Жарқын болашақ білімді ұрпақтың қолында

Сайыс сабағы: «Сөз мерген»

Бұл сабақ — оқушылардың осы уақытқа дейін алған білімін тексеріп, ой-өрісін жан-жақты дамытуды мақсат ететін зияткерлік сайыс. Негізгі бағыт — ана тілін қадірлеуге баулу, бабалардан қалған өнегелі сөздерді түсіндіру, сол арқылы үлгі-өнеге алу. Сонымен қатар пәндер бойынша білімді тиянақтап, шапшаңдық пен жинақтылықты қалыптастыруға ықпал етеді.

Түрі

Сайыс сабақ

Әдісі

Ой қозғау, сұрақ-жауап

Көрнекілігі

Топ атаулары, суреттер, интерактивті тақта

Ұйымдастыру кезеңі

Армысыздар, құрметті оқушылар мен қонақтар! Қазақстанның болашағы — білімді ұрпақтың қолында. Ендеше «Сөз мерген» атты ақыл-ой сайысымызды бастайық.

Сабақ барысындағы қадамдар

  1. Оқушыларды топқа бөлу
  2. Топ басшыларын сайлау
  3. Қазылар алқасын бекіту
  4. Жеребе тастап, сайысты бастайтын топты анықтау

Топтар және ұрандар

1-топ: «Болашақ»

Ұраны: Жарқын болашақ — білімді ұрпақтың қолында.

2-топ: «Бірлік»

Ұраны: Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады.

3-топ: «Татулық»

Ұраны: Татулығымыз жарасқан, тату-тәтті елміз.

Келіңдер, келіңдер! Біріңе-бірің еріңдер. Білімді тексеріп, ойынға қатысып көріңдер. Бүгін біз осы күнге дейінгі алған білімімізді өлеңмен, мақал-мәтелмен өрнектеп, өнеріміз бен білімімізді ортаға саламыз.

Бәйгеге түсіп жарыспай, жүйріктің бағы жана ма?
Тәрбие, тәлім табар мән — бұл бәйге ойдың бәйгесі.
Кім жүйрік ойға — сол алда.

Сайыс жоспары

1-кезең

Зымыран сұрақтар

2-кезең

«Тапқыр болсаң, тауып көр!»

3-кезең

«Ойлы болсаң, озып көр!»

4-кезең

«Кім жүйрік?»

5-кезең

«Сөз ойла, тез ойла!»

1-кезең: Зымыран сұрақтар

Әр топқа қысқа әрі нақты сұрақтар қойылады. Мақсат — білімді жылдам еске түсіріп, дұрыс жауап беру.

1-топ: «Болашақ»

  1. Сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, естілетін тілдік құбылыс қалай аталады? (Дыбыс)
  2. Мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні қалай аталады? (Тақырып)
  3. Қазақстан халқының екі миллионнан астамы аштықтан қырылды. Бұл қай жылдары болды? (1930–1932)
  4. Қосымшаның неше түрі бар? (2 түрі)
  5. Сөз таптарын ата. (Зат есім, етістік, сын есім, сан есім)
  6. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы кім? (Ы. Алтынсарин)
  7. Жылдың төрт мезгіліне арнап өлең жазған кім? (Абай)
  8. «Сәулелі жұлдыз іздеген адам» кім? (Ы. Алтынсарин)
  9. Жылдан құр қалған жануар? (Түйе)
  10. Басты байлық не? (Денсаулық)

2-топ: «Бірлік»

  1. Абайдың әжесі кім? (Зере)
  2. Жырды орындаушы қалай аталады? (Жыршы)
  3. Қаратпа сөз дегеніміз не? (Біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөз)
  4. Автордың айтқысы келген басты пікірі қалай аталады? (Мәтіндегі негізгі ой)
  5. Әріптердің жүйелі тізбегі қалай аталады? (Әліпби)
  6. Сын есім дегеніміз не? (Заттың түрін, түсін, сынын, сапасын, көлемін білдіретін сөз табы)
  7. Абылай ханның шын аты кім? (Әбілмансұр)
  8. Қарды оңды-солды ұшырған қатты боран қалай аталады? (Ақтүтек)
  9. Қазақтың киелі саны. (7)
  10. Қазақ тілінде буынның неше түрі бар? (3: ашық, тұйық, бітеу)

3-топ: «Татулық»

  1. Мәтіннің неше түрі бар? (3 түрі)
  2. 1925 жылы Парижде өткен дүниежүзілік байқауда ән салған қазақ әншісі кім? (Әміре Қашаубаев)
  3. Сөздің өзгермейтін мағыналы бөлігі қалай аталады? (Түбір)
  4. «Достық өлкесінің заңы» қандай шығарма, авторы кім? (Өлең, М. Шаханов)
  5. Қазақ хандығының неше жылдығы тойланды? (550 жылдығы)
  6. Сан есім дегеніміз не? (Заттың санын білдіретін сөз табы)
  7. Қорғансыз, панасыз, есеңгіреген халық. (Шұбырынды)
  8. Сөйлем мүшесі бола алмайтын сөз. (Қаратпа сөз)
  9. 1941–1945 жылдары қандай оқиға болды? (Ұлы Отан соғысы)
  10. Мемлекеттің өз азаматтарына қолданатын қатаң жазалау шарасы. (Қуғын-сүргін)

2-кезең: «Тапқыр болсаң, тауып көр!»

Бұл кезеңде мақал-мәтелдердің жалғасын дұрыс табу керек.

1-топ: «Болашақ»

  • Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығады.
  • Әдептілік белгісі — иіліп сәлем бергені.
  • Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер.

2-топ: «Бірлік»

  • Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіріп айтар.
  • Батыр туса — ел ырысы, жаңбыр жауса — жер ырысы.
  • Адам көркі — шүберек, ағаш көркі — жапырақ.

3-топ: «Татулық»

  • Қарт кісіні қадірле, өзің де қарт боларсың.
  • Өзін-өзі мақтаған — өліммен тең.
  • Диқаншы жерін мақтайды, балықшы көлін мақтайды.

3-кезең: «Ойлы болсаң, озып көр!»

Қойылған сұрақтарға мақал-мәтелмен жауап беру ұсынылады. Бұл кезең логикалық ойлау мен тілдік қорды қатар тексереді.

1-топ: «Болашақ»

  1. Қар жана ма?
  2. Инемен құдық қазуға бола ма?
  3. Тастың жеңілі бола ма?
  4. Елу құлағы бар кім?
  5. Қартаймайтын не, ортаймайтын не?

2-топ: «Бірлік»

  1. Білетінің қанша, білмейтінің қанша?
  2. Оттан да ыстық болып тұрған не?
  3. Адам денесіндегі «қорқақ» және «батыр» мүшелер.
  4. «Көрдім», «көрмедім» деген сөздер неше сөз бола алады?
  5. Жаман атты, жаман жолдасты немен алмастыруға болады?

3-топ: «Татулық»

  1. Бір рет өлуге де болады, мың рет өлуге де болады.
  2. Отқа түсіп, күймеуге бола ма?
  3. Қарныңды қалай тойғызар едің?
  4. Намыстан да, қамыстан да ажал тапқандар.
  5. Өрге шыға алмайтын қандай сөз?

4-кезең: «Кім жүйрік?»

Шарты: берілген сөз тіркесін мүмкіндігінше бір сөзбен айту.

1-топ: «Болашақ»

  • Төбе шашы тік тұрды. (Қорықты)
  • Көз ұшында көрінеді. (Алыста)
  • Қолды болды. (Ұрланды)
  • Жүрек жұтқан. (Батыр)
  • Қоян жүрек. (Қорқақ)
  • Көзі ілінбеді. (Ұйықтамады)

2-топ: «Бірлік»

  • Көзге түртсе көргісіз. (Қараңғы)
  • Бетінен оты шықты. (Ұялды)
  • Араларынан қыл өтпейді. (Достар)
  • Күлін көкке ұшыру. (Құрту)
  • Жүрек жалғап алды. (Тамақтанды)
  • Көз шырымын алу. (Ұйықтау)

3-топ: «Татулық»

  • Ит терісін басына қаптады. (Ұрысты)
  • Ат ізін бір салмады. (Іздеп келмеді)
  • Су тегін. (Арзан)
  • Тісіңнен шығармау. (Айтпау)
  • Ешкімнен ештеңесін аямайды. (Жомарт, мырза)
  • Ала жіпті аттама. (Ұрлама)

5-кезең: «Сөз ойла, тез ойла!»

Шарты

Ұяшықтарды таңдап, шыққан әріптен басталатын сөздермен сөйлем құрау. Әр топ екі ұяшықтан таңдайды.

Топтар

  • 1-топ «Болашақ»
  • 2-топ «Бірлік»
  • 3-топ «Татулық»

Қорытынды

Қазылар орнықтырар әділдікті, кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!

Осы сөздермен сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.

Автор туралы

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Тұрғызба ауылы, №4 мектеп.
Бастауыш сынып мұғалімі: Байсеуова Жанаргүл Таңжарқызы.