Анаға құрмет

Анаға құрмет!

Бұл материал 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне арналған сайыстық бағдарламаға негізделген. Мақсаты — оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтып, қыз балаларға құрмет пен ізеттілікті қалыптастыру, мәдени бос уақытты тиімді өткізуге ынталандыру және жақсылықтың бастауы күннің нұры мен ананың мейірімінде екенін ұғындыру.

Тәрбиелік мақсат

Оқушылардың рухани-адамгершілік және тұлғалық қабілеттерін дамыту; қыз балаларды сыйлауға, қадірлеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсат

Жас жеткіншектердің мәдени бос уақытын тиімді пайдалануға белсендіру, ортада еркін ой айтуға баулу.

Білімділік мақсат

Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен таралатынын ұғындыру.

Ұйымдастыру кезеңі

Бастапқы сөз

Іс-шара мұғалімнің кіріