Әңгіме мазмұнын айту

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пән

Ана тілі

Тақырып

«Ағаштар неге ашуланды?»

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, түсіндіру

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Көрнекіліктер

  • Мультимедиа
  • Б. Соқпақбаевтың суреті
  • Сызба
  • Мақал-мәтелдер
  • Тыйым сөздер

Сабақтың мақсаттары

1) Білімдік мақсат

  • Мәтін мазмұны және Б. Соқпақбаевтың шығармашылығы арқылы негізгі ойды, идеяны ұғындыру.
  • Ағаштар туралы білімді кеңейту.
  • Мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру және белсенді, ынталы оқуға үйрету.

2) Дамытушылық мақсат

  • Байланыстырып, жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту.
  • Шығармашылық және танымдық қабілеттерін жетілдіру.

3) Тәрбиелік мақсат

  • Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
  • Ұйымшылдыққа, бірлікке баулу.
  • Жақсылыққа үйретіп, жамандықтан жирендіру.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық:

Біз қандаймыз, қандаймыз,
Күлімдеген күндейміз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Еш уайымды білмейміз.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Тақырып: «Компас»

Тапсырмалар

  1. Әңгіменің мазмұнын айту.
  2. Сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар

  • Компас деген не?
  • Қанатқа әкесі не сыйлады?
  • Компасқа қатты қызыққан кім?
  • Балалар қайда барды?
  • Бодан компасты не істеді?
  • Боданның қылығын қалай бағалайсың?
  • Оның орнында болсаң, сен не істер едің?

Оқушылар өз ойларын ортаға салып, жауаптарын дәлелдейді. Соңында бағалау жүргізіледі.

III. Қызығушылықты ояту

Ребус

Ребусты шешу арқылы жаңа тақырыпқа шығу: «Ағаш».

Ой ашар (ассоциация әдісі)

  • Ағаштар туралы не білеміз?
  • Ағаштардың қандай пайдасы бар?
  • Ағаштар адамға не үшін ашулануы мүмкін?

Бүгін біз Бердібек Соқпақбаевтың «Ағаштар неге ашуланды?» әңгімесімен танысамыз.

IV. Жаңа сабақ

Сергіту жаттығуы

1, 2, 3 — бойға жинап күш,
Жалқаулықты тастаймыз,
Жаңадан сабақ бастаймыз.

Автор туралы

Бердібек Соқпақбаев (1924) — Алматы облысы, Нарынқол ауданында дүниеге келген. 1949 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген.

«Жұлдыз», «Балдырған» журналдарының редакцияларында, сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағының аппаратында қызмет атқарған. Ол — балалар әдебиетінің көрнекті жазушысы.

1951 жылы алғашқы еңбектерінің бірі — «Он алты жасар чемпион» жарық көрді. «Менің атым Қожа», «Жексен», «Жекпе-жек» кітаптарын балалар сүйіп оқиды.

1963 жылы «Менің атым Қожа» кітабы бойынша фильм түсіріліп, халықаралық фестивальде арнаулы сыйлыққа ие болды.

Оқулықпен жұмыс

  1. Мәтінді мұғалім мәнерлеп оқиды, мазмұнын қысқаша түсіндіреді.
  2. 1–2 оқушы мәтінді мәнерлеп оқиды.
  3. Мәтін тізбектей оқылады.

Ой қозғау (талқылау сұрақтары)

  • Алмабектің жіберген қателігі неде?
  • Ағаштар Алмабекті қалай жазалады?
  • Алмабек өз қателігін қалай түзеді?
  • Егер Алмабек ағаштардан кешірім сұрамағанда, не болар еді?
  • Кәрі еменнің сөзін мәтіннен тауып оқы. Ол туралы қандай ой айтасың?

V. Жазылым және бекіту

Сергіту сәті

Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Жалқаулықты тастайық,
Көркем етіп жазайық.

Тапсырма

Мәтіндегі ағаштардың Алмабекке қойған кінәсін үлгілік кесте бойынша жаз.

(Кесте үлгісін мұғалім тақтаға/слайдқа ұсынады.)

Назар аударатын ой

Табиғатқа жасалған әрбір қателік — өзімізге қайтып келетін жауапкершілік. Мәтіннің идеясы — ағашты да, айналаны да аялау.