Алма ағашын пайдаланып жуан және жіңішке сөздерді екі алма ағашына тізу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №234 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі — Жомартова Қарлығаш.
Сабақтың тақырыбы: Буын үндестігі
Білімділік мақсаты
Буын үндестігі туралы жалпы түсінік қалыптастыру, ұғымды жүйелі түсіндіру.
Тәрбиелік мақсаты
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу; жағымды қасиеттерді бойына сіңіру.
Дамытушылық мақсаты
Ойын анық, дәл жеткізуге және пікірін еркін айтуға дағдыландыру.
Негізгі ұғым: буын үндестігі
Буын үндестігі — сөздің соңғы буынының жуан не жіңішке болуына қарай қосымшалардың да бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке түрінде жалғануы.
Қосымшалардың жуан түрде жалғануы
- Жұмыс — шы — лар — ға
- Қуаныш — та — рың — ды
- Ақыл — ды — лық — қа
Қосымшалардың жіңішке түрде жалғануы
- Еңбек — ші — лер — ге
- Сүйініш — те — рің — ді
- Естілік — ке
Талқылауға арналған сұрақ
Неліктен қосымшалар сөздің соңғы буынымен үндесіп жалғанады? Өз ойыңды мысалмен дәлелде.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу: «Сәлеметсіздер ме, оқушылар!»
II. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ қою арқылы үй тапсырмасын тексеру, бақылау және бағалау.
III. Жаңа сабақты меңгерту
Өткен білімді еске түсіру үшін сұрақтар:
- Буын үндестігі дегеніміз не?
- Мысал келтіріп, өз жауабыңды дәлелде.
Оқулықпен жұмыс
14-жаттығу
Жуан дауысты дыбыстары бар сөздерді бір бағанға, жіңішке дауысты дыбыстары бар сөздерді екінші бағанға көшіріп жаз:
Әнші, батырлық, жұмысшы, көрермендер, жолдастар, күздік, өзендер, балалық, жүзім, ағаш.
16-жаттығу
Сөйлемдерді көшіріп жаз:
- Тәкежан Әбіштің сөзін тыңдаған жоқ.
- Барғысы келмеген әкемді нағашым еріксіз әкетті.
- Мейрам шахтаға кетті.
- Батырлық майданда сыналады. (мақал)
Тапсырма: жуан дауыстылардың астын бір сызықпен, бірыңғай жіңішке дауыстылардың астын екі сызықпен сыз.
Сергіту сәті
«Күйші» әуенімен қысқа сергіту жаттығулары.
Салыстыру кестесі (ой бөлісу)
«Баяғыда буын үндестігі деген бір адам өмір сүріпті. Оның жуан және жіңішке деген егіз баласы болыпты. Егіздер өте ақылды болып, бір-біріне көмектесіп отырады екен…»
Тапсырма: берілген сөздерді жуан және жіңішке сөздерге бөліп, екі «алма ағашына» тізіп жаз.
Қуанышты, көңілді, қайратты, әділетті, ақылды, көрікті, байсалды, мейірімді, парасатты, тәрбиелі.
22-жаттығу
Сөздер: Әсемпаз, өнерпаз, дәріхана, емхана, арбакеш, әуесқой, сәнқой, бокске, парктен, цехта.
Тапсырма: қалың қаріппен берілген сөздермен сөйлем құра.
- Біздің Самат — өнерпаз бала.
- Атам арбакешке мініп, ауылды аралап шықты.
- Біздің сыныпта Раушан — әуесқой әнші.
- Балалар бокске барғанды жақсы көреді.
IV. Жаңа сабақты бекіту
Талдау
- Жұмыс — соңғы буыны қалай үндесіп тұр?
- Еңбек — соңғы буыны қалай үндесіп тұр?
Қайталау сұрақтары
- Буын үндестігі дегеніміз не?
- Сен оны қалай түсінесің? Мысал келтір.
V. Қорытынды және үй тапсырмасы
15-жаттығу
Өлеңді оқып, жатқа жаз:
Нан анасы – бидаймын,
Ырзықты елге сыйласпын.
Дәнім толып, піскенде,
Қауызыма сыймаспын.
(Әбдібай Тобилдиев)
Қосымша тапсырма: қалың қаріппен берілген сөздерге жалғанған қосымшалардың жуан не жіңішке екенін анықтап, себебін түсіндір.
VI. Бағалау
Оқушылардың жауаптары мен тапсырмаларды орындауына қарай қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.