Қожабай ата немересі
Сабақтың форматы
Бұл — 4-сыныпқа арналған қайталау сабағы. Сабақ ойын түрінде ұйымдастырылады және қазақтың дәстүрлі той үлгісімен өрбиді.
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: Б. Момышұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру, бастауыш сыныпқа арналған әңгімелерін жүйелеу.
- Дамытушылық: Түрлі бағыттағы тапсырмалар арқылы ойлау және есте сақтау дағдыларын дамыту.
- Тәрбиелік: Елжандылыққа, отансүйгіштікке, ержүректілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі
Ойын-сабақ.
Көрнекілігі
- Б. Момышұлының портреті
- Б. Момышұлының шығармалары
- Сабақ жоспары
- Ойындар, сөзжұмбақтар, бейнелі сөздер
Сабақтың барысы
- 1. Ұйымдастыру
- 2. «Дәстүрлі той тәлімі» бөлімі
- 3. Ойын кезеңдері: көкпар, айтыс, палуан сайысы, аламан бәйге
- 4. Қорытынды: тойтарқар (сөзжұмбақ), бағалау, үй тапсырмасы
Кіріспе: «Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған той»
Балалар, елдің өткені мен бүгініне көз жүгіртсек, тарих көшінде талай оқиғалар болғанын көреміз. Биыл еліміз үшін тарихи, мерекелі жыл. Елбасымыздың Жолдауында 2015 жыл ұлттық тарихымызды ұлықтау жылы деп жарияланды. Бұл — үлкен қуаныш әрі зор мәртебе.
Осы атаулы мерекеге байланысты сыныбымызда «той» өтеді. Сендер — осы тойға шақырылған қонақсыңдар. Халқымыздың дәстүрінде тойға келген қонақ шашу әкеледі. Біздің шашуымыз — сендердің білімдерің. Әр оқушының тойға қосар үлесі бар.
Білімді пысықтауға арналған сұрақтар
- Бауыржан кім? Оның өскен ортасы туралы не білеміз?
- Қандай шығармаларын білеміз, өзімізге таныс қай туындысы бар?
Тойдың мазмұны: дәстүр және жарыс
Қазақ ауылындағы той алдын ала сауын айтылып, хабар берілуімен басталған. Хабарды естіген жұрт бәйгеге қосар тұлпарларын, жауырыны жерге тимеген балуандарын, айтыскер ақындарын, көкпаршыларын дайындаған.
Біз де екі ауылдың атынан шығып, Бауыржан атамыздың шығармалары бойынша алған білімімізді ортаға саламыз. Екі топ жарысқа түседі: «Бауыржан ата ауылы» және «Қожабай ата ауылы».
Топ таныстыру
- Бауыржан ата: өмір жолы туралы деректер
- Қожабай ата: өмір жолы туралы деректер
Тойдағы негізгі сайыстар
- Көкпар сайысы
- Аламан бәйге (10 сұрақ)
- Айтыс
- Палуандар сайысы
Көкпар — қазақтың ұлттық ойыны. Көкпарға көбіне лақ тартылады.
«Көкпарды, құрбан төліңді,
Тартқанмен көңіл қошында,
Тартысып өткен елімнің
Таңбасы жатыр осында!»
Шығармашылық жұмыс: «Батырлар ерлігі — өшпес тарих»
Әр топ «Батырлар ерлігі — өшпес тарих» тақырыбында ой толғап, мазмұнды жауап береді. Жауаптың нақтылығы мен жүйелілігі ескеріледі.
Бауыржан ата ауылы
Шығармашылық тапсырманы орындайды.
Қожабай ата ауылы
Шығармашылық тапсырманы орындайды.
Айтыс: қанатты сөздер арқылы ой жарысы
Қазақ топырағында той айтыссыз өтпейді. «Өнер алды — қызыл тіл» деген халқымыз айтысты ерекше бағалаған. Айтыс көбіне ас-тойларда өтіп, әділ төрелікті билер мен ауыл ақсақалдары жасаған.
Айтысты бастау үшін Бауыржан атамыз бен Қожабай атамыздың ерлік туралы айтқан қанатты сөздерін еске түсіреміз.
«Өзі өмірдің адамды тірестірген,
Бірі жаңа тірестің, бірі ескірген.
Алқақотан отырып, иісі қазақ,
Азаматын өзара күрестірген».
Палуандар сайысы: сұрақ арқылы күш сынасу
Бауыржан ата ауылының палуаны
-
«Кейде менің өнеге алған, тәлім үйренген, дәріс оқыған ұстаздарымды еске түсіріп, ойға бататыным бар...»
