Абай атаға арнау
Абай атаға арнау.
Өлеңін өміріме үлгі тұтқан,
Бір жан бар артық көрер сан ұлықтан.
Өлеңмен тәрбие мен тәлім берген
Абайдай қазағымнан ақын шыққан.
Шындық деген көрінбей шымылдықтан,
Болған талай замандар шынды бұққан.
Сондағы өтіріктің кезеңінде
Абайдың өлеңінен шындық ұққан.
45 қара сөзі және де бар,
Жан болса сол сөздерден тәлім ұғар.
Өлеңінде жақсылық үйретеді
Айтар және жаманды орға жығар.
Ермек үшін жазбаған ұлы Абай,
Өлеңді, қара сөзі талай - талай.
Артыңда ізгі атыңды қалдыруға
Керек емес салдырып сәнді сарай.
Абай аты мәңгі есімде жүреді,
Мұны халық өлеңімнен біледі.
Абай жырын оқығанда бұл балаң
Шабыт атты арғымаққа мінеді.
Өлеңмен Абай деген егіз ұғым,
Қате ме, дұрыс па әлде менің мұным.
Жалғандық жоқ мысқалдай да жүректе
Шын жүректен жазылған менің жырым.
Бүкіл әлем мойындайтын - дана Абай,
Аты мәңгі жойылмайтын - дана Абай.
Өлеңімді аяқтадым осымен
Жатарсыздар қайсы жақсы саралай.
Қазақ ақындары мен шешендерінің алғашқы ұстаздары
ШЕШЕНДІК СӨЗДІҢ ЖАНРЛЫҚ ТҮРЛЕРІ
Сәкен Сейфуллиннің өмірбаяны мен шығармашылығы
Шешендік сөздердің маңызы
Қазақ билерінің тәлім-тәрбиелік көзқарастары
Қазақ тарихы дәстүрлі ауызша тарих
Ғылыми дүниетаным тәрбиесі
ХІХ ҒАСЫР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ӘЙЕЛ БЕЙНЕСІ
Бастауыш сыныптарда халық дәстүрлерін тәрбие құралы ретінде пайдалану жолдары
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері жайлы
ТОЛЫБАЙҰЛЫ ОЛЖАБАЙ
ҚҰНАНБАЙҰЛЫ АБАЙ (ИБРАҺИМ)
Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы
Абай атама
Шамшадин мен Клараның, Мерей тойына арнау
Құнанбаев Абай
Абай Құнанбаев
Кітап жиған қазақтың жиһазы Абайсыз болмас, Абайы болмаса ол қазақ емес, жалпы ондайды саналы адам деу қиын
Абай поэзиясы
Абайдың өмірі мен мұраларын ғылым жолымен толық тануға себепші - оның толық жинағының баспаға шығуы