Шырша қылқан жапырақты ағаш

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Білім беру саласы

Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Экология

Тақырып

«Үйренгім келеді»

Салалық байланыс

Қатынас, шығармашылық

Мақсаты

  • Балалардың экологиялық сана-сезімінің негізін қалыптастыру, табиғатқа сүйіспеншілік пен қамқор қарым-қатынас тәрбиелеу.
  • Қоршаған ортада және отбасында атқарылатын кейбір еңбек әрекеттері туралы білімдерін кеңейту.
  • Отбасылық тәрбиеде балалардың еңбекке қатысуын арттыру, белсенділік пен ынта-жігерін дамыту.
  • Еңбек тапсырмаларын орындауда іскерлік қалыптастыру, өз еңбегінің маңызын сезінуге баулу.
  • Баланың өз іс-әрекетін әңгімелей білуін және қызығушылығын тұрақты қолдау.

Әдіс-тәсілдер мен ресурстар

Әдіс-тәсілдер

  • Психотренинг, ой қозғау
  • Бейнеролик көру, жұмбақ шешу
  • Әңгімелесу, түсіндіру, жеке жұмыс
  • Қол еңбегі, сергіту сәті
  • Логикалық ойын, ой-пікір мен көңіл күйді білдіру

Көрнекі құралдар

  • Теледидар экраны, шырша суреті
  • Түрлі-түсті түтікшелер, үлгі шырша
  • Ойынға қажетті суреттер
  • Алдын ала дайындалған ағаштар, майлықтар
  • Смайликтер, шарлар

Алдын ала жұмыстар

  • Жарамсыз заттардан көрме ұйымдастыру
  • Түтікшелерді қиып, дайындап қою

Сөздік жұмыс

Қылқан жапырақ
Ине тәрізді жапырағы бар ағаш жапырағы.
Созылмалы, иілгіш
Созып, бүгіп, пішін беруге болатын материал қасиеті.

Сабақтың барысы

1) Мотивациялық-қызықтыру кезеңі

Психотренинг: «Тілек шеңбері»

Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне жақсы тілектер айтады:

  • «Бүгінгі күніміз көңілді болсын!»
  • «Бүгінгі күніміз қызықты өтсін!»

Ой қозғау

Теледидардан «Үйренгім келеді» бейнеролигі көрсетіледі. Онда балалардың ата-аналарымен бірге үйдегі еңбек әрекеттеріне қатысуы бейнеленеді.

Сұрақтар:

  • Теледидардан нені тамашаладыңдар? Кімді көрдіңдер?
  • Көргендеріңді қалай түсіндіңдер?

Балалар өз ойларын айтады (3–4 баланың жауабы тыңдалады).

2) Ізденіс-ұйымдастыру кезеңі

Тәрбиеші балалардан: «Сендер нені үйренгілерің келеді?» — деп сұрайды. Бұған дейін «Алтын күз» мерекесінде жарамсыз заттардан әшекей жасағандарын еске түсіріп, бүгін түтікшеден шырша жасауды ұсынады.

Жұмбақ:

Тікен-тікей тік пісте,
Қысы-жазы бір түсте.
Ол не?

Жауабы: шырша

Шырша туралы қысқаша мәлімет

  • Шырша — жасыл түсті, қылқан жапырақты ағаш.
  • Таулы аймақтарда, орманда және үлкен қалалардың жасыл белдеуінде өседі.
  • Биік, орташа, аласа болып кездеседі; жыл бойы жасыл күйін сақтайды.
  • Шыршаны кесуге болмайды:ол ауаны тазартып, табиғатты көркейтеді.

Балаларға сұрақ: «Сендер шырша туралы тағы не білесіңдер?»

Қол еңбегі: түтікшеден «ғажайып шырша» жасау

Бүгін жаңа жылдағы шыршаны еске түсіре отырып, жарамсыз зат — түтікшелерден өз қиялымыздағы шыршаны құрастырамыз.

Дайын негіз

Шыршаның діңі алдын ала ағаштан дайындалады. Сырты ермексазбен қапталады. Тұғыры картоннан жасалып, ермексаз арқылы мықтап бекітіледі.

Сұрақ-жауап

«Мынау не?» — түтікшелер.
«Не үшін қажет?» — сусын, сүт, компот, айран сияқты сусындарды ішу үшін.

Жасау қадамдары

  1. 1 Жасыл түтікшелерді үш бөлікке кесеміз: ұзындау, орташа, кіші.
  2. 2 Төменгі бұтақтары ұзындау болғандықтан, ұзын бөліктерді діңге төменгі жағына мықтап орналастырамыз.
  3. 3 Діңнің ортасына орташа бөліктерді енгіземіз.
  4. 4 Діңнің жоғарғы бөлігіне кіші бөліктерді орналастырамыз.
  5. 5 Жапырақтары жайқалып тұруы үшін түтікшелерді өз ыңғайына қарай иіп, пішіндейміз.
  6. 6 Ең төбесіне түтікшеден жұлдызша жасаймыз.
  7. 7 Түрлі-түсті түтікшенің созылмалы, иілгіш бөліктерімен ойыншық жасап, шыршаны безендіреміз (мысалы, ескі жыл — ұлу, жаңа жыл — жылан).

Нәтижесінде жарамсыз заттан керемет, әсем шырша жасалады.

Сергіту сәті

«Бүгінгі іс-әрекетімізге кірісейік. Іске сәт, балалар!»

Тәрбиеші балалардың жұмысын бақылап, қажет жерде бағыт береді.

Логикалық ойын: «Ойлы болсаң, тауып көр»

Шарты: Бір бала үстел үстінде жасырылған суреттердің біреуін алады. Суретті өзі ғана көріп, қалған балаларға оны сипаттап, жұмбақтап, қимыл-қозғалыспен көрсетеді.

Ойын 6–8 баламен ойналады.

3) Рефлексия және қорытынды

Талқылау сұрақтары

  • Бүгінгі тапсырма ұнады ма?
  • Қиын болды ма, әлде қызық болды ма?
  • Қандай шырша көбірек ұнады? Неліктен?

Негізгі ой

«Көңілсіз іс — өнімсіз». Көңілді әрі ынтамен еңбектенсек, жарамсыз заттың өзінен де әсем бұйым жасауға болады. Еңбек — нәтиженің кілті: еңбексіз ешнәрсе бітпейді.

Еңбек туралы нақыл сөздер

«Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті».

«Күшіңе сенбе, ісіңе сен».

«Көз қорқақ, қол батыр».

«Еңбек ет те мақтан, ойнап-күл де шаттан».

Көңіл күйді бағалау

Балалар бүгінгі іс-әрекеттен алған әсерін смайликтер арқылы білдіреді.

Қорытынды: топтағы «көңілді шарлар» балаларға сыйға беріледі.

Күтілетін нәтиже

Білуі
Балалар іс-әрекетті жеке таңдап, өз мүмкіндігін бағамдай алады.
Меңгеруі
Жарамсыз зат — түтікшеден қажетті бұйымды (шырша) жасау тәсілдерін толық меңгереді.
Жасай алуы
Өз көңіл күйін бағалап, оны жеткізе алады.