Көмектес септіктегі сөздерге сұрақ қой

Амандасу рәсімі

Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Көк аспан!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам.

Қазақ елім самғасын,
Қанаттары талмасын.
Шала болмас тілдері,
Қазақша бәрі сайрасын.

Сабақтың мақсаты

1) Түсіндіру

Оқушыларға көмектес септігінің қызмет өрісінің кең екенін жаттығулар орындау барысында түсіндіру.

2) Талдау дағдысы

Сөйлем ішінен ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздерді сөз құрамына талдап, оларды байланысатын сөздерімен теріп жазу арқылы жалғауларын ажырата білу дағдысын қалыптастыру.

3) Тәрбиелік бағыт

Баланың бойында қоршаған ортаға деген адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру және жетілдіру.

Өткенді қайталау

Мысалдар (Әли)

  • Әлидің әкесі
  • Әлиге айту
  • Әлиді шақыру
  • Әлиде бар
  • Әлиден сұрау

Мысалдар (пойыз)

  • Пойыздың іші
  • Пойызды көру
  • Пойызға келу
  • Пойызда кездесу
  • Пойыздан түсу

Тапсырма

Қарамен берілген сөздерге сұрақ қойыңдар.

Көмектес септігі

Мысалдар

  • Арамен кесу
  • Балғамен ұру
  • Велосипедпен келу
  • Пойызбен кету
  • Араймен бару

Сұрақтары

Кіммен?

Немен?

Кімдермен?

Нелермен?

Жалғаулары

-мен -бен -пен

Бұл жалғаулар сөздің дыбыстық үйлесіміне қарай қолданылады.

Сұрақтар мен тапсырмалар

  • Қазақ тілінде неше септік бар? Әрқайсысын атап шығыңдар.
  • Қай септіктің жалғауы жоқ?
  • Ана, дала сөздерін септеңдер.

Оқулық бойынша жаттығулар

1-жаттығу

Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қызылмен берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын тап.

Дағды: түбір + қосымша
  1. 1) Қоғамдық көлікпен жүру ережелерін білесің бе? Үлкен адамдармен қашанда «сіз» деп сөйлес.

  2. 2) Әміре халық әндерін үлкен сезіммен шырқады.

  3. 3) Әсет басқа ақындармен айтысқанда, өзінің білімділігін байқатты.

2-жаттығу

Жұмбақтарды оқы. Көмектес септіктегі сөздерге сұрақ қой.

Кіммен? Немен?

Жұмбақ 1

Желмен ұшып жетеді,
Желмен ұшып кетеді.
______________________

Жұмбақ 2

Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.

3-жаттығу

Сөйлемдерді көшіріп жаз. Көмектес септіктегі сөздерді тауып, қосымшаларын белгіле.

Белгіле: -мен / -бен / -пен
  1. Барлық ат күміс ер-тоқыммен ерттелген.

  2. Әжесі Гауһармен мұражайға барды.

  3. Алмагүл сыпырғышпен еден сыпырып жүр.

  4. Ғани Әсетпен шахмат ойнады.

  5. Бұл шипажайда адамдар қымызбен емделеді.

4-жаттығу

Тиісті қосымшаларды орнына қойып, сөйлемдерді оқы.

Таңдау: -мен / -бен / -пен
  1. Егістікте қыста қарды трактор ( -пен, -мен ) тоқтатады.

  2. Дәулет балықты қармақ ( -бен, -пен ) аулады.

  3. Шынар Астанадан ұшақ ( -мен, -пен ) ұшып келді.

  4. Әселдің әжесі ине ( -пен, -мен ) түйме қадады.

  5. Дариға көйлегін үтік ( -бен, -пен ) үтіктеді.

Деңгейлік тапсырма

Нұсқау

Қажетті сөздерді пайдаланып, сұрақтарды қой. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді орналастыр.

Сөздер банкі

Әліппе анамның (әкемнің, әпкемнің т.б.) Асқарды Маратқа ашықхатқа әліппеден шаңғымен

Есте сақтауға арналған тәсіл

  • Кез келген мәтіндегі сөйлемдерден септік жалғаулы сөздерді тауып үйрен.
  • Берілген сөйлемдердегі сөздерге тиісті септік жалғауларын жалғап, мағынасына назар аудар.

Қорытынды

Негізгі ереже

Көмектес септігі іс-әрекеттің кіммен немесе немен атқарылғанын білдіреді.

Сұрақтары

Кіммен? Немен? Кімдермен? Нелермен?

Жалғауы

-мен, -бен, -пен

Бағалау

Оқушылардың жаттығуларды орындауы мен септік жалғауларын дұрыс қолдануына қарай бағаланады.

Үй тапсырмасы

  • Суретте бейнеленген заттардың атауларына жалғау жалғап, әр сөзді байланыстырып жаз.
  • Осы материалдан сөз тіркестерін іріктеп, 5 сөйлем құрастыр.