Жауабы: «Ұшқан ұя» — Б. Момышұлы.
- Ерлік туралы мақал-мәтел айту.
Қожабай ата ауылының палуаны
-
«Соңғы сабақтан шыққан Қожабай кабинетіне келіп, класс журналын үстелдің суырмасына салды да...»
Жауабы: «Ерлік басында» — М. Құрманалин.
- Ерлік туралы мақал-мәтел айту.
Аламан бәйге: 10 сұрақ — 10 мүмкіндік
Әрқайсымыз өзімізді осы аламан бәйгеге қосылған тұлпардай сезінейік. Бәйгенің ұзақтығы — он сұрақ. Әр дұрыс жауап ұпай әкеледі.
Бауыржан ата ауылының сұрақтары
-
Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды?
Жауабы: 1941–1945.
-
Бауыржан ата неше жасында майданға шақырылды?
Жауабы: 31 жасында.
-
Бауыржан атаның қандай шығармалары бар?
Жауабы: «Ұшқан ұя», «Москва үшін шайқас», «Жауынгердің тұлғасы», «Майдандағы кездесулер», «Т. Тоқтаров» және т.б.
-
Бауыржан ата туралы жазылған қандай шығармаларды білесің?
Жауабы: «Ақиқат пен аңыз», «Шуақты күндер», «Арпалыс».
-
Бауыржан атаның есімі қандай жерлерге берілген?
Жауабы: Алматы қаласындағы №45 мектеп-гимназия, Алматыдағы ескерткіш, 100 жылдығына арналған деректі фильм, Жамбыл облысындағы Бауыржан ауданы, сондай-ақ Астана, Алматы, Тараз, Атырау, Семей қалаларындағы нысандар.
-
Кеңес Одағының Батыры атағын қашан алды?
Жауабы: 1990 ж. 11 желтоқсан.
-
Биыл Жеңіске неше жыл?
Жауабы: 70 жыл.
-
Батыр туралы түсірілген деректі фильм қалай аталады?
Жауабы: «Қазақтың Бауыржаны».
-
«Ғасыр адамы» атағы қай жылы берілді?
Жауабы: 2000 жыл.
-
Қай жылы дүниеден озды?
Жауабы: 1982 ж. 10 маусым (71 жасында).
Қожабай ата ауылының сұрақтары
-
Жеңіс күні қай күн?
Жауабы: 1945 ж. 9 мамыр.
-
Қожабай ата неше жасында майданға шақырылды?
Жауабы: 22 жасында.
-
Қожабай ата туралы қандай шығармаларды білесің?
Жауабы: «Ерліктің мәңгілік алауы» (2000), «Біз білетін бір батыр» (2010).
-
Жазықов атындағы шәкіртақы иегері кім?
Жауабы: Қоңыратбай Тоғжан.
-
Есімі қай жерлерге берілген?
Жауабы: Ақтөбе қаласында мектепке және көшеге.
-
Мектебімізге батыр есімі қай жылы берілді?
Жауабы: 1995 ж. сәуір.
-
Кеңес Одағының Батыры атағын қашан алды?
Жауабы: 1945 ж. 28.04.
-
Соғыстан кейін қандай қызмет атқарды?
Жауабы: мұғалім, мектеп директоры, аудандық білім бөлімінің меңгерушісі, мәдениет бөлімінің меңгерушісі.
-
Батыр атаның ұрпақтарын білесің бе?
Жауабы: Балғали, Мақпал, Тамара, Лаура, Темірғали.
-
Қай жылы дүниеден озды?
Жауабы: 1982 жыл.
Қорытынды: «Тойтарқар» және сөзжұмбақ
Тойымыз тәмам. Қазақтың тойы тойтарқармен аяқталады. Тойтарқар ретінде сөзжұмбақ шешеміз.
Сөзжұмбақ сұрақтары
- Ержүрек, мықты — Батыр
- Бауыржан атаның ұлы — Бақытжан
- Қожабай атаның қызы — Лаура
- Бауыржанның туған жері — Жамбыл
- Қожабай ата туралы шығарма авторы — Құрманалин
- Жеңістің 70 жылдығы — Жетпіс
- «Ақиқат пен аңыз» кітабының авторы — Әзілхан
- Қожабай атаның немересі — Нұржан
Бағалау және үй тапсырмасы
Бағалау: оқушылардың белсенділігі мен жауаптарының дәлдігі бойынша жүргізіледі.
Үйге тапсырма: Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестеріміз туралы мәлімет жинақтау.
Мәлімет
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Кемерши селосы, Қ. Жазықов атындағы орта мектеп.
Бастауыш сынып мұғалімі: Құлманова Злиха Санаққызы.