Әріп таңбасымен таныстыру

Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден селосы

Ю. Гагарин атындағы орта мектеп

Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі: Курмашева Нұргүл Мұхамбетқалиевна

Пәні

Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы

О дыбысы мен әрпі

Пәнаралық байланыс

Тіл дамыту, айналамен таныстыру

Мақсаты

  1. 1 О дыбысымен және оның әріп таңбасымен таныстыру. Сөз ойлап табуға, сөйлем құрап айтуға үйрету.
  2. 2 Балалардың сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін дамыту, дүниетанымын кеңейту, тілін жетілдіру.
  3. 3 Ұқыптылыққа және отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдістері

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Топтастыру
  • Ойын

Көрнекіліктері

Кеспе әріптер, суреттер, сызбалар, әліппе дәптері.

Сабақ құрылымы

I. Ұйымдастыру

Жыл мезгілі, ай атауы, апта күні туралы қысқаша әңгімелеу.

II. Өткенді қайталау

Сұрақ-жауап және дыбысты анықтауға арналған ойындар.

III. Жаңа сабақ

О дыбысы мен әрпін таныстыру, тапсырмалар, дәптермен жұмыс, буын оқу.

IV. Қорытынды

Бекіту сұрақтары, сөздер айту, мадақтау.

II. Өткенді қайталау

1-слайд: Сұрақ-жауап

  • Дыбыс деген не?
  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?
  • Әріп деп нені айтамыз?
  • Әріптерді не үшін қолданамыз?

2-слайд: «Қай дыбыстан басталады?» ойыны

Суреттегі зат атауларының қай дыбыстан басталатынын анықтап, тиісті әріппен сызық арқылы қосу.

Алмұрт — А

Шар — Ш

Піл — П

Радио — Р

Нан — Н

Уық — У

Лақ — Л

Тарақ — Т

Йогурт — Й

Ғарышкер — Ғ

III. Жаңа сабақ

3-слайд: Ертегі арқылы жаңа дыбысты ашу

Тақтаға «Бауырсақ» ертегісінің суреті ілінеді. Балалар кейіпкерлерді атап шығады.

Сұрақтар

  • Бұлар нелер?
  • Олар қайда өмір сүреді?
  • «Орман» сөзі қандай дыбыстан басталады?

Негізгі қорытынды

«Орман» сөзі О дыбысынан басталады. Сондықтан бүгін біз О дыбысы және оның әрпімен танысамыз.

Дыбысты айтып көру арқылы оның дауысты дыбыс екенін анықтаймыз: ешқандай кедергісіз еркін айтылады және созып айтуға болады.

Ертегіге қайта оралайық: Бауырсақты түлкіге жегізбеу үшін жабайы аңдардың тапсырмаларын орындаймыз. Тапсырмалар арқылы О дыбысын бекітеміз.

4-слайд: Қоянның тапсырмасы — «Не артық?» ойыны

Суреттегі заттардың ішінен артық затты табу және қалғанын бір сөзбен атау.

Жауап үлгісі: Алма артық, қалғаны — ойыншықтар.

Ойыншық сөзі О дыбысынан басталады.

5-слайд: О әрпінің таңбасымен танысу

«Неге ұқсас?» сұрағы арқылы әріптің бейнесін таныту.

  • Дөңгелекке ұқсас
  • Допқа ұқсас
  • Тоқашқа ұқсас

6-слайд: Қасқырдың тапсырмасы — «Орнын тап» ойыны

О дыбысының сөздегі орнын табу: сөздің басында, ортасында, ал кейбір басқа тілден енген сөздерде соңында да кездеседі. Сөздерді буынға бөлу жұмысы жүргізіледі.

Сөз басында

Орамал, ою, отырғыш

Сөз ортасында

Доп, моншақ, домбыра

Сөз соңында

Пальто, кресло

7-слайд: Аюдың тапсырмасы — дәптермен жұмыс

  • О әрпін ауада жазып, қолды жаттықтыру.
  • Екі жолға баспа әрпін толтырып жазу.

Сергіту сәті

Ормандағы аюдың, Құлпынайы көп екен. Теріп-теріп алайық, Қалтамызға салайық.

8-слайд: Түлкінің тапсырмасы — дыбыстық талдау

ОТАН, ТОҒАЙ, ТОН сөздеріне дыбыстық талдау жасалады.

Сұрақ

Отанымыз қалай аталады?

Жеке жұмыс

Отан туралы қандай тақпақ білесіңдер?

9-слайд: Бауырсақпен бірге буын оқу

Буындар мен сөздерді хормен және жеке оқыту.

Буындар

О-й — ой — ой

О-р — ор — ор

О-л — ол — ол

Сөздер

т-ой — той — той

т-ор — тор — тор

т-ол — тол — тол

ой-на — ойна — ойна

ай-на — айна — айна

Бауырсақ атасы мен әжесіне қайта оралады. Олар қатты қуанып, балаларға риза болып алғыстарын білдіреді.

10-слайд: «Кім зерек?» ойыны

Дауысты дыбыстарды қызыл түсті үйге, дауыссыз дыбыстарды көк түсті үйге сызық арқылы қосу.

Дауысты дыбыстар (қызыл үй)

Тапсырма: дауысты дыбыстарды осы бөлікке байланыстыру.

Дауыссыз дыбыстар (көк үй)

Тапсырма: дауыссыз дыбыстарды осы бөлікке байланыстыру.

IV. Қорытынды

Бекіту сұрақтары

  • Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
  • О дыбысы қандай дыбыс?
  • О әрпінің таңбасы неге ұқсас?
  • О дыбысына байланысты сөздер айтып көрейік.

Сабақ соңында оқушылар белсенділігі мадақталып, жақсы қатысқан балаларға көтермелеу сөздері айтылады.