Әуенін тыңдау

Сабақтың мақсаты

Махамбет Өтемісұлының шығармашылығын таныту: термешілік дәстүрі мен ақындық өнерінің ерекшеліктерін меңгерту, термені тыңдату арқылы орындалу мәнерін ажырату, жаңа әнді әуені мен динамикасына сай үйрету, нота сауатын қалыптастыру.

Тыңдаушылық және орындаушылық дағдыларды, сондай-ақ ойлау қабілетін дамыту.

Қазақ музыкасын құрметтейтін, халқымыздың асыл мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдістері

Ойын, сұрақ-жауап

Көрнекілігі

Домбыра, баян, ақынның суреті, магнитофон

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

«Не жаман» халық термесін тыңдау.

  • Бұл қандай ән жанрына жатады?
  • Терме не туралы айтады?
  • Адам бойындағы қандай қасиеттер сөз болады?
  • Орындау мәнері қандай?

2) Үй тапсырмасын тексеру

«Жұмбақ ноталар» ойыны арқылы өткен сабақты қайталау және пысықтау. Әр нотаның астында сұрақ берілген. Дұрыс жауаптар арқылы жұмбақтың шешімі шығады.

До

Терме дегеніміз не?

Ре

Бұқар жырау туралы не білесің?

Ми

Бұқар жыраудың термесінен үзінді орында.

Фа

«Не жаман?» тақырыбындағы өз шығармаңды оқы.

Соль

Бұқар жыраудың термесі несімен ұнады?

Ля

«Не жақсы?» тақырыбындағы өз шығармаңды орында.

Си

Термені қандай аспаппен орындайды?

До

Термеші деп кімді айтады?

Сұрақтардың жауабын тапқан соң, «сиқырлы сурет» ашылады.

Нәтиже

Бұл — Махамбет Өтемісұлының суреті.

3) Жаңа сабақ

Бүгінгі сабақ тақырыбы: «Жалынды ақын — Махамбет». Үнтаспадан Махамбеттің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет тыңдалады.

Махамбет Өтемісұлы 1804 жылы Орал облысының Орда ауданында дүниеге келген. Оның өлеңдері мен күйлері күрес пен тартыс үстінде туған.

Өлеңдері шешендік толғау үлгісінде жазылғандықтан, көп жағдайда терме мақамына салынып орындалған. Махамбеттің термелері халықты бостандық үшін күреске, тәуелсіздік пен еркіндікке үндейтін үгіт-насихат сипатындағы туындыларға жатады.

Ол — сауатты, көкірегі ояу, көрген-білгені мол ақын, композитор, күйші, үлкен өнер иесі.

4) Музыка тыңдау

Домбырамен Махамбеттің «Баймағанбет сұлтанға айтқаны» толғауынан үзінді орындалады.

Талқылау сұрақтары

  • Бұл толғауда не туралы айтылады?
  • Әуеннің құрылымы мен орындалу сипаты қандай?

Негізгі ой

Бұл шығармада ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі, елдің мұңын мұңдап, жарлы-жақыбай, жетім-жесірдің қамы үшін басын бәйгеге тіккен ақылды да байсалды тұлғаның кемеңгер бейнесі көрінеді.

Негізгі әуен жылдам әрі жігерлі орындалып, бірнеше рет қайталанады.

5) Сергіту сәті

Бейнетаспадан батырлардың жаттығуларын қарап, қимылдарды бірге қайталау.

6) Ой шабуылы

Сұрақ: «Егер сен батыр болсаң, не істер едің?»

Ықтимал жауап

Елді, Отанды жаудан қорғар едік.

7) Ән үйрену

К. Дүйсекеевтің «Солдат болам мен ертең» әнін үйрену.

  1. 1 Ән неше шумақтан тұрады?
  2. 2 Ән мәтінін хормен оқу.
  3. 3 Әуенін тыңдау.
  4. 4 Әуенімен қосылып орындау (динамика мен ырғақты сақтай отырып).

8) Бекіту

Венн диаграммасы арқылы Базар жырау мен Махамбеттің ортақ және айырмашылық белгілерін салыстыру.

Базар жырау

  • Жырау
  • Баянауыл
  • Термеші

Ортақ қасиеттері

ақын ақылшы шешен термеші

Махамбет

  • Күйші
  • Күрескер
  • Ұстаз
  • Орал өңірі

9) Үй тапсырмасы

  • М. Өтемісұлының бір өлеңін түсініп оқу.
  • «Солдат болам мен ертең» әнін жаттап келу.

10) Қорытынды

Ситуациялық сұрақ: «Ақынмен кездессең, не туралы әңгімелесер едің?»

11) Бағалау

Оқушылардың белсенділігі, сұрақтарға жауап беруі, тыңдау және орындау дағдылары ескеріле отырып бағаланады.