Тәуелсіздік жолында құрбан болған қазақ халқының ерлігімен таныстыру
Мақсаты
- Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру.
- Тәуелсіздік жолында құрбан болған қазақ халқының ерлігімен таныстыру.
- Еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішінде жеткен жетістіктерін көрсету.
- Балаларды туған жерін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
Барысы
Тәрбиешінің құттықтауы
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгін Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған «Тәуелсіз елім — Қазақстан!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық.
26 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өтіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние жүзіндегі ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізу жолында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың да ерен еңбегін атап өтеміз.
Тәуелсіздік күні — елдік мереке
Тәуелсіздік күні — еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке. Себебі бұл жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтіп өтті.
Қазақстан Республикасы 1991 жылғы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Бүгінде Қазақстан дүние жүзінің көптеген елдерімен байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды.
Мемлекеттік рәміздер
- Әнұран
- Ту
- Елтаңба
- Төл теңге
Түйін ой
Қазақстан Туымен — тұғырлы, Елтаңбасымен — еңселі, Әнұранымен — айбатты.
Хор
Әнұран
Балалардың арнаулары
1-бала — Асылбек
Құтты болсын Тәуелсіздік мерекеміз!
Мықты болсын еліміздің керегесі.
Жүректе намыс оты лапылдаған,
Күш-жігері жастардың сарқылмаған.
2-бала — Ырысгүл
Ел жоқ, білем, аңсамаған теңдікті,
Еркін жүріп, көксемеген кеңдікті.
26 жыл тәуелсіздік алдық біз,
Жалғастырып баба жолын — елдікті.
3-бала — Темірхан
Әнұраным бар ұрпаққа өсиет шашқандай,
Теңгеміз бар тайға таңба басқандай.
Көк байрағым көкте биік желбіреп,
Бірлікке шақырып бізді жатқандай.
4-бала — Бағдагүл
Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын.
Тату-тәтті бірлік болып қашанда,
Бейбіт өмір бар халықта сақталсын.
Ән
«Көк тудың желбірегені»
5-бала — Айәділ
Егеменді ел болдық алға басып,
Мерекені қазақ тойлар асып-тасып.
Төрткүл дүние өзімді танып отыр,
Мойындатқан тарихым мен даңқым асып.
6-бала — Алдияр
Шаттанатын бар әлем бүгін жайын,
Биіктерден көрінетін Туым — дайым.
Құтты болсын ата-баба арманы,
Тәуелсіздік, туған ел — алғандайым.
7-бала — Бұлбінұр
Жаныма ыстық нұрлы шақ,
Мінекей ашты гүл құшақ.
Арайлы таңдай Алтын Заң,
Өзіңмен елім мәңгі шат.
8-бала — Айсұлтан
Әділет құшып барлығы,
Жаңғырды адам тағдыры.
Жасай бер, жанға сая боп,
Алтын Заң — алтын таң нұры!