Айгөлек балабақшасына 1 жылДархан

«Айгөлек» балабақшасына — 1 жыл: мерекелік кештің сценарийі

Көктөбе ауылында орналасқан сәні мен сәулеті жарасқан «Айгөлек» балабақшасының 70 бүлдіршінге есігін айқара ашқанына 1 жыл толуына арналған салтанатты іс-шараның мәтіні төменде редакцияланып, сауаттылығы түзетіліп, мазмұны жүйеленіп берілді.

Кіріспе

Дархан:

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!

Балнұр:

Біздің балабақшамызға қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:

Бүгін Көктөбе жерінде балдырғандардың, осы бөбектер бақшасының үлкен мейрамы. Елбасы тапсырмасымен жүзеге асқан «Балапан» бағдарламасының мақсатына сай, сәні мен сәулеті жарасқан, көз сүйсініп, көңіл қуанатын «Айгөлек» балабақшасының бой көтеріп, 70 бүлдіршінге есігін айқара ашқанына 1 жыл толып отыр.

Нөмір: «Айгөлек» хоры.

2-жүргізуші:

Тек жүректен шыққан сөзіңізбен, жақсылықтан жаралған жүрегіңізбен бүлдіршіндерге тілек айтыңыз. Игілікті бастаманың көшбасшысы, жаңалықтың жаршысы, жақсылықты бастаушы — Май ауданы әкімінің орынбасары Нұргүл Ғазизовнаға сөз береміз.

Балалардың тақпақтары

Бүлдіршіндеріміздің шат күлкісі көңілді тербеп, кішкентай жүректер лүпіл қағады. Ендеше, балабақша тәрбиеленушілеріне сөз берейік.

Нұрболсын:

Біздің топта ұл-қыздар
Тату-тәтті тұрады.
Әлемдегі бар адамға
Тек жақсылық ойлаймыз.

Алина:

Бала-бала баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз.

Темірлан:

Жарқын жүзді апайлар
Сендей болса бар адам,
Сендей болса балалар —
Шаттық кетпес баладан.

Дархан:

Балабақшам — ажарлы үй,
Ауылдағы ажарлы үй.
Күлкісі бар, шуақты —
Өз үйіміз сияқты.

Балнұр:

Сәлем саған, балабақшам,
Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие
Ой-санама еккенің.

Айша:

Тағы, тағы, тағы да
Балабақша көбейсін.
Анамыздың бағына
Бәрі де бар дерсің.

Құттықтаулар мен концерттік нөмірлер

2-жүргізуші:

Кезекті құттықтау сөзін Май ауданы мәслихатының хатшысы Арынов Ғибадат Тұрсынұлына береміз.

Нөмір:

«Шығыс биі».

1-жүргізуші:

Ортаға Май ауданының білім бөлімінің меңгерушісі Тұрсын Қапшақарқызын шақырамыз.

Нөмір:

«Бүгін туған күніміз» әні.

1-жүргізуші:

Бақшамыз қуанышқа тола берсін, сіздей қамқоршылар көбейе берсін! Жаңа балабақша — жаңа өмір сыйлай берсін! Алғысымыз бақыт болып қона берсін!

Келесі құттықтау тілегін Бақыт Жұмабаевнаға, Фирая Шәкіртқызына, Гүлнар Еркебайқызына және ауыл депутаттарына ұсынамыз.

Нөмір:

«Қазақ биі».

1-жүргізуші:

Жүздеріңізден шаттық арайын көремін. Сол шаттық әр күніңізге, әр айыңызға серік болсын! Мерекелеріңіз құтты болсын, ата-ана, ағайын!

Сөз кезегі ата-аналарға беріледі.

Нөмір:

«Қошақаным» әні.

Қонақтарды таныстыру және алғыс

1-жүргізуші:

Балабақшамыз — көз сүйсінетін әсем ғимарат. Іші бүгінгі заман талабына сай безендірілген, жаңа үлгідегі жиһаздармен жабдықталған. Сыртқы келбеті де айналамен үйлесім тапқан.

Бүгінгі салтанатқа ауданымыздың ұйым басшылары мен балабақша меңгерушілері келіп отыр. Оларды ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші:

Жаңа өмірдің жемісін теріңіздер,
Балалардың жақсылығын көріңіздер.
Рақмет сіздерге, жаны жомарт демеушілер,
Ұмытпай жиі-жиі келіңіздер!

Келесі тілекті Тәшенова Сара мен Тілеубеков Серікке ұсынамыз.

Нөмір: Хор.

Қорытынды

1-жүргізуші:

Балабақша мен кішкентай бөбектердің жүрегіне жол табатын алтын, сиқырлы кілттің иесі — «Айгөлек» балабақшасының меңгерушісі Ғалимова Б. Н.-ді ортаға шақырамыз.