Аңдардың патшасы кім

Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Солоновка ауылы

«Балауса» балабақшасының тәрбиешісі: Захарьянова Гульбаршын Какановна

Сабақ тақырыбы

«Тапқыр қоян» (1-сәбилер тобына арналған)

Білім беру саласы
Қатынас
Оқу іс-әрекеті
Көркем әдебиет

Мақсаты

  • Балаларды жабайы аңдармен таныстыруды жалғастыру.
  • Аңдарды суреттері арқылы танып, аттарын дұрыс атауға үйрету.
  • Ертегіні тыңдап, мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру.
  • Жануарларға сүйіспеншілік пен қамқорлық сезімін тәрбиелеу.

Билингвалды компонент

қоян — заяц

Айтылымға арналған қысқа жаттығу:

Ян-ян-ян — тапқыр қоян

Сөздік жұмыс

  • Тапқыр — ақылды, тез ойлайды, қиыннан жол табады.
  • Аң патшасы — барлық аңдар оның айтқанын орындайды, одан сескенеді.

Технологиялық қамтамасыз ету

  • Жабайы аңдардың суреттері
  • Ойыншық аңдар
  • Орман құстарының дауысы, жаңбыр дыбысы

Сабақ барысы

1) Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Қане, қане, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Алдыменен бәріміз,
Амандасып алайық.

Ыстық алақаныммен,
Қолыңды бер, қысайын.
Амандасып өзіңмен,
Құшақтасып алайын.

Үлкенге де — сіз,
Кішіге де — сіз.
Барлығына құрметпен,
Бас иеміз біз!

2) Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Тақырыпқа кіріспе

Балаларға бүгін ертегілер еліне қонаққа баратынымыз айтылады. Топ бөлмесіндегі аңдар қойылған бұрышқа балалар жайғасады.

Жабайы аңдар туралы білімін тексеруге арналған сұрақтар:

  • Жабайы аңдар қай жерде мекендейді?
  • Қасқырды кім көрсетеді?
  • Аю қай жерде тұр?
  • Қоянды таба аламыз ба?
  • Түлкі қайда?

Балаларға арыстан таныстырылады: ол — аңдардың ішіндегі ең күштісі, аңдардың патшасы.

Бүгін «Тапқыр қоян» ертегісімен танысамыз. «Тапқыр» сөзінің мағынасы түсіндіріледі: ақылды, тез ойлап, қиыннан жол таба біледі.

Билингвалды компонент: қоян — заяц.

Ертегіні айту

Ертегілер елінің әуені баяу ойналып тұрады. Тәрбиеші ертегіні мәнерлеп айтып береді.

Сергіту сәті

Қимыл-қозғалыс

Біз орманға барамыз,
Жан-жағымызға қараймыз.
Аю шықты қорбаңдап,
Қасқыр шықты ырылдап.
Түлкі шықты майысып,
Қоян шықты секіріп.
Қорықпаңдар, балалар,
Өз орныңды табыңдар!

Қайталау сұрақтары

Түсінгенін тексеру
  • Аңдардың патшасы кім?
  • Қайнап тұрған суды кім ішті?
  • Сыйлықты кім алды?

Дидактикалық ойын: «Орнын тауып қой»

Ұсақ моторика

Шарты: суреттегі қоянның (мозаика) құлағы мен аяғын өз орнына дұрыс орналастыру.

Балалар мадақталады.

Қимылды ойын: «Күн мен жаңбыр»

Ереже бойынша әрекет

Шарты: бөлме ішіне бала санына қарай орындықтар қойылады. Әр орындықтың үстіне аңдардың суреттері орналастырылады. Балаларға қайсысы қандай аң болатыны алдын ала айтылады.

Күн

Құстардың сайраған дауысы естілгенде балалар (аңдар) еркін ойнап жүреді.

Жаңбыр

Жаңбыр дыбысы естілгенде әр бала өз аң суреті тұрған орындықтың артына барып отырады.

Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.

3) Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытынды

Балалар ортаға шақырылып, бүгін қандай ертегімен танысқаны еске түсіріледі.

Сұрақ-жауап

  • Қоян қандай аң? (Ақылды.)
  • Арыстан қоянға қандай сыйлық берді деп ойлайсыңдар? (Балалардың жауабы.)
  • Қоян нені жақсы көреді? (Сәбізді.)

Тәрбиеші қорытындылайды: арыстанның қоянға берген сыйлығы балаларға жолданды, өйткені олар бүгін белсенді қатысып, көп еңбек етті. Сыйлық көрсетіліп, ішіндегісі балаларға үлестіріледі.