Қош бол, сүйікті әліппе

Қош бол, сүйікті әліппе!

Бүгінгі қуанышты күн — әліппемен қоштасу мерекесі. Құтты болсын!

М

Мұғалімнің құттықтауы

Бүгін — балалардың алдағы бағындырар биік белестерінің ең алғашқы қадамы: әліппемен қоштасу. Білім жолындағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілеймін.

Енді бүгінгі мерекеде осы жарты жыл ішінде меңгерген білімдерін тамашалаңыздар.

1-жүргізуші

Өлең

Өтті оқу сан сабақ,
Бүгінгі үлкен салтанат.
Оқулықпен достастық,
Әліппемен қоштастық.
Өсті міне ойымыз,
Құтты болсын тойымыз!

2-жүргізуші

Өлең

Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ болып бүгінгі өскен ойымызға.
Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға!

Қысқа диалог

Жүргізуші

Біз оқи да, жаза да алатын болдық. Бұл білімді бізге не үйретті?

Балалар

Әліппе — біздің досымыз.

Жүргізуші

Ендеше, әліппені ортаға шақырайық!