Жағдаяттарды талдау
Сабақтың тақырыбы: «Тіл табыса білейік»
Мақсаты
Өзара түсіністік ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі маңызын ашу.
Көрнекі құралдар
Суреттер, дәптер.
Міндеттері
- Өзара түсіністік, өзара сыйластық және тіл табысу туралы түсінік беру.
- Балалардың өзін және басқа адамдарды түсіне білу қабілеттерін дамыту.
- Балаларды өзара жағымды қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері
Жылы атмосфера қалыптастыруға арналған бастама
Балалар шеңбер құрып тұрады және бір-бірімен кезектесіп амандасады:
• Сәлеметсің бе, Анель!
• Қайырлы күн, Даниял!
• Сәлеметсіз бе, Айгүл Қарабайқызы!
• Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын!
Күнге, аспанға, баршаға тілек
- Армысың, сұлу күн! (Күнге қарап бас иеді.)
- Армысың, ашық аспан! (Аспанға қарап бас иеді.)
- Қайырлы күн, баршаға! (Құшақтарын жаяды.)
Әңгімелесу
Мұғалім оқушыларға Алпамыс пен Махамбет туралы өсиет әңгімені айтып береді. Оқушылар өз өмірлік тәжірибесімен бөлісуі үшін сұрақ қойылады:
Сұрақ
Сендер қандай жағдайда және кіммен татуластындар?
Балалардың жауаптары тыңдалып, ортақ қорытынды жасалады.
Мәтінмен жұмыс
Ж. Мыңтұрғановтың «Әтеш, лақ және күшік» әңгімесі оқылады (немесе мазмұндалып айтылады). Оқушылар кейіпкерлер әрекетін талдап, тіл табысудың жолдарын атап өтеді.
Тыныштық сәті
Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
Жағдаяттарды талдау
Суреттер бойынша шешім ұсыну және дәлелдеу
Оқушылар суреттерге қарап, жағдаяттардың шешімін табады және өз ұсыныстарын сынып алдында айтады.
1-жағдаят
Әділ мен Мирас бірігіп әдемі қайық жасайды. Қайықты өзенге жүздіреміз дегенде, екеуі таласып қалып, ренжіседі.
Тапсырма
Сен не істер едің?
2-жағдаят
Айдос пен Марат партада қатар отырады. Марат кітабын үйде ұмытып кеткен. Ал Айдостың алдында екі кітап бар. Марат рұқсатсыз алып оқи бастайды. Мұны байқаған Айдос ренжіп қалады.
Тапсырма
Сен не істер едің?
3-жағдаят
Үш құрбы бірге ойнап жүреді. Кенет олар ойын шартына келісе алмай, өзара дауласады. Қыздардың біреуі ренжіп қалады.
Тапсырма
Сен қыздарды қалай татуластырар едің?
Дәптермен жұмыс
Оқушылар сурет бойынша сөйлем құрап, дәптерлеріне жазады.
Жүректен жүрекке
Балалар мұғаліммен бірге шеңберге жиналады. Бәрі қосылып «Біз бақытты балдырғандар» әнін айтады.
Қорытынды
Сабақ аяқталды.