Сұр қар - Кір қар

Сабақтың тақырыбы

Әдебиеттік оқу (2-сынып): З. Шүкіров — «Ақша қар».

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

З. Шүкіровпен танысу, өлеңнің мазмұнын ашу.

Дамытушылық

Шығармашылық қабілетті дамыту, байланыстырып сөйлеуді жетілдіру, сөздік қорды байыту.

Тәрбиелік

Табиғатты сүюге және оны қорғауға тәрбиелеу.

Ұйымдастыру және дайындық

Көрнекіліктер

  • З. Шүкіровтің портреті
  • Қыстың суреті
  • Ақша қар
  • Шырша мен ойыншықтар
  • Карта

Сабақ форматы

  • Сабақ түрі: аралас сабақ
  • Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс
  • Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері, қазақ тілі, еңбекке баулу

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріледі, ашық сабақтың тақырыбы мен мақсаттары хабарланады.

II. Үй тапсырмасын тексеру

1) М. Жұмабаевтың «Балапан қанат қақты» әңгімесін мазмұндау.

2) Үй тапсырмасын бекіту: «Аққала жасайық!»

  • Мағжан Жұмабаев туралы әңгімеле.
  • Әңгімеде жылдың қай мезгілі бейнеленген?
  • Балапан неге жылы жаққа кете алмаған?

III. Қызығушылықты ояту

Жаңылтпаштарды оқып, қардың түрлерін анықтаймыз. Байқағанымызды тақтаға жазамыз.

Бұл қар — сұр қар.

Сұр қар — кір қар.

Үстінде ойнама,

Үстіңді былғар.

Қырбық қар құрғақ па,

Құрғақ қар құрғақ па?

Қырбық қар да құрғақ,

Құрғақ қар да құрғақ.

Сұрақ: Жаңылтпаштардан қардың қандай түрлері аталды? Сұр қар, кір қар, қырбық қар, құрғақ қар.

IV. Жаңа сабақ

Кіріспе: «Тағы қандай қар түрлері бар екенін білгің келе ме? Онда белгілі ақын З. Шүкіровтің “Ақша қар” өлеңімен танысамыз».

Мақсат: автормен таныса отырып, өлең мазмұнын түсіну және шығармашылық тапсырмаларды орындау.

Зейнолла Шүкіров туралы

Зейнолла Шүкіров 1927 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданы, Бөген кеңесінде дүниеге келген. Бастауыш білім алғаннан кейін ауыр науқастанып, төсек тартып жатады. Соған қарамастан, мүгедектік жағдайына ерлікпен және төзімділікпен төтеп беріп, өздігінен білімін жалғастырады. Өмірін жазушылыққа арнап, соңына дейін қаламын қолынан түсірмей, ондаған кітап ұсынған. Балаларға арналған жинақтары бар, шығармалары шет тілдеріне аударылған.

Белгілі еңбектері: «Менің достарым», «Теңіз жыры», «Арал дәптері», «Алау» және басқа да көптеген шығармалары.

Өлең: «Ақша қар» (мұғалім оқиды)

Айналамда ұшып жүр

Ақ мамық қар себелеп.

Қалт-құлт еткен бейне бір

Ақ қанатты көбелек.

Үстіме жалп-жалп жауады

Ақ тауықтың жүніндей.

Жайнатады даланы

Ақ жібектің түріндей.