Әңгімені сахналауды ұсыну

Тақырып және ортақ бағыт

Тақырыбы
«Мақта қыз бен мысық» (қуыршақ театры)
Ортақ тақырып
«Жолдар бізді қайда бастайды?»
Бағыт
Сөйлеу мәдениеті, сәлемдесу әдебі, рөлдік қарым-қатынас

Оқыту мақсаттары

Сөйлеу дағдылары

  • 0.1.1.1 Ілікпе сөздер мен фразаларды айту кезінде тыныс алуды реттеу.
  • 0.1.1.2 Дыбыстарды әртүрлі екпінмен анық әрі дұрыс айту; сыбырлап та, қатты да айту.
  • 0.1.2.3 Интонация түрлерін ажырата алу және дұрыс қолдану.

Театрландыру және өзара әрекет

  • 0.3.1.4 Басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түсу.
  • 0.3.1.5 Түрлі қуыршақтарды (киілмелі, сылдырмақты) пайдаланып, қуыршақты басқарудың кейбір тәсілдерін меңгеру.
  • 0.3.1.6 Ым-ишара, дауыс ырғағы және ойын атрибуттары арқылы таныс шығарма негізінде кейіпкер бейнесін жасау.

Күтілетін нәтиже

Барлық тәрбиеленушілер

  • Ілікпе сөздер мен фразаларды айтуда тыныс алуды реттейді.
  • Дыбыстарды әртүрлі екпінмен анық әрі дұрыс, сыбырлап және қатты айта алады.

Көпшілік тәрбиеленушілер

  • Интонацияны ажыратады және дауыс мәнерін келтіре алады.
  • Басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынас жасай алады.

Кейбір тәрбиеленушілер

  • Киілмелі, сылдырмақты қуыршақтармен жұмыс істеудің кейбір тәсілдерін меңгереді.
  • Ым-ишара, дауыс ырғағы және атрибуттар арқылы кейіпкер бейнесін сенімді жеткізеді.

Тілдік мақсат

Дағдылардың дамуы

  • Алынған ақпарат бойынша толық жауап беру.
  • Әңгіме мазмұны бойынша диалог құрастыру.
  • Лексиканы қолдана отырып, образды жеткізу.

Көптілділік

Сәлем!

Привет! — Hi!

Сәлеметсіз бе!

Здравствуйте! — Hello!

Қайырлы таң!

Доброе утро! — Good morning!

Негізгі терминдер

  • Ассалаумағалейкүм
  • Уағалейкүмассалам

Пікір алмасу сұрақтары

  • «Үлкенге құрмет» дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Қандай сәлемдесу түрлерін білесіңдер?

Алдыңғы білім

Тәрбиеленушілер ым-ишараны, дауыс ырғағын және ойын атрибуттарын қолдана алады; интонацияларды ажыратады; ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтады. Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен дауыс мәнерін сәйкестендіре алады.

Сабақ барысы

I. Көңіл күй қалыптастыру

0–2 минут

Тәрбиеленушілерге жағымды ахуал қалыптастыру үшін шағын өлең жолдары айтылады:

Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды ұрайық,

Күннің нұрын салайық,

Таза ауадан алайық,

Жылуын жүрекке салайық.

Жиналған жылы шуақты

Бір-бірімізге шашайық.

Қонаққа барғанда, қонақ келгенде, мектепте немесе көшеде адамдардың бір-бірімен қалай амандасатынын еске түсіру ұсынылады.

II. Өмірлік тәжірибені өзектендіру

3–5 минут

Ойын-жаттығу: «Сәлемдесу»

Балалар бір-бірін қайталамай, әртүрлі дауыс ырғағымен және қимыл-қозғалыспен амандасады.

III. Тақырып бойынша жұмыс

6–27 минут

Әліппе-дәптер

1-тапсырма

Берілген сурет бойынша өз достарымен сәлемдесуді көрсетіп, қайталау.

Айсұлу: Әдепті баланың тәрбиесі сәлемінен-ақ көрінеді. Халқымыз ежелден сәлемдесуге ерекше мән берген. Әңгімені амандасудан, есен-саулық сұрасудан бастаған. Қол алысып амандасуға да ерекше көңіл бөлген.

  • Сәлемге байланысты қандай сөздерді білесіңдер?
  • Тәулік мезгіліне қарай: «Қайырлы таң!», «Қайырлы күн!», «Кеш жарық!» деп амандасады.
  • Кім бірінші болып амандасуы керек?

Жауап үлгісі: кіші адам үлкенмен, ер бала қыздармен бірінші болып амандасады. Үйге немесе сыныпқа кірген адам отырғандармен алдымен сәлемдеседі; кетерде қоштасады.

Рөлдік диалог

Сәлемдесу үлгілері

Ата мен баланың сәлемдесуі

— Ассалаумағалейкүм!

— Уағалейкүмассалам!

Ата мен әженің сәлемдесуі

— Амансың ба?

— Есенсің бе?

Әже мен немеренің сәлемдесуі

— Сәлеметсіз бе?

— Амансың ба, шырағым?

Көптілділік

  • Сәлем! — Привет! — Hi!
  • Сәлеметсіз бе! — Здравствуйте! — Hello!
  • Қайырлы таң! — Доброе утро! — Good morning!

Тіл ұстарту

2-тапсырма

Қуаныш балаларды тіл жаттықтыруға шақырады:

Же-же-же — мейірімді әже.

Лем-лем-лем — мен айтамын сәлем.

Ол-ол-ол — зерлі қамзол.

Көркем әдебиетпен байланыс

3-тапсырма

«Тіл дамыту және көркем әдебиет» сабағында танысқан «Кішіпейіл бала» әңгімесін еске түсіру. Сызба бойынша мазмұнын айтып, досыңмен бірге диалог құрастыру ұсынылады.

Әңгімені сахналауға болады: балалар «сиқырлы дорбадан» кейіпкерлердің суреті бар карточкаларды алады (ана, бала, сатушы, әже), ал қалғандары көрермен болады.

Сахналау

Театрға бару диалогі

Кассадан билет алу

1-бала: Сәлеметсіз бе, кассир апай!

2-бала (кассир): Сәлеметсіңдер ме, балалар!

1-бала: Бізге театр қойылымына билет бересіз бе?

2-бала (кассир): Әрине!

Балалар ақша төлеп, билет пен бағдарламаны алады.

Балалар: Рақмет!

Кассир: Оқасы жоқ!

Балалар билеттеріне сәйкес орындарына отырады.

Шығармашылық жұмыс

4-тапсырма

Жеке жұмыс

Айсұлу әжеге сыйлық жасауға ұсынады: әжеге сыйлыққа ұнайтын заттың суретін салу (орамал, көзілдірік, сақина, білезік және т.б.).

Қосымша мәлімет

Педагогтің аты-жөні
Құттымбетова Т. Н.
Материал
«Мақта қыз бен мысық» (қуыршақ театры)