Өлшенетін шамалардың көрсеткіштері

Метрология, стандарттау және сертификаттау

Сабақ туралы мәлімет

Сабақ тақырыбы
Өлшемдерді орындау әдістемелері
Сабақ түрі
Аралас
Оқыту әдістері
Репродуктивті, түсіндірмелі

Пәнаралық байланыс

  • Физика
  • Стандарттау және сертификаттау негіздері
  • Сызу

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Білімгерлерге теориялық және тәжірибелік мәлімет беру, өлшеу түрлерін және өлшемдерді орындау әдістерін түсіндіру.

Дамытушылық

Білімгерлердің өз ойын жеткізу қабілетін дамыту, теория жүзінде алған білімдерін тәжірибе барысында қолдану дағдысын жетілдіру.

Тәрбиелік

Теориялық білімді тәжірибеде қолдануға ұқыптылық пен жауапкершілік қалыптастыру, өлшеу мәдениетін дамыту.

Сабақты өткізу кезеңдері

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Білімгерлермен сәлемдесу.
  • Сабаққа қатысуды тексеру.
  • Сабаққа дайындықты тексеру.

Топқа бөлу

Білімгерлер төрт топқа түстер бойынша бөлінеді: қызыл, жасыл, көк, сары.

Тақырып пен мақсатты таныстыру

Сабақтың мақсаты — өлшеу түрлерін және өлшемдерді орындау әдістерін оқып-үйрену, негізгі ұғымдарды тәжірибемен байланыстыра түсіну.

Сонымен қатар топтық жұмыс ережелерімен таныстырылып, бірлескен жұмыстың тәртібі белгіленеді.

Мотивациялық кезең

Талқылауға арналған сұрақтар

Адам өмірінде өлшемнің орны қандай?

Өлшем — күнделікті өмірдің де, өндірістің де, ғылымның да негізі.

Ғылымның бастамасы не?

Өлшем және бақылау.

Өлшеу әдістерін білу маңызды ма?

Әрине. Өлшемдерді орындау әдістемелерін меңгеру болашақта тәжірибелік жұмыста үлкен көмек береді.

Негізгі ой

Дұрыс өлшеу — дәлдіктің, сапаның және қауіпсіздіктің кепілі. Бүгінгі сабақ осы дағдыны жүйелі түрде қалыптастыруға бағытталған.

II. Өткен тақырыпты қайталау

Тақырыпты бекіту үшін тест сұрақтары екі нұсқа бойынша ұсынылады.

Тест сұрақтары — 1-нұсқа

  1. 1. Метрология ережелері бойынша өлшеу құралдары қандай екі түрге бөлінеді?

    • А) Жұмысшы және эталон
    • Б) Негізгі және қосымша
    • В) Дәл және дәл емес
    • Г) Физикалық және физикалық емес
  2. 2. Салыстыру аспаптары қандай жағдайларда қолданылады?

    • А) Өлшенетін шаманы мәні белгілі шамалармен салыстыруға
    • Б) Нөлмен салыстыруға
    • В) Тұрақты санмен салыстыруға
    • Г) Қолданылмайды
  3. 3. Метрология дегеніміз не?

    • А) Өлшемдер туралы, олардың бірлігі мен талап етілетін дәлдігін қамтамасыз ететін әдістер мен құралдар туралы ғылым
    • Б) Өлшеу құралдары жүйесінде
    • В) Өлшеніп отырған физикалық шаманы оның бірлігімен өлшеу ұстанымына сәйкес салыстыру әдісі немесе әдістер жиынтығы
    • Г) Айырмасы өлшенетін екі біртекті шаманы салыстыруға негізделген өлшеу әдісі
  4. 4. Өлшеу құралдары дегеніміз не?

    • А) Шама бірлігін іс жүзінде жаңғыртатын, нормаланған қателіктері бар құрал
    • Б) Шамаларды біріктіретін құрал
    • В) Белгілі бір жүйеге келтіру құралы
    • Г) Белгілі бір нормаға келтіру құралы
  5. 5. Өлшеуіш аспаптар қандай мақсатта қолданылады?

    • А) Өлшеу ақпаратын алуға, қабылдауға және пайдалануға
    • Б) Өлшенген ақпаратты таратуға
    • В) Өлшемді өзгертуге
    • Г) Түрлендіруге
  6. 6. Салмақты өлшеудің қандай техникалық құралдары бар?

    • А) Өрескел өлшеуіш, техникалық таразы, аналитикалық таразы, метрологиялық таразы, торзионды таразы
    • Б) Термометрлер
    • В) Вольтметрлер
    • Г) Амперметр

Тест сұрақтары — 2-нұсқа

  1. 1. Өлшемнің нақты және номиналды мәні дегеніміз не?

    • А) Өлшемнің қателігі
    • Б) Өлшеу дәлдігі
    • В) Өлшеу ерекшелігі
    • Г) Өлшеу шегі
  2. 2. Өлшем деп нені айтады?

    • А) Берілген мөлшердегі физикалық шаманы жаңғырту (сақтау) үшін қолданылатын құрал
    • Б) Өлшенетін шамалардың көрсеткіштері
    • В) Белгілі көрсетілген шамалардың жиыны
    • Г) Кез келген өлшенетін шама
  3. 3. Электр тогының негізгі параметрлерін өлшеуде қандай аспаптар қолданылады?

    • А) Вольтметр, амперметр, омметр, частотомер
    • Б) Термометр, гигрометр, ареометр
    • В) Метр, сызғыш, циркуль
    • Г) Барлық жауап дұрыс
  4. 4. Температураны өлшеу аспабы қайсысы?

    • А) Термометр
    • Б) Ареометр
    • В) Гигрометр
    • Г) Сантиметр
  5. 5. Өлшемдердің метрлік жүйесі қашан енгізілді?

    • А) 1840 жылы Францияда
    • Б) 1940 жылы Ресейде
    • В) 1945 жылы Қазақстанда
    • Г) 1845 жылы АҚШ-та
  6. 6. Сапаны өлшеуге арналған метрология саласы қалай аталады?

    • А) Квалиметрия
    • Б) Симметрия
    • В) Сантиметрия
    • Г) Геометрия

Оқу орны және жауапты тұлғалар

Орналасқан жері

Алматы облысы, Талдықорған қаласы

Білім беру ұйымы

Талдықорған политехникалық колледжі

Жауапты тұлғалар

  • Оқытушы: Шаяхметов Н. Н.
  • Әдіскер: Жанысбекова Г. А.

Материал: «Өлшемдерді орындау әдістемелері».