Қандай жыртқыш жануарларды білесің

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Қала
Атырау
Мектеп
Жалпы білім беретін №6 орта мектеп
Мұғалім
Баймурзиева Нұрғаным Сабырқызы (бастауыш сынып)
Пән
Дүниетану
Сынып
3-сынып
Сабақтың тақырыбы
Жануарлардың көптүрлілігі
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер
СТО әдістері
Көрнекіліктер
Электронды оқулық, суреттер, плакаттар, тест жинақтары

Сабақтың мақсаттары

Дамытушылық

Оқушыларды жануарлар әлемінің алуан түрлерімен таныстыру және олардың қай топқа жататынын анықтай білуге үйрету.

Білімділік

Алдын ала алған білімге сүйене отырып, түйінді сөздерді табу, тұжырым жасап, қорытынды шығару дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Табиғатты қорғауға жауапкершілікпен қарауға, табиғат жанашыры болуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру жұмысы

  • Сабаққа әзірлік.
  • Психологиялық дайындық.

II. Танысу тренингі

Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыруға бағытталған қысқа тренинг.

III. Үй тапсырмасын тексеру

«Өсімдіктер дүниесі адам қамқорлығына мұқтаж» тақырыбы бойынша түсінгендері сұралады. Үй тапсырмасы тест арқылы бекітіледі.

1. Біздің елімізде өсімдіктің:

  • а) 6000 түрі
  • ә) 40 түрі
  • б) 25000 түрі
  • в) 600 түрі

2. Әр өсімдікке:

  • а) ұзын тамыр
  • ә) құрғақ және ыстық климат
  • б) ылғалды топырақ
  • в) белгілі орта қажет

3. Өсімдік топтары деп:

  • а) жылу мен ылғалдың таралуын
  • ә) топталып өсуге қажетті қолайлы жағдайды
  • б) 140-қа жуық өсімдік түрін
  • в) жарық, құнарлы топырақ, қоңыржай жылы ауаны

4. Мәдени өсімдіктер:

  • а) адамның қатысуынсыз өсе алмайды
  • ә) өздігінен өседі
  • б) сырт көмекті қажет етпейді
  • в) өсу тіршілігін тоқтатады

5. Сирек және құрып кету қаупі бар өсімдіктер:

  • а) Конституцияға енгізілген
  • ә) Тіл туралы заңға енгізілген
  • б) Дүниетану оқулығына енгізілген
  • в) Қызыл кітапқа енгізілген

IV. Қызығушылығын ояту

Ой қозғау: сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

1) Жүзім 2) Алма 3) Ананас 4) Қауын 5) Қарбыз 6) Қияр

V. Жаңа мағынаны таныту

Электронды оқулықпен жұмыс. Жануарлар мынадай топтарға бөлінеді:

Бунақденелілер

Денесі буын-буын болып келетін жәндіктер.

Қосмекенділер

Суда да, құрлықта да тіршілік етеді.

Сүтқоректілер

Төлін сүтімен қоректендіреді.

Жорғалаушылар

Денесі жер бауырлап қозғалатын жануарлар.

Құстар

Қауырсынды, қанатты жануарлар.

Балықтар

Суда тіршілік етеді, жүзбеқанаттары бар.

Топтық жұмыс: «Ойлан – жұптас – талқыла»

  • I топ: Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың қозғалысында қандай айырмашылықтар бар?
  • II топ: Қандай жыртқыш жануарларды білесің? Оларды неге жыртқыш деп атайды?
  • III топ: Жануарлардың тіршілік ортасы туралы не білесің?
  • IV топ: Берілген жануарды сипатта: қасқыр.

VI. Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылардың зейінін қайта шоғырландыру.

VII. Ой толғаныс

1) Семантикалық картамен жұмыс

Мысалдар Тобы
Шыбын, маса Бунақденелілер
Бүркіт, түйеқұс Құстар
Сазан, шортан Балықтар
Бақа Қосмекенділер
Сиыр, түйе Сүтқоректілер
Жылан, кесіртке Жорғалаушылар

2) Оқулықпен жұмыс

Мәтінді оқып, сұрақ-жауап арқылы талдау жүргізу.

3) Дәптермен жұмыс

Жануарлардың топтарын дәптерге жазу.

VIII. Сабақты қорытындылау

«Кір жаятын жіп» ойыны арқылы қорытынды жасалады: оқушылар бүгінгі сабақтан есте қалған тірек сөздерді жазып, тақтаға іледі.

Бағалау

  • Топтық жұмысты бағалау.
  • Жеке оқушының жұмысын бағалау.