Жыл құстарын ата
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер
Мақсаты (Білімділік)
- Оқушыларға өсімдіктер әлемі және оның түрлері туралы түсінік беру.
- Өсімдіктер көп болғанымен, олардың негізінен үш топқа бөлінетінін жас ерекшелігіне сай түсіндіру.
- Өсімдіктер туралы білімдерін кеңейту, пайдасы мен қорғау жолдарына назар аударту.
Мақсаты (Дамытушылық)
- Қосымша тапсырмалар арқылы ойлау қабілетін дамыту.
- Сөздік қорын молайтып, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
- Қоршаған орта туралы ұғымдарын тереңдету.
Мақсаты (Тәрбиелік)
- Эстетикалық тәрбиеге негіз қалау.
- Өсімдіктерді қорғауға, сүюге, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
Сабақ түрі және көрнекіліктер
Түрі: жаңа сабақ.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, жұмбақтар, Венн диаграммасы, семантикалық карта.
І. Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық:
Қоршаған орта — табиғат,
Жануарлар, өсімдік, адамзат.
Сүю, қорғау — парасат,
Білейік мұны барша жұрт.
2) Үй тапсырмасын тексеру
«Бізден — сұрақ, сізден — жауап» форматы:
- Күз мезгілінде құстар мен жануарлардың тіршілігі қандай болады?
- Қыстап қалатын құстарды ата.
- Жыл құстарын ата.
- Ұйқыға кететін жануарларды ата.
- Түсін өзгертетін немесе түлейтін жануарларды ата.
Тест жұмысы
Оқушыларға топшама таратылып беріледі.
-
1. Адамның есту мүшесін ата?
1) көз 2) құлақ 3) мұрын -
2. Ауа температурасы немен өлшенеді?
1) қолмен 2) көзбен 3) термометрмен -
3. Күзгі жапырақ түсі қандай болады?
1) жасыл 2) сары 3) көк -
4. Өлі табиғатқа не жатады?
1) күн 2) ауыл 3) жануар -
5. Тірі табиғатқа не жатады?
1) өсімдік 2) тау 3) су
ІІ. Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту
Жұмбақтар арқылы жаңа тақырыпқа кіріспе:
Жұмбақ 1
Өзіне шап-шақ,
Киген қалпағы аппақ,
Балалар тұр қаптап.
Жауабы: Бақбақ
Жұмбақ 2
Бұтағы ілген үлпершек,
Іші нәрлі, қызыл сөл,
Теріп ашып үлгерсек.
Жауабы: Бүлдірген
Жұмбақ 3
Дауылға да, аязға да
Шыдап бағар міз бақпай.
Тау етегі — тұрағы,
Жап-жасыл боп тұрады.
Жауабы: Қарағай
Жұмбақ 4
Қысы-жазы шешпейтін
Көйлегі бар жасылдан.
Өзгертпейді еш кейпін,
Жаралғандай асылдан.
Жауабы: Шырша
Жұмбақтар шешілгеннен кейін тақтаға бүлдірген, қарағай, шырша, бақбақ суреттері ілінеді. Оқушылар суреттердің өсімдіктерге жататынын, ал өсімдіктердің тірі табиғат бөлігі екенін дәлелдеп айтады.
Өсімдіктер туралы негізгі ұғым
Өсімдіктер — тірі ағзалар
- қоректенеді
- тыныс алады
- өседі
- көбейеді
- қурайды
Өсуіне қажетті жағдайлар
Өсімдіктердің негізгі үш тобы
1-топ
Ағаштар
2-топ
Бұталар
3-топ
Шөптесін өсімдіктер
Ағаштар мен бұталар қайда өседі?
Ағаштар мен бұталар саябақтарда, орманда, бақта өседі. Ауыл мен қала көшелерін қарағаш, тал, жөке, қайың, емен сияқты ағаштар көріктендіреді.
Гүлдер және табиғаттағы байланыс
Раушангүл мен шырғанақ гүлдерінің хош иісі ерекше. Оларға аралар, көбелектер және жабайы аралар қонады. Олар гүлдің тәтті шырынын сорады.
Шөптесін өсімдіктер
Шөптесін өсімдіктер барлық жерде кездеседі. Олардың көбі ашық түсті, әдемі гүл ашады. Ерте көктемде бақбақ, қоңыраугүл, қызғалдақ гүлдеп, табиғаттың ажарын аша түседі.
Дәптермен жұмыс
Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топқа тапсырма жазылған топшама беріледі.
Тапсырма 1
Ауа райын анықтау (бақылау, белгілеу, қысқаша қорытынды жасау).
Тапсырма 2
Топшамадағы суретті бояу.
Тапсырма 3
Суреттегі өсімдіктің түрін анықтап, ажыратып, салыстырып әңгімелеу.