Сабақта қолданатын материалдар

Сабақ туралы жалпы мәлімет

ОҚО, Созақ ауданы, Шолаққорған жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Өтепов Талғат Рәзімханұлы 5-сыныпқа арналған «Тіл дамыту» сабағын өткізеді.

Пән

Қазақ тілі

Сынып

5-сынып

Сабақтың тақырыбы

Тіл дамыту

Мақсаты

  • Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
  • Логикалық ойлауға баулу.
  • Ойды жүйелі мазмұндап жазуға үйрету.

Оқу нәтижесі

  • Сыни ойлау арқылы әдеби тілде сөйлеп, әдеби тілде жаза алады.
  • Шығармашылық тапсырмаларды орындайды.
  • Теориялық білімін тереңдетеді және бекітеді.

Оқыту әдістері

Сыни тұрғыдан ойлау Топтық жұмыс Өзара бағалау Кері байланыс

Дереккөздер

  • Оқулықтан тыс қосымша материалдар (кітаптар).
  • Интернет материалдары.

Сабақта қолданылатын материалдар

Сабақ құрылымын белсенді әрі көрнекі ұйымдастыру үшін түрлі ресурстар пайдаланылады:

Топқа бөлу

Топ атаулары жазылған парақша, түрлі түсті кәмпиттер.

Көрнекілік

Қызықты суреттер топтамасы, тұлпар, киіз үй, бүркіт, күн суреттері.

Техника және құралдар

Экран, проектор, ноутбук, слайдтар, плакат, маркер, желім.

Бағалау және кері байланыс

Кері байланыс парағы, өзара бағалау элементтері.

Тапсырмалар

  1. 1) Астарлы суреттердің мағынасын ашу, ойды интерпретациялау.
  2. 2) Сурет қиындыларын құрастырып, бейне бойынша критерийлерге сүйеніп жауап беру және постер жасау.
  3. 3) Аңыз мәтінін аудиожазбадан тыңдап, «Жарысты жалғастыр» әдісімен кезектесе жазу және ортақ мәтінді параққа түсіру.

Сабақ барысы

Қызығушылықты ояту кезеңі

Оқушыларға жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру үшін төмендегі әрекеттер орындалады:

  • Оқушылардың қатысуын тексеру.
  • «Біздің сынып» тақырыбындағы әуенді таныстырылымды көрсету.
  • Түрлі түсті кәмпиттер арқылы оқушыларды 4 топқа бөлу.

Мағынаны ажырату кезеңі

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаттары таныстырылады: сыни ойлау арқылы сөйлем құрау, әдеби тілде сөйлеу, әдеби тілде жүйелі жазу, сөздік қорды тиімді пайдаланып, шығармашылықпен жұмыс жасау.

Ойсергек: «Қызықты суреттер»

Әр топқа бір сурет таратылады. Оқушылар суреттің астарына үңіліп, өз түсіндіруін (интерпретациясын) ұсынады. Талқылаудан кейін әр топтан бір оқушы жауап береді.

Суреттерді талдау нәтижелері

Төмендегі сипаттамалар оқушылардың суреттерді түсіндіруі арқылы ашылатын негізгі ойларға бағыт береді.

1-сурет: Істің көзін таба алмау

Адам көп әрекет жасағанымен, нәтиженің неге шықпай тұрғанын байқай бермейді. Мысалы, ағашқа су құя бергенімен, оның өсіп-өнбейтініне ықпал ететін өзге жағдайларды ескермейді.

2-сурет: Соғыс зардабы

Соғыстың салдары баланың психологиясына ауыр әсер етеді. Тіпті қағаз ұшақ сияқты зиянсыз нәрсенің өзі қорқыныш тудыруы мүмкін.

3-сурет: Ата-ана мен бала байланысы

Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың әлсіздігі байқалады. Бала өзін оқшау қалғандай, «аралда жалғыз қалған» күйде сезінуі мүмкін.

4-сурет: Экология мәселесі

Табиғатқа немқұрайлы қараудың салдары көрсетіледі: ағаштар оталып, олардың орнына тас үйлер бой көтерген. Бұл ой қоршаған ортаны қорғау жауапкершілігіне жетелейді.