Өткен сабақты пысықтау
Сабақтың мақсаттары
1) Білімдік
10 көлеміндегі сандарға 2-ні қосу және 2-ні азайту тәсілдерімен таныстыру.
2) Дамытушылық
Оқушылардың есте сақтауын, логикалық ойлауын және математикалық тілін дамыту.
3) Тәрбиелік
Тапқырлыққа, жылдам ойлауға және ойын жинақтап қорытынды жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
1) Сабаққа әзірлену
Біздер тату баламыз,
Өсіп алға барамыз.
Есептерді шығарып,
Біз білімді боламыз.
2) Қызығушылықты ояту
- Сұрақтар: Қазір жылдың қай мезгілі? Қандай ай?
- Қыс мезгілінде балалар асыға күтетін мерекелер қандай?
- Талқылау: Қазақстан Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл.
- ҚР-ды кім басқарды? ҚР рәміздерін ата. Қазақстанның астанасы қай қала?
- 2011 жылы ҚР Тәуелсіздігіне неше жыл толады? 20 жыл.
- Жаңа жылда ортаға не құрамыз? Жасыл шырша.
II. Өткен сабақты пысықтау
Шырша құрастыру тапсырмасы арқылы кестелік қосу және азайтуды қайталаймыз (+1, −1).
III. Жаңа сабаққа дайындық
Математикалық жұмбақ арқылы жаңа тақырыпқа кіріспе жасаймыз.
IV. Жаңа сабақ
1) Ой қозғау
2 санын қосу және азайтуды мысалдар арқылы бекітеміз.
2) «Шыршаны безендіру» ойыны
Шыршаға ойыншықтар ілеміз. Әр ойыншықта жасырылған тапсырма болады, оқушылар оны орындап шығады.
Кейін «Баспалдақ» ойыны арқылы шыршаның төбесіне жұлдыз ілеміз: ережені қорытындылап айтқан оқушы жұлдыз алып, оны шыршаның басына орналастырады.
V. Оқулықпен жұмыс
Әсем шыршамызға Аяз ата мен Ақшақар келуге асығады. Оларды ортаға шақырамыз.
Қонақтар оқушылармен амандасып, жаңа жыл мерекесімен құттықтайды және өздерімен бірге тапсырмалар алып келгенін айтады. Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларға сыйлық беріледі.
VI. Сергіту сәті
Ән айтылады, оқушылар қимыл-қозғалыс жасап, билейді.
VII. Дәптермен жұмыс
- 1-тапсырма: қосылғыштарының бірі 2 болатын қосындыларды кесте арқылы жаз.
- 2-тапсырма: азайтқышы 2 болатын айырмаларды жаз.
- 3-тапсырма: сурет бойынша өрнек құрастыр.
- 4-тапсырма: «Қар жауады» ойыны арқылы математикалық диктант жаз.
- Қосымша: логикалық тапсырмаларды орындау.
VIII. Қорытынды
- Бүгінгі сабақта нені үйрендік? Нені білдік?
- Қандай мерекелерді еске түсірдік?
- Бүгін ортаға нені құрастырдық?
- Шыршамызға кімдерді шақырдық?
- Аяз ата қандай тақырыпқа байланысты тапсырмалар берді?
IX. Бекіту
Аяз ата сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға өз сыйлықтарын үлестіреді.
Кері байланыс сұрақтары
- Сабақ ұнады ма?
- Шаршадыңдар ма?
- Қандай көңіл күй сендерге көмектеседі?
- Бір күліп, сергіп алайық.
X. Мадақтау және аяқтау
Қонақтарды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ашық хат тапсырамыз.
Сабақ аяқталды. Рахмет! Сау болыңыздар!