Құжаттарды басу
Сабақтың тақырыбы
Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу. Мәтіндік құжатты баспаға шығару. Беттерді нөмірлеу. Құжаттарды басу. Кесте құру. Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру. Кестелерді жиектеу.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу, мәтіндік құжатты баспаға шығару, беттерді нөмірлеу, құжаттарды басу, кесте құру, ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру, кестелерді жиектеу туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелілік
Оқушыларды жан-жақты болуға және өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық
Оқушылардың есте сақтау және зейін қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі және құралдары
Сабақтың түрі
Практикум элементтері арқылы демонстрациялау және баяндау арқылы түсіндіру.
Көрнекі құралдар
- Компьютер
- Оқулық
- Практикум
- Тақта
Сабақтың өту барысы
-
1-кезең
Ұйымдастыру
-
2-кезең
Үй тапсырмасын тексеру
-
3-кезең
Жаңа тақырыпты түсіндіру
-
4-кезең
Тапсырмаларды орындау
-
5-кезең
Үй тапсырмасы
Қайталау сұрақтары
Өткен тақырыптарды қысқаша еске түсіруге арналған сұрақтар.
- 1. Мәтіндік құжатты пішімдеу деп нені түсінесіңдер?
- 2. Мәтінді белгілеу тәсілдерін атаңдар.
- 3. Мәтінді пішімдеу режимдерін атаңдар.
- 4. Абзацтық шегіністердің қандай түрлерін білесіңдер?
- 5. Жоларалық интервал түрлерін атаңдар.
Жаңа тақырып: мәтінді көшіру және орнын ауыстыру
Мәтіндік блокты көшіру немесе орнын ауыстыру үшін алдымен қажетті бөлікті белгілеңдер. Содан кейін Ctrl пернесін басып тұрып, белгіленген блокты тышқанмен сүйреп қажетті орынға апарыңдар. Көшіру кезінде курсор жанында «плюс» белгісі бар кішкентай төртбұрыш пайда болуы тиіс.
Алмасу буфері арқылы
Ақпаратты көшіру және орнын ауыстыру кезінде алмасу буферін пайдалануға болады:
- Правка → Копировать командасы арқылы буферге көшіріңдер.
- Правка → Вставить командасы арқылы буферден қойыңдар.
Назар аударатын тұс
Көшіру мен орнын ауыстыруды шатастырмау үшін, көшіру кезінде пайда болатын плюс белгісін бақылаңдар.
Беттерді нөмірлеу
Үлкен көлемді құжатпен жұмыс жасағанда беттерді нөмірлеу өте ыңғайлы. Ол үшін Вставка → Номера страниц командасын таңдаңдар.
Нөмір орнын баптау
- 1. Положение тізімінен нөмір орналасатын орынды таңдаңдар.
- 2. Выравнивание тізімінен тегістеуді таңдаңдар.
- 3. Қажет болса, Номер на первой странице қосқышын орнатыңдар.
- 4. Ок немесе Отмена батырмасын таңдаңдар.
Форматын баптау (Формат...)
Формат... диалогтық терезесі арқылы Формат номера страницы бөлімі ашылады:
- 1. Формат номера бөлімінен нөмірлеу форматын таңдаңдар.
- 2. Включить номер главы қосқышын қажетіне қарай қосыңдар немесе ажыратыңдар.
- 3. Нумерация страниц бөлімінде продолжить немесе начать параметрін таңдаңдар.
Құралдар панелі арқылы нөмірлеу
- 1. Вид → Колонтитулы командасын таңдаңдар.
- 2. Колонтитулы панелінен жоғарғы/төменгі колонтитулды таңдаңдар.
Құжатты баспаға шығару
Баспаға дейінгі қарап шығу
Құжатты баспаға жібермес бұрын Файл → Предварительный просмотр командасы арқылы алдын ала қарап шығыңдар.
Басып шығару (Печать)
Файл → Печать командасын таңдаңдар да, параметрлерді баптаңдар:
- Принтер бөлімінен қажетті принтерді таңдаңдар.
- Копии бөліміндегі Число копий өрісіне даналар санын енгізіңдер.
- Страницы бөлімінде қай бөлік басылатынын көрсетіңдер: Всё (бүкіл құжат), Выделенный фрагмент (белгіленген бөлік), Текущая (ағымдағы бет), Номера (бет нөмірлері бойынша).