Құрметті аяулы, ардақты аналар

Автор туралы

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №5 ОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі: Ескалиева Гүлзира Қонысқызы.

Тақырыбы

Менің анашым

Мақсаты

  • Балаларды аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке және сый-құрметке тәрбиелеу.
  • Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, тіл байлығын және ойлау қабілетін дамыту.
  • Оқушыларға ата-ана алдындағы парыз бен жауапкершілік туралы түсінік беру.

Көрнекілігі

  • Тәрбие сағаты өтетін бөлмені мерекеге лайық безендіру.
  • «Ана — өмір себуші» тақырыбындағы буклеттер.
  • Қанатты сөздер мен нақылдарды қабырғаға іліп қою.
«Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада».
Нақыл сөз
«Анаңды Меккеге арқалап барсаң да, қарызынан құтыла алмайсың».
Нақыл сөз

Сабақтың барысы

  1. 1 Ұйымдастыру кезеңі.
  2. 2 Психологиялық кезең.

Жүргізуші сөзі

Құрметті ұстаздар, қыздар! Сіздерді келе жатқан 8-наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілеймін.

Өмірдің көркі — көктем айы. Ол мейірім шуағын төгіп, қуанышын қоса ала келеді. Осы айда адамзат баласы үш әріптен тұратын ұлы есім — Ана алдында бас иеді. Аналарымыздың дәстүрлі мерекесі де — 8-наурыз күні.

Бұл күні төрткүл дүниедегі ең қадірлі жандар — аналар мен қыз-келіншектерге ерекше құрмет көрсетіліп, шын ықылас танытылып, сыйлықтар табысталады.

Құрметті аяулы, ардақты аналар! Өміріміздің гүлі, қуанышы — сіздер. Бар әлемге шуақ мейірім төккен көктем айы сіздер үшін аса қымбат.

Әйел — шаңырақтың ұйытқысы, ырыс-берекенің алтын діңгегі. Сонау заманнан бері ер-азаматқа тірек болып, жігер берген аналарымыз қаншама!

«Арулар — асыл жандар, ардақтылар,
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.
Арулар — тіршілікке күретамыр,
Өмірді бір-біріне жалғап тұрар».
Мұқағали Мақатаев (өлең жолдары)

Олай болса, бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен аналарымыздың мерекесі құтты болсын!

«Әлемнің жарығын сыйладың сен маған…»

1 «Г» сыныбы әзірлеген ертеңгілікті тамашалауға рұқсат етіңіздер.

Оқушылардың тақпақтары

1-оқушы

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген — бәйтерегі өмірдің,
Ана деген — алтын қазық, алтын бақ.
Ана деген — асыл жан, бұлақтай,
Уа, адамдар, қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл-ойды тоңатпай.

2-оқушы

Ана десем, сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін,
Орнар еді бар әлемге тыныштық.

3-оқушы

Анамның саясында ер жеттім мен,
Аялы ақ бесікте тербетілген.
Анамдай ақ ниетті абзал жанды
Таппаспын айналсам да жер бетінен.

4-оқушы

Аялаған, баптаған,
Асыраған, сақтаған.
Сақтандырып күнде еппен,
Айтып, бәрін үйреткен.
Анамызға мың алғыс!

5-оқушы

Әженің біз — күніміз,
Ананың біз — гүліміз.
Құттықтаймыз мейраммен,
Ұзақ өмір сүріңіз!

6-оқушы

Жанымызды жайнатқан —
Сіздерсіздер, аналар!
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз, балалар!

7-оқушы

Үлкен-кіші әркімде
Әже де бар, ана бар.
Аналарды әр күнде
Қуантса екен балалар.

8-оқушы

Әлпештеген баласын —
Ана — бақыт, ана — күн.
Әркім сүйіп өз анасын,
Мақтан етер әркім.

Ескерту

Толық нұсқасын жүктеу бөлімі бастапқы мәтінде көрсетілгенімен, сілтеме берілмеген.