Ағаш тамырынан
Пәнаралық байланыс
Өзін-өзі тану, ана тілі, бейнелеу өнері.
Проблемалық сұрақ
Өсімдікке сабақ не үшін қажет?
Сабақтың мақсаты
- Оқушылардың сабақ және оның қызметі туралы ұғымын қалыптастыру, сабақтың түрлерімен таныстыру.
- Білімге деген белсенділікті арттыру; мәтінмен жұмыс істеуге, жорамал жасай білуге үйрету.
- Табиғатқа ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру және ресурстар
Жұмыс түрлері
Жұппен жұмыс, талдау–жинақтау, әңгімелесу, бақылау.
Қажетті құралдар
- 1 литрлік 3 шыны ыдыс
- 3 гүл
- 3 түсті бояу
- Су, қайшы
Сабақтың барысы
Психологиялық дайындық
Балалар, ортаға шығып, бір-біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Бұл — шаттық шеңбері. Мұнда әркім тек жақсы тілек айтады.
Жұмсақ ойыншық жүрек арқылы ой: әрқайсымыздың жүрегіміз бар. Адам жүрегінің мөлшері шамамен жұдырықтай. Қуансақ — жүрегіміз қуанып, күлімдейді; ренжісек — жабырқайды. Бар жақсылық пен қуаныш жүректен тарайды. «Сүйіспеншілік — жүректен» деген даналық осыдан шыққан.
«Күн мен гүл» тренингі: Күн — Жердегі ең басты табиғи жылу көзі.
Ойланып көрейік, жауабын берейік
«Өсімдік тіршілігі» тарауы бойынша алған білімді еске түсіріп, ой-пікірімізді ортаға саламыз.
1) Өсімдікті неге тірі организм дейміз?
- Тірі организм өседі, дамиды, өледі: өсімдік тұқымнан өсіп, өскен сайын өзгеріп отырады.
- Күннің жарығы мен жылуын пайдаланады: күн сәулесі арқылы қоректік зат түзіледі.
- Көбейеді: өсімдіктер ұрпақ қалдырады.
- Жасушалардан тұрады: оны микроскоп арқылы көруге болады (микроскоп — жай көзге көрінбейтін заттарды үлкейтіп көрсететін құрал).
- Қоршаған ортаға бейімделеді: мысалы, күзде қурайды, ағаштар жапырағын түсіреді.
Тіршілік үшін қажет жағдайлар: ауа, жылу, жарық, су, қорек.
2) Қандай өсімдік топтарын білеміз?
Мысал келтіру (мысалы: «Арша — ағаштың анасы»).
«Біліміңді сына» (жұптық жұмыс)
Ағаштарды — қызыл, бұталарды — көк, шөптектес өсімдіктерді — жасыл қарындашпен айналдырып сыз.
3) Тұқымнан өсімдік қалай өседі?
Бақылау мен тәжірибе қорытындысы бойынша: алдымен тамыр, кейін сабақ, жапырақ, гүл, соңында жеміс пайда болады.
Гүл мен жемістің байланысы
Гүл сабақта жетіледі. Өсімдік өскен сайын гүл түбі түйінделеді — бұл гүл түйіні. Ол үлкейгенде күлтелері солып түсіп, түйіннен жеміс жетіледі.
Тұқым және «дән»
Жемістің ішінде тұқым болады. Бидай, арпа, жүгері, сұлы сияқты егістік дақылдарының тұқымы дән деп аталады. Көп өсімдіктердің жемісі 2–3 айда піседі.
4) Өсімдікке тамыр не үшін қажет?
Тамыр өсімдікті топыраққа бекітеді, су мен қоректік заттарды сіңіруге көмектеседі.
Сергіту сәті
«Ғажайыпстанға саяхат» сергіту жаттығулары.
Жаңа материал
1) Қызығушылықты ояту: құрастыру ойыны
- Өсімдіктің жер асты бөлігі қандай?
- Тамырға бекіген, жер бетіндегі бөлігі қалай аталады?
- Сабақта өсімдіктің қандай бөліктері орналасады?
2) Мағынаны тану
Сабақ — өсімдіктің жер бетіндегі бөлігі. Сабақта өсімдіктің басқа бөліктері орналасады: бұтақ, жапырақ, гүл, жеміс, тұқым.
Сабақтың түрлері (мысалдар)
- Таңқурай, қарақат — сабағы тік.
- Құлпынай — жерге төселіп өседі.
- Ағаштар — сабағы қатты, тік; дің деп аталады.
- Кейбір сабақ қатты, ал кейбірі жұмсақ әрі иілгіш болады.
Сен білесің бе?
Сабақтың белгілі бір бөліктерінде буындар болады. Жапырақ, бүршік, бұтақ осы буында пайда болады. Ал буындардың арасындағы аралық буынаралық деп аталады.
3) Тәжірибе жұмысы: сабақ қандай қызмет атқарады?
Мақсат: қоректік заттардың тамырдан сабақ арқылы өсімдіктің басқа бөліктеріне тарайтынын дәлелдеу.
Қажетті заттар
- 3 шыны ыдыс
- 3 ақ гүл
- 3 түрлі бояу
- Су, қайшы
Жұмыс барысы
- Ыдыстарды сумен толтыр.
- Әр ыдысқа бояу қосып, араластыр.
- Гүл сабақтарын тегістеп қи.
- Гүлдерді әр ыдысқа сал.
Күтілетін қорытынды: боялған су сабақ арқылы жоғары көтеріліп, гүлдің күлтелеріне өтеді. Демек, қоректік заттар тамырдан сабақ арқылы өсімдіктің басқа бөліктеріне жеткізіледі.
Жұптық жұмыс және бекіту
Құмырадағы гүлдерді бояп, бақылау нәтижесі бойынша қорытынды жасаймыз.
Мақал-мәтелдермен жұмыс
- Ағаш — ..., адам көркі — жапырақ.
- Жаңбыр бір жауады, ағаш — .......
- Жас ағашқа сүйеніп, ...... күнелтер.
- Ағаш тамырынан ... ішер.
- Сабағы жаман жемістің, дәні де ....
- Тікен өскен жерге тікенек шығады, гүл өскен жерге ....
Қорытынды және рефлексия
- Бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Сабақта не қызықтырды?
- Сұрағың бар ма?
Көрсетілім
«Өсімдіктер әлемі» деректі фильмі.
Табиғатты аялау туралы ой
Өсімдіктер әлемі — таусылмайтын қазына. Нулы, сулы болмаса қоныс әсем бола ма? Орманы мен тауы болмаса жер көрікті бола ма? Тоғайы қалың болмаса өзен сәнді бола ма? Жайқалмаса жапырақ — талдың көркі бола ма? Көк шалғыны болмаса өлкенің ажары бола ма? Тобылғылы болмаса сайдың көркі бола ма?
Осының бәрі табиғаттың таңғажайып көркі — өсімдік екенін айқындай түседі. Туған жердің табиғатын аялы алақанмен аялау, оған қамқорлық жасау — халықтық өнеге әрі өшпес мұра.