Сендерден екен ғой сандардың бәрінің қашып кеткені
Математика – Информатика – Физика және Химия, Биология апталығының ашылуы
Құрметті білім алушылар мен ұстаздар! Бүгінгі Математика – Информатика – Физика және Химия, Биология апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
Білім алушылардың қызығушылығын арттыруда пән апталықтарының орны ерекше. Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсатымыз — білім алушылардың информатика мен математиканы тек сабақта ғана емес, өмірде де қолдана алатынын көрсету, математиканың күнделікті тіршілікпен тығыз байланысты екенін түсіндіру.
Осы мақсатта түрлі сайыстар мен іс-шаралар ұйымдастырамыз. Әрбір белсенділік арқылы пәнге деген қызығушылықты күшейтіп, құрметті оятуға тырысамыз.
Әңгіме: «Сандар қайда кетті?»
Ертеде әжесі және екі немересі бірге тұрыпты. Бір күні немерелері мектептен шаршап келіп, математика сабағына көңілдері толмай, ашуланыпты.
— Сен математика сабағын жақсы көресің бе?
— Жоқ. Сандар, есептер — бәрі жүйкеме тиеді.
— Ал сен ше?
— Мен де жек көремін. Сандар, есептер, фигуралар болмаса ғой… Осы сабақтың кесірінен басқа пәндерге үлгермеймін, есептерден басым қатады.
Екеуі де үстелдің үстіне бас қойып ұйықтап қалады. Олардың сөзін естіп қалған сандар жиналып, ақылдасып, «бұлай болмас» деп, балалардан қашып кетеді.
Кейін әжесі бөлмеге кіріп, шошып кетеді:
— Ойбай-ай! Құдай сақтасын! Сандар қайда кетіп қалды? Бүгін нешінші күн екенін де, сағат қанша болғанын да білмейміз ғой!
— Балаларым, тұрыңдар!
— А? Не болды? Біз ештеңе түсінбей тұрмыз…
Әжесі күрсініп: «Математиканы ұнатпағандарың үшін сандар қашып кетті. Ертең таңертең ерте тұрып, оларды іздеуге шығайық. Басқа амал жоқ» — дейді.
Сол кезде есік қағылып, бір қария кісі кіріп келеді.
— Сәлеметсіз бе!
— Сәлеметсіз бе, ата.
— Математиканы жек көретін балаларды іздеп жүр едім. Сіздерде сондай бала бар ма?
— Жоқ, бізде бәрі жақсы, — деп әжесі немерелерін қорғаштайды.
— Сағат неше болды? — деп сұрайды қария.
— Сағат… э-э… — деп әжесі айта алмай қалады.
— Ә-ә-ә! Демек, сандардың қашып кетуі сендерден болған екен. Жүріңдер, іздейік!
Логикалық есеп: ешкі, қасқыр және қырыққабат
Жолаушының бір ешкісі, бір қырыққабаты және бір қасқыры бар. Ол өзеннің бір жағасынан екінші жағына екі орындық қайықпен өтуі керек. Бірақ қасқырды ешкімен, ал ешкіні қырыққабатпен бірге қадағалаусыз қалдыруға болмайды. Жолаушы үшеуін өзеннен қалай өткізеді?
Шешімі
- Алдымен жолаушы ешкіні өзеннің ар жағына өткізеді.
- Кері қайтып, қасқырды алып өтеді де, ар жақта қасқырды қалдырып, ешкіні қайтадан бер жаққа әкеледі.
- Бер жақтан қырыққабатты алып өтіп, ар жақта қалдырады да, өзі кері қайтады.
- Соңында ешкіні қайтадан ар жаққа өткізеді.
Қысқа тапсырма: кім ұзын?
Айдын Асқардан ұзын, бірақ Жанаттан аласа. Кім ең ұзын?
Жауабы: Жанат — ең ұзын.
Ән: «Математика» (ән мотиві бойынша)
Төмендегі ән жолдарын қабыл алыңыздар:
Мектепке келдім, ұстазды көрдім,
Жазу, сызу мен санау үйрендім.
Сан мен өрнек, теңдеу мен бөлшек,
Сырына оның үңіліп көрсек.
Математика — бар ілімнің басы,
Математика — ғылымның патшасы.
Математика — өмір тірегі,
Математика — шәкірт жүрегі.
Сенсіз дүкенге бара алмаймыз,
Сенсіз үйлерді сала алмаймыз.
Сенсіз уақытты біле алмаймыз,
Сенсіз тарихты жаза алмаймыз.
Көрініс: Арифметикалық орта.