Жусан мәтінін оқыту
Сабақ туралы мәлімет
Өтетін орны
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Еңбек ауылы
Еңбек негізгі мектебі
Пән, сынып
Сауат ашу, 1-сынып
Ашық сабақ
Мұғалім
Жонысова Бибігүл Ғизатқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Тақырып
Ж дыбысы мен әрпі
Мақсаты
Білімдік
Ж дыбысын және әрпін таныту, осы дыбыс қатысқан сөздерді оқуға және жазуға үйрету.
Дамытушылық
Ж дыбысына қатысты жаңа сөздер арқылы оқушылардың білімін, сөздік қорын және тілін дамыту; оқу техникасын жетілдіру.
Тәрбиелік
Спортты сүюге, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
Сабақтың сипаттамасы
Түрі
Жаңа сабақ
Әдістері
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Суретпен жұмыс
- Есте сақтау диктанты
Көрнекіліктер
- Суреттер
- Кеспе әріптер
- Ж әрпінің жазба түрі
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
1-кезеңОқушылардың назарын сабаққа аудару және психологиялық дайындық жасау. «Шаттық шеңберін» құрып, әр бала жүректен шыққан жылы лебізін айтады:
- Мен денсаулық тілеймін.
- Мен сәттілік тілеймін.
- Мен бейбітшілік тілеймін.
- Мен бақыт тілеймін.
- Мен Отанымды сүйемін.
- Қазақстаным гүлдей бер!
Мақсат қою және әңгімелесу
Бүгін сабағымызға ұстаздар қонаққа келді. Қазақ халқы — қонақжай халық, сондықтан қонағымызға төрден орын беріп, құрмет көрсетеміз.
Құрмет көрсету — партада әдемі, түзу отыру, сабаққа белсенді қатысу және сұрақтарға дұрыс жауап беру.
- Қазір жылдың қай мезгілі? (Күз. Қазан айы.)
- Атаулы күндер: 3 қазан — Ұстаздар күні, 22 қыркүйек — Тілдер күні.
- Отанымыз қалай аталады? (Қазақстан Республикасы.)
- Қазақстан Республикасының рәміздері: Әнұран, Елтаңба, Ту.
Қазақ тілі — мемлекеттік тіл. Әр азамат қазақ тілінде сөйлеп, тілімізді құрметтеуді борышым деп біледі.
II. Өткен сабақты қайталау
69-бетБуынға бөліп оқу
Жол-ба-рыс (3 буын), жа-пы-рақ (3 буын). Ж — дауыссыз дыбыс.
Буындық тіркестер
жа-ға, жа-лау, жо-та, жан-тақ, жу-ан, жа-са, жа-сау, жу-а, жу-сан, жу-ас
«Жусан» мәтіні
- Далада жусан бар. (3 сөз)
- Жусанға мал жақсы жайылады. (4 сөз)
- Жарас малды жусанға жайды. (4 сөз)
- Мал тойынды. (2 сөз)
Сөздерді буынға бөлу
2 буынды
ол-жас, жыл-қы, шыр-ша, жам-был
3 буынды
қу-ыр-шақ, жа-па-лақ, қар-лы-ғаш, жар-ға-нат
Жазу үлгілері мен әліппе дәптерлері тексеріліп, ауызша мадақтау жасалады.
III. Жаңа сабақ: Ж дыбысы және әрпі
70-бетНегізгі түсінік
Ж — дауыссыз дыбыс. Айтылғанда еркін шықпайды, кедергіге ұшырайды.
Суретпен жұмыс және сөздік қор
Ж дыбысына байланысты сөздерді оқыту, суреттер арқылы мағынасын ашу. «Ти» тізбегі арқылы жақсы мен жаманды ажырату, тыйым сөздерді еске түсіру.
Жұмбақ
Бос жер қалмай аспаннан,
Түнде шашып тасталған.
Моншақтың аты?
Қай әріптен басталған?
Жауабы: жұлдыз
IV. Оқулықпен жұмыс
70–71-беттер70-бет: баған сөздер
Суретпен жұмыс: сұрақ-жауап
- Суретте кімдер? (Балалар.)
- Балалар не істеді? (Жарысқа қатысты.)
- Жарыс қай кезде өтеді?
- Ат жарысын көрдіңдер ме?
«Жарыс» мәтіні
Ауылда ат жарысы болды.
Жарысқа Жомарт, Жақан, Олжас барды.
Олар тай жарысына қатысты.
Жомарт сыйлық алды.
71-бет: баған сөздер
«Ти» тізбегі: жақсы және жаман
Жақсы
- Талды суару, күту, баптау
- Құсқа ұя жасау
Жаман
- Талды сындыру
- Зәбір көрсету
- Құсты ату
Тыйым сөздер мен әдеп
Мектепте, үйде және көшеде әдепті болу ережелерін еске түсіру. Үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, табиғатты қорғау туралы тыйым сөздерді қайталау.
V. Сергіту сәті
қимыл-қозғалысБір, екі, үш, бір, екі, үш,
Бұлшық етте күш.
Мен ұшамын кептерше,
Еңкейемін қолым жерге жеткенше.
VI. Есте сақтау диктанты
жазылымОтан, бала, тал, шар, алма, жусан, айран, Марат, шағала, мата.
VII. Жаңа білімді бекіту
қайталауСұрақ: Ж қандай дыбыс? (Дауыссыз дыбыс.)
Өлеңнен Ж әрпі бар сөздерді тап
Жағажай, жағажайда
Қамажай.
Жағажайды жағалай
Жүгіреді Қамажай.
VIII. Үй тапсырмасы
үй жұмысы- Әліппе: 70–71-беттердегі баған сөздерді оқу.
- «Жарыс» мәтінін оқу және мәтіннің неше сөйлемнен тұратынын анықтау.
- Әліппе дәптерімен жұмыс.
IX. Қорытынды және мадақтау
қорытындыАна тілің — арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.