Азот қышқылының тұздары
9-сынып
Азот қышқылының тұздары. Азоттың табиғаттағы айналымы (презентациямен)
Бұл сабақ жаңа материалды меңгеруге бағытталған. Оқу үдерісінде сұрақ–жауап, шығармашылық тапсырмалар және топтық жұмыс арқылы оқушылардың белсенді қатысуы қамтамасыз етіледі.
Сабақтың типі
Жаңа материалды меңгеру.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Азот қышқылының тұздары мен азоттың табиғаттағы айналымы туралы түсіндіру.
Дамытушылық
Теориялық білімді шығармашылық жұмыстар арқылы бекіту, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Оқушыларды іскерлікке, пәнге қызығушылыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Өтілу әдістері
- Сұрақ–жауап
- Миға шабуыл
- Ассоциация
- Криптограмма
- «Жасырын сөзді тап»
- Проблемалық ізденіс
- Химиялық шытырман
- Алдын ала тапсырма
- Бес жол өлең
- Бірін-бірі бағалау
Көрнекіліктер
- Кестелер мен таблицалар
- Интерактивті тақта
- Слайдтар (презентация)
- Нитраттар (үлгілер/реактивтер)
- Оқушыны бағалау парағы
Сабақтың барысы
I кезең
Ұйымдастыру кезеңі
A)
Сыныптың және оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
B)
Оқушылардың сабаққа қатысуын анықтау.
II кезең
Жаңа сабақ
«Жасырын сөзді тап»
Жаңа тақырыпқа кіріспе ретінде оқушылардың қызығушылығын оятып, негізгі ұғымдарды анықтауға бағытталған тапсырма.