Барлығыңа рахмет
Тақырыбы: «Дос болайық бәріміз»
Білім беру саласы
Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Айналамен танысу, экология, құрастыру, математика
Мақсаты
- Балалардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату; бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен достасуға үйрету.
- 3 көлемінде санап үйрету; сандарды тура және кері санау.
- Балалардың тіл байлығын дамыту; ауызша қосып-алуға дағдыландыру.
- Геометриялық пішіндер туралы түсінігін бекіту; түстерді ажыратуға үйрету.
- Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру: көмек көрсету, сыйластық, бірлік.
- Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері
Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, талдау
Көрнекіліктер мен құралдар
Үлгі, сусын қорапшалары, дайын бейнефильм, музыка әуені
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру: қонақтармен амандасу
Тәрбиеші: «Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті. Қане, барлығымыз қонақтармен амандасайық!»
Шаттық шеңбер
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
«Сәлеметсіздер ме!» — деп сәлемдесіп аламыз.
Біздің топта балалар
Тату-тәтті ойнаймыз.
Дос көңілі әрқашан
Тек жақсылық ойлаймыз.
«Күлімдеген күн» ойыны: жақсы тілек айту
«Бүгінгі күніміз жақсы өтуі үшін бір-бірімізге жылы тілектер айтайық. Күніміз шуақты болсын деп, киім ілгішке тілегімізді айтып, мына домалаққа біртіндеп ілеміз. Міне, күлімдеген күніміз дайын!»
Ғажайып сәт: Жалқаубек келеді
Есік қағылып, топқа Жалқаубек кіреді.
Жалқаубек: «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Жалқаубекпін. Сендерде не болып жатыр? Қонақтар да көп екен.»
Тәрбиеші: «Жалқаубек, келгенің қандай жақсы болды. Бізге қосылшы. Неге кір-қожалақ, жалқау болып жүре бересің?»
Жалқаубек: «Енді не істеймін? Менің достарым да жоқ. Үйде де жалғызбын. Ешкім менімен дос болғысы келмейді.»
Тәрбиеші: «Неге олай дейсің? Бізге қосылсаң, дос та табасың. Үйің де, ойыншығың да болады. Ең бастысы — өзіңді өзгертуге тырыс.»
Жалқаубек ойланып, сыртқа шығып кетеді.
Мотивация: дос болуға үйренеміз
«Балалар, бүгін Жалқаубекке көмектесейік. Онымен дос болайық. Ол қайта келгенше, достық туралы ойымызды тыңдайық».
Көрініс: достық туралы бейнесюжет көрсетіледі.
«Балалар, ұнады ма? Дос дегеннің не екенін түсіндіңдер ме?»
Достық туралы тақпақтар
Досыңа бол адал жан,
Бірдей бөліс сынақты.
Бір нүктеге қадалған
Екі көзің сияқты.
Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз.
Бірге балық аулаймыз,
Міне, біздер қандаймыз!
Қайта оралу: уәде және өзгеріс
Жалқаубек уәдесінде тұрып, жуынып, тап-таза киіммен қайта кіреді.
«Жарайсың, Жалқаубек! Енді біз де уәдемізді орындайық: мына сусын қорапшаларын бір-біріне жалғап, үй құрастырайық».
Музыка қосылады.
Сергіту сәті
«Жалқаубек» әнімен сергіту жаттығуы орындалады.
Математика және құрастыру: сұрақ-жауап
Үй құрастырылып болған соң, балалармен сұрақ-жауап жүргізіледі:
- Үйден қандай геометриялық пішіндерді көріп тұрсыңдар?
- Күніміз қандай пішінге ұқсайды?
- Үйдің неше қабырғасы бар?
- Үй шатыры қандай геометриялық пішінге ұқсайды?
- Үшбұрышты кім көрсетеді?
- 1-ден 3-ке дейін тура және кері санап беріңдер.
- Үй қабырғаларындағы қандай түстерді білесіңдер?
Қорытынды: сыйлық және достық
«Міне, балалар, үйіміз дайын. Енді осы үйді Жалқаубекке сыйлайық. Ол да бізбен бірге құрастыруға көмектесті — уәдемізді орындадық».
Тәрбиеші: «Балалар, Жалқаубекпен дос боламыз ба?»
Тәрбиеші: «Жалқаубек, сені бұдан былай “Білгішбек” деп атаймыз. Енді жалқау болма, балабақшамызға жиі кел. Достарың көп болады, білімді де өнерлі боласың».
Мадақтау сөздері айтылады.
Рефлексия
«Балалар, сендерге рахмет. Бүгін үлкен жақсылық жасадыңдар.»
- Бүгінгі іс-әрекет ұнады ма?
- Досымыз көп болуы үшін қандай болуымыз керек?
Әнмен аяқтау: «Дос болайық бәріміз»
Сөзін жазған: X. Талгаров • Әнін жазған: И. Нүсіпбаев
Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер.
Ту ғып ұстап бірлікті,
Еңбекті сүйіңдер.
Қайырмасы:
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.