: «Қыс» өлеңін жаттау
Жазба жұмысы
Қыс туралы шағын шығарма жазу
IX. Кері байланыс
Сабақ соңында оқушылар қысқаша пікір білдіріп, бүгінгі тақырыптан алған әсерін және түсінбеген тұстарын айтады. Мұғалім қорытынды жасап, сабақты аяқтайды.