Орынбор қаласы - тұнғыш астана

Ұзақ мерзімді жоспар және сабақ туралы

ҰМЖ тарауы

5.3В — Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану (35 сағат), 5-сынып

Сабақ тақырыбы

Ондық бөлшектерді қосу және азайту

Оқу мақсаты (бағдарламаға сілтеме)

5.1.2.27 Ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау.

Бағалау критерийі

  • Ондық бөлшектерді қосады және азайтады.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

  • Ондық бөлшектердің жазылуы және оқылуы.
  • Ондық бөлшектерді салыстыру.
  • Координаталық сәуледегі орнын анықтау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар

Ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындайды.

Басым оқушылар

  • Амалдардың орындалу ретін анықтайды.
  • Ондық бөлшектерді қосу және азайту амалдарын орындайды.
  • Алған білімдерін тиянақтайды.

Кейбір оқушылар

  • Мәтін есептің шартын жазады.
  • Өрнек құрастырады және шығарады.
  • Сабаққа қызығушылығы артып, ойын жүйелі түрде жеткізеді.

Сабақтың басы (13 минут)

Ұйымдастыру жұмысы

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Топқа біріктіру: оқушыларға әріптері бар кеспе қағаздар таратылады. Оқушылар сол әріптерден сөз құрап, Қазақстанның астаналарының атауларын шығарады: Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана. Осы атаулар бойынша топтарға бөлінеді.

Психологиялық ахуал

«Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі сабаққа дайынбыз ба? Көңіл күйлеріңіз қандай?»

Оқушылар смайликтер арқылы көңіл күйлерін білдіреді.

Бағалау және рөлдер

  • Топ басшыларын оқушылар өздері сайлайды.
  • Бағалау парақтары таратылады.
  • Оқушы жауабын бағалауда «Бағдаршам» әдісі қолданылады.

Тарихқа шолу: астаналар ізімен

Қазақ елінің мемлекеттігінің маңызды белгісі — елді бір орталықтан басқаратын бас қала мен басқару орталықтарының болуы.

Орынбор

Орынбор — тұңғыш астана. 1920–1925 жылдары Қазақстанның астанасы болды. Қала Орал өзенінің оң жағасына орналасқан. Іргетасы 1735 жылы бекініс-қамал ретінде қаланып, атауы Ор өзеніне байланысты қойылған.

Қызылорда

1925 жылы наурыз айында Қазақстан астанасы Орынбордан Қызылордаға көшірілді. Сөйтіп, Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) астана мәртебесін алды.

Ескерту

Әр топтың топ басшысы өз тобына сәйкес астананың қысқаша тарихын таныстырады.

Мектеп туралы мәлімет

№7 жалпы білім беретін, шағын орталығы бар лицей-мектеп.

Мұғалім: Булекова Г. С.

Материалдар: «Ондық бөлшектерді қосу және азайту» тақырыбы бойынша слайд/жүктеу файлдары.