Word мәтіндік редакторыСабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
Word мәтіндік редакторы
Сабақтың мақсаты
MS Word мәтіндік редакторында графикалық объектілермен жұмыс істей білу: сурет енгізу, фигуралық мәтін енгізу және басқа да әрекеттерді орындауды үйрену.
Дамытушылық
Word редакторымен жұмыс барысында ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастырып, жеке тұлға ретінде дамуына ықпал ету.
Сабақ әдістері
- Түсіндіру
- Сұрақ–жауап
- Топпен жұмыс
Көрнекілік
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі (1 минут)
- 1 Сәлемдесу.
- 2 Сыныпты түгелдеу.
- 3 Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Топпен жұмыс формасында оқушылар арасында сұрақ–жауап жүргізіледі.
III. Жаңа сабақ: Word-тың графикалық мүмкіндіктері
Алдымен MS Word мәтіндік редакторын іске қосу қадамдарын қайталап, орындалатын негізгі операцияларды еске түсіреміз.
MS Word-та мәтін енгізуге, пішімдеуге, қателерді түзетуге және мәтіндік құжат құруға болады. Пішімдеу операциялары бүкіл мәтінге де, мәтіннің жекелеген бөліктеріне де қолданылады: таңба, сөз, жол, абзац, бөлім, бет.
Негізгі мүмкіндіктер
- Абзацтық шегіністерді қолдану
- Тасымал жасау
- Мәтінді жылжыту және көшіру
- Беттерді нөмірлеу
- Кесте құру
- Құжатты баспаға жіберу
Графикалық мүмкіндіктер
Мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді және фигуралық мәтінді кірістіруге болады. Бұл құжаттың мазмұнын көрнекі етіп, ақпаратты қабылдауды жеңілдетеді.
Word-та мәтінге дайын суреттерді де, Paint графикалық редакторында салынған суреттерді де енгізуге болады.
Paint-та салынған суретті кірістіру
Paint бағдарламасында салынған суретті Word құжатына алмасу буфері арқылы енгізуге болады. Ол үшін көшіру және қою командаларын пайдалану жеткілікті.