Оны қай пәннен оқып үйрендік

Ашық сабақтың сценарийі

Сабақтың мақсаты мен құрылымы

Мақсаты

  • Оқушылардың білім деңгейін анықтау.
  • Қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру.
  • Сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.
  • Ауызша есептеу, нақты әрі шапшаң жауап табуға үйрету.
  • Ұжымда жұмыс істеу мәдениетін тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

парақшалар схемалар суреттер слайдтар

Сабақ «Білім әлеміне саяхат» формасында өтеді: оқушылар 3 топқа бөлініп, әр аялдамадағы тапсырмаларды орындап, дұрыс жауап үшін жұлдызша жинайды.

1) Ұйымдастыру кезеңі: саяхатқа дайындық

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді: қонаққа ата-аналар мен мұғалімдер келіп отыр. Олар сіздердің бір жыл бойы не оқып, нені үйренгендеріңізді көруге келді. Сондықтан әр сұраққа мұқият, толық жауап беруге тырысамыз.

Жарыс ережесі

  • 3 топ болып жарысамыз.
  • Дұрыс жауап берген топқа жұлдызша беріледі.
  • Сабақ соңында жиналған ұпай саналады.

Саяхат сұрақтары

Көліктің неше түрі бар?

3 түрі бар: жер, су, әуе.

I аялдамаға немен барған дұрыс?

Ұшақ, машина, кеме — әрқайсысы өз жолына сай.

Ертеде көлік болмаған кезде адамдар немен жүрген?

Жаяу жүрген, атқа мінген, түйе секілді көлік малын пайдаланған.

I аялдама: Ана тілі

Негізгі сұрақтар

  1. 1 Дыбыс дегеніміз не?
  2. 2 Әріп дегеніміз не?
  3. 3 Сөз дегеніміз не?
  4. 4 Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
  5. 5 Дауысты дыбыстар нешеу?
  6. 6 Дауыссыз дыбыстар нешеу?

Ойын: «Гүл күлтесін жинау»

Берілген сөздерді сөз табына қарай бөліңіз: зат есім, сын есім, сан есім.

Зат есім

  • анар
  • түйе
  • ұшқыш
  • домбыра
  • әнші
  • аттар

Сын есім

  • қызыл
  • қоңыр
  • әдемі
  • зәулім
  • жақсы
  • адал

Сан есім

бір он екінші жиырма елу бірінші

Поэзиялық минут

«Адам болам десеңіз…» — бұл кімнің өлеңі? Өлең жолдарынан заттың санын білдіріп тұрған сөйлемді табыңыз.

Қосымша сұрақ: сандар туралы қай пәннен оқып үйрендік?

II аялдама: Математика

I тапсырма: Фигураларды атау

Көрсетілген геометриялық фигураларды атап, олардың негізгі қасиеттерін қысқаша айтыңыз.

II тапсырма: 30 секундтық есеп

30 секунд ішінде мүмкіндігінше көп өрнекті тез есептеңіз. Әр топтың дұрыс жауаптары саны есептеледі.

III тапсырма: Қысқа есептер

1) Алма туралы

Ыдыста 7 алма болды. 2 алманы алды. Ыдыста неше алма қалды?

2) Шарлар

Қызыл шар — 5, көк шар — 4. Барлығы неше шар?

3) Жас айырмасы

Атасы 50 жаста, немересі 10 жаста. Атасы немересінен неше жас үлкен?

IV тапсырма: Логикалық есептер

  1. 1 жұмыртқа 1 минутта піседі. 4 жұмыртқа неше минутта піседі?
  2. Екі шахматшы 2 сағат шахмат ойнады. Әрқайсысы неше сағат ойнады?
  3. Шырша түбінен 8 қоянның құлағы көрінді. Шырша түбінде неше қоян отыр?

V тапсырма: Топпен жұмыс

I топ

  • 8 + 2 =_____
  • 8 × 7 =_____
  • 10 × 6 + 4 =_____
  • a + 3 = 7a = ____

II топ

  • 9 − 4 =_____
  • 6 × 7 =_____
  • 8 × 10 − 2 =_____
  • a + 4 = 7a = ____

III топ

  • 3 + 6 =_____
  • 9 × 5 =_____
  • 9 × 10 − 1 =_____
  • 7 − a = 4a = ____

Поэзиялық минут

«Сурет сабағы» өлеңінде қандай гүлдер туралы айтылады?

Қосымша сұрақтар: Гүл дегеніміз не? Бұл тақырыпты қай пәннен оқып-үйрендік?

III аялдама: Дүниетану

I тапсырма: Сұрақ-жауап

1) Табиғат

Табиғатқа нелер жатады?

2) Күннің пайдасы

Күннің қандай пайдасы бар?

3) Түстер

Дүниеде неше түс бар? Атап көріңіз.

II тапсырма: Топтастыру жұмысы

Табиғат

өлі табиғат
тірі табиғат

Құстар

үй құстары
жабайы құстар

Өсімдік

шөп
бұта
ағаш

Келесі аялдамалар: шығармашылық және қорытынды

IV аялдама: Әдемі жазу

Әдемі жазылған дәптерлер көрмесі ұйымдастырылады. Таза, көркем жазу дағдысы бағаланады.

V аялдама: Еңбек

Еңбектен жасалған бұйымдар көрсетіліп, оқушылар өз жұмыстары туралы қысқаша таныстырады.

VI аялдама: Сыныптың қызықты сәттері

Слайд арқылы сынып өміріндегі есте қалған, көңілді және маңызды сәттер көрсетіледі.

VII аялдама: Құттықтау

Оқушылар мен қонақтар өз ой-пікірлерін айтып, жылы лебіз білдіреді.

Қорытынды

Бүгінгі «Білім әлеміне саяхат» аяқталды. Біз қайтадан мектепке оралдық. Енді жиналған жұлдызшаларды санаймыз: қай топ жүлдеге ие болады?