Әңгімеге тақырып қой
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Шарпекова Акмарал
Пән: Қазақ тілі • Сынып: 6-сынып
Сабақтың тақырыбы
Халықтың ғұмыры тілінде (Тіл мәдениеті)
Білімділік мақсаты
Оқушылардың сөз таптары бойынша алған білімдерін жүйелеу, сол білімнің практикалық рөлін терең таныту, сөз таптарының мәнін нақтылау және жыл бойы меңгерген білімдерінің нәтижелілігін көрсету.
Тәрбиелік мақсаты
Оқушыларға ана тілінің бай құдіреті мен қасиетін сезіндіру, тіл үйренудегі ізденістің қажеттілігін ұғындыру, «тілі байдың өзі бай» деген халықтық түсінік арқылы тілге деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты
Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйрету, ізденіс дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың сипаты
Сабақ түрі
Іздендіру сабағы
Әдіс-тәсілдер
- Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары: ой шақыру, топқа бөлу
- «Бес минуттық эссе» (ой толғаныс)
- 5 жолды өлең (Сэнкуэн)
Көрнекіліктер
Суреттер, маркерлер, графопроектор, кестемелер.
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды топқа бөлу
Геометриялық фигуралар таратылады. Сол фигуралар бойынша оқушылар үш топқа бөлінеді.
Ой шақыру
Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбына назар аударайық. Қазіргі сәттен бастап осы сөздің сыры өз қолдарыңда. Осы нақыл сөздің мағынасын кім ашып береді?
«Бес минуттық эссе» (ой толғаныс)
Үй тапсырмасы: «Халықтың ғұмыры — тілінде» тақырыбында эссе жазу.
Тіл байлығы — шешендердің сөзінде (топтық жұмыс)
- Мәтін беріледі: мәнерлеп оқу.
- Мазмұнын ашу, негізгі ойды анықтау.
- Сөз таптарын ажырату.
- Кодоскоп арқылы мақал-мәтелдерді көрсету және талдау.
Сурет бойынша әңгіме (топтық жұмыс)
I топ
Тірек сөздерді қатыстырып, сурет бойынша әңгіме жаз. Тақырып қой.
II топ
Берілген сурет бойынша әңгіме жаз. Тақырып қой.
Нақты талап: мазмұн тұтастығы, тіл тазалығы, логикалық байланыс.
III топ
Суретке зер салып, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық ойындары туралы әңгіме жаз. Тіл мен ой мәдениетіне назар аудар. Тақырып қой.
Көпмағыналы сөз арқылы сықақ өлең құрастыру (шығармашылық жұмыс)
I топ
«Ой» сөзін бірнеше мағынада қолданып, сықақ өлең жаз.
II топ
«Қой» сөзін бірнеше мағынада қолданып, сықақ өлең жаз.
III топ
«Алма» сөзін бірнеше мағынада қолданып, сықақ өлең жаз.
Орындары ауысқан мақал-мәтелдерді дұрыс құрастыру
Төмендегі бөліктерден мағыналы әрі дұрыс мақал-мәтелдерді құрастыр:
- Піл көтермегенді...
- Өнер алды -...
- Тіл -...
- Тіл тас жарады, ...
- Тіл...
- тиексіз
- қылыштан да өткір тас жармаса, бас жарар,
- қызыл тіл
- тіл көтереді
5 жолды өлең (Сэнкуэн): «Сөз таптары»
Нұсқау
- Бірінші жол: тақырыпты білдіретін сөз (зат есім).
- Екінші жол: тақырыпты сипаттайтын екі сөз (екі сын есім).
- Үшінші жол: іс-әрекетті білдіретін үш сөз (етістік).
- Төртінші жол: төрт сөзден тұратын мағыналы сөйлем.
- Бесінші жол: синоним.
Тапсырмалар
1) Өлеңдегі дала келбетін қара сөзбен бейнеле
Дала. Дала. Сар дала! Жапан түзде бір қараша Келем жалғыз, жаяумын... ... Созылып ұйықтап бел жатыр, Төсін керіп көл жатыр, Тыныш тәтті түс көріп Суға — айнаға қаранып, Салқынға леппен таранып, Қамыс та тұр тербеліп...
Тапсырма: өлеңдегі көріністі сақтай отырып, табиғат суретін қара сөзбен көркемдеп жаз.
2) Мақал мағынасы және диалог құрастыру
Мәтінді оқып, «Ананың сүті — бал, баланың тілі — бал» мақалын түсіндір. Егер кішкентай бауырың (немесе қарындасың/інің) болса, диалог арқылы шағын әңгіме құрастыр.
Сәуле: — Әпке, бүгін өте қызық түс көрдім, — деді Сәуле орнынан тұрып жатып. — Қызық болғанда, тіпті қызық! — Олай болса, айтып берші, тыңдайық? — Менен гөрі өзің жақсы білесің ғой, өзің айтшы. — Сенің көрген түсіңді мен қалай айтамын? — Сен де бірге жүріп едің ғой.
Рефлексия
- Бүгінгі сабақтан не алдыңдар?
- Нені білдіңдер?
- Сабақтың пайдасы болды ма?
- Құндылығы неде?
Үйге тапсырма
Шешендік сөздерден тіл үйренуге қатысты 1–2 нақыл сөзді жаттап келу.
Бағалау
Әр топтың спикері топ мүшелерінің жұмысын бағалайды: белсенділік, дәлелді жауап, тіл мәдениеті, шығармашылық және топтық ынтымақтастық ескеріледі.