Отбасы мүшелерін ата
Тақырыбы
Ынтымақты отбасы
Мақсаты
Балаларды ата-аналарымен бірге ұйымдастырылған бас қосу кешіне қатыстыра отырып, отбасының Отанның бір бөлшегі екенін ұғындыру; ынтымақ пен шеберлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі
Дәстүрлі емес бас қосу кеші (танымдық сайыс)
Керекті құралдар
- Мультимедиа
- Үнтаспа
- Суреттер
Қатысушылар
Мектепалды даярлық топтарының ата-аналары мен балалары: Қонжық, Қыран, Жұлдыз, Інжу.
Кештің ашылуы
Тәрбиешінің жыр шумағы
Анаң — күнің, жүрегің,
Әкең — өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
Әжең — асыл ардағың,
Атаң — дала қорғаның.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
Қошемет сөз
Армысыздар, құрметті ата-аналар мен жанкүйерлер! Біздің сайысымызға қош келдіңіздер!
Адам бар ма ана сүтін татпаған, алуан-алуан ауыр сыннан өтпеген? Адалдықты, ар-намысты сақтаған әкенің жолына әрдайым мақтанамыз. Бүгінгі «Ынтымақты отбасы» атты сайысқа мектепалды даярлық топтарының ата-аналары қатысады.
Сайыскерлер мен әділқазылар
Сайыскер топтар
- Қонжықтар тобы
- Қыран тобы
- Жұлдыздар тобы
- Інжу тобы
Әділқазылар алқасы
Сайыскерлерімізді әділ бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстырамыз.
(Бұл бөлімге іс-шараға сай нақты есімдер мен лауазымдар енгізіледі.)
Сайыс құрылымы
Байқау 8 бөлімнен тұрады. Сәлем беру — салтымыз; сайыскерлер сайрап, жеті атасын санайды.
Сайыс бөлімдері
1-бөлім. Өзін-өзі таныстыру
Сайыскерлер өздерін және отбасын таныстырып шығады.
2-бөлім. «Ынтымағы жарасқан менің отбасым»
Ата-аналар мультимедиа көмегімен отбасы туралы слайд арқылы әңгімелейді.
3-бөлім. «Тұжырымды ой айтайық»
Қатысушылар әділқазылар алдына келіп, бір билеттен алып, сұрақтарға жауап береді.
4-бөлім. «Мақал — сөздің мәйегі»
- Бұл бөлімде әр отбасы мүмкіндігінше көп мақал айтады.
- Экранда мақалдың басы көрсетіледі, ал қатысушылар жалғасын табады.
- Әр отбасыға бір мақалдан беріледі.
5-бөлім. «Баламмен бірге ойнай отырып ойланайық»
Бұл бөлім 4 ойыннан тұрады.
1-ойын
Арқан тартыс
Арқан тартылады. Жеңген топ келесі топты ортаға шақырады.
2-ойын
«Алақанынан мінезін таны»
Отбасы басшысының көзі таңылып, көрші отбасы басшысының мінезін сипаттайды.
3-ойын
«Балаңызды жүзінен таны»
Ананың көзі байланады. Қатар отырған балалардың арасынан сипап сезу арқылы өз баласын табады.
4-ойын
«Көңіл күйді жаттықтыру»
Қоржыннан асық алынады. Әр асықта тапсырма жазылған:
- 1-асық: жылап тұрған адамның кейпін көрсету
- 2-асық: қатты күліп тұрған адамның кейпін көрсету
- 3-асық: өлең айтып тұрған адамның кейпін көрсету
- 4-асық: қатты таңғалып тұрған адамның кейпін көрсету
- 5-асық: билеп тұрған адамның бейнесін жасау
6-бөлім. «Бала тілі — бал»
Балалар тәрбиеші қойған сұрақтарға жауап береді:
- Отбасы мүшелерін ата.
- Қандай тағамды жақсы көресің?
- Сен кімді жақсы көресің?
- Отбасы туралы тақпақ айтып берші.
7-бөлім. «Көңілді күй сыйлайық»
Әр отбасы өз өнерін көрсетеді (ән, би, көрініс, өлең оқу және т.б.).
8-бөлім. Қорытынды және марапаттау
Тәрбиешінің қорытынды сөзі
Бүгінгі күн әр шаңырақтың той басы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым еткен байқауымыздың соңында,
Ақ тілекпен әділқазы сөз алар.
Әділқазылар қорытынды шығарып, нәтижелер жарияланады.
Жеңімпаздар мен қатысушылар сыйлықтармен марапатталады.
Жабылу сөзі
Жүргізуші
Осымен бүгінгі «Ынтымақты отбасы» атты танымдық сайысымыз аяқталды. Қатысқан ата-аналарға көп рақмет! Сау болыңыздар!