Қойсана ана

Қазақ тарихындағы әйелдер: Қойсана ана

Қойсана ана — Тарақты Байғозы батырдың қызы. Ол қазақ-жоңғар соғысындағы белгілі қолбасшы Шұбыртпалы Ағыбай батырдың анасы ретінде танылған.

Ел аузындағы ерлік оқиғасы

Ел ішінде Қойсана ананың батылдығын айқындайтын бір оқиға айтылады: Ағыбайға екіқабат кезінде, түн жамылып, елдің жалқысын ұрлап бара жатқан барымташылардың соңынан қуып жетіп, бәрін аттан түсіріп, байлап ауылға әкелген деседі.

Ауылға жеткізілген соң қарақшылардың басшысы: «Бізді аттан түсірген әйелдің күші емес, оның ішіндегі баласының күші» деген екен.

Көп ұзамай Қойсана ана Ағыбай батырды дүниеге әкеледі.