Жаңа сабаққа кіріспе

Сабақ: Липидтер (10-сынып)

Бұл сабақ липидтердің түрлерін, қызметін және құрылысын түсіндіруге бағытталған. Оқушылар бейнематериал, талқылау, топтық және жұптық жұмыстар арқылы тақырыпты меңгереді.

Сабақ негізделген оқу мақсаты

  • Липидтердің негізгі түрлерін ажырата білу және атау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

Липидтердің түрлерін атайды.

Оқушылардың басым бөлігі

Майлардың қызметін сипаттайды.

Кейбір оқушылар

Майлардың құрылысын сипаттап, негізгі құрамдас бөліктерін атайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады

Липидтердің жасушадағы рөлін ауызша және жазбаша түрде баяндайды.

Негізгі сөздер мен тіркестер
  • Липид
  • Холестерин
  • Фосфолипид
Диалог пен жазылымға арналған пайдалы тілдік бірліктер
Талқылауға арналған сұрақтар
  • Сіз неліктен … екенін айта аласыз ба?
  • Сіз неліктен липидтер организм тіршілігіндегі энергия көзі екенін айта аласыз ба?
Жазылым бойынша ұсыныс

Липид молекуласының құрамына кіретін атомдарды жазыңыз.

Алдыңғы тақырыппен байланыс

Оқушылар майлардың құрылысын және қызметін біледі.

Сабақ барысы (жоспар)

Басталуы
Ұйымдастыру және қызығушылықты ояту
  1. 1 Амандасу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  2. 2 Суреттер арқылы топқа бөлу.
  3. 3 «Ыстық орындық» әдісі арқылы сұрақ-жауап жүргізу.
  4. 4 Жаңа сабаққа кіріспе: «Липидтер» тақырыбы бойынша бейнежазба көрсету. Оқушылар көргені бойынша түсінгендерін қысқаша баяндайды.
    Түрткі сұрақ

    Липидтер дегеніміз не?

    Сынақтан өткізу

    Не себепті олай ойлайсыз?

    Қайта бағыттау

    Тағы кімнің қосары бар?

Ортасы
Түсіну, талқылау және қолдану
Топтық жұмыс
«Ақпараттар алаңы» әдісі

Топ мүшелері рөлдерді өзара анықтайды: уақыт сақшысы, хатшы, баяндамашы, төраға, бақылаушы. Әр топ берілген тақырыпты оқып, талқылап, постер түрінде ұсынады.

I топ
Липидтердің құрылысы
II топ
Липидтердің қызметі
Бағалау

Бақылау парағы арқылы формативті бағалау жүргізіледі.

Кері байланыс

Топтық жұмыста сізге не ұнады? Неліктен?

Жұптық жұмыс

Кестені толтырыңыздар.