Лалагүл тұқымдастар

Сабақ тақырыбы

Лалагүл тұқымдастар: гүл мен жеміс құрылысының ерекшеліктері, тіршілік формалары. Жабайы өсетін, мәдени, дәрілік және халық шаруашылығы үшін маңызды өсімдіктер. Зертханалық жұмыс: лалагүл тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысын бақылау.

Сабақтың мақсаты

Лалагүл тұқымдастарының гүл және жеміс құрылысы, тіршілік формалары, шаруашылықтағы маңызы туралы білім қалыптастыру.

Міндеттері

  • Білімділік: гүлін, жемісін, сабағын, жапырағын қарастыру; гүл формуласын басқа өсімдіктермен салыстыру; маңызын анықтау.
  • Тәрбиелік: өз бетімен ізденуге, қосымша ақпаратпен жұмыс істеуге, танымдық және шығармашылық қабілеттерді дамытуға тәрбиелеу.
  • Дамытушылық: ойды еркін жеткізу, сөйлеу мен ойлау дағдыларын жетілдіру; туған табиғатты қорғауға жауапкершілік қалыптастыру.

Сабақтың ресурстары мен форматы

Көрнекілігі
Слайдтар, электронды оқулық, үлестірмелі тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс
География, экология, салауаттану.
Сабақтың түрі
Жаңа білімді меңгеру.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, миға шабуыл, қызығушылықты ояту, «Иесін тап», сызықтық диктант, «Екі жұлдыз, бір тілек».

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

  1. 1 Сәлемдесу.
  2. 2 Сыныпты түгендеу.
  3. 3 Сабаққа дайындау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Сызықтық диктант: дұрыс жауапқа «+», қате жауапқа «−» белгісі қойылады.

  • 1) «Күрделігүлділер» деп аталуы гүлдерінің әртүрлілігіне байланысты.
  • 2) Көпшілігі шөптекті өсімдіктер.
  • 3) Күнбағыс бұл тұқымдасқа жатпайды.
  • 4) Жемісі — тұқымша.
  • 5) Дәрілік түрлеріне түймедақ, бақбақ, дәрмене жатады.

III. Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту: суретке қарап гүлдің атауын табыңыз. Бұл гүл туралы не білеміз? Осыған ұқсас қандай гүлдерді атай аласыздар?

Тақырып ашылғаннан кейін оқушылар оқулықпен жұмыс істейді. Әр топ тұқымдасқа тән белгілерді жүйелеп, тапсырмаларын қорғайды.

I топ

Лалагүлділерге тән ерекшеліктерді анықтау.

II топ

Күрделігүлділер мен лалагүлділерді салыстыру.

III топ

Лалагүлділердің халық шаруашылығындағы маңызын анықтау.

IV топ

Лалагүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктерді сипаттау (лапыз, құртқашаш, лалагүл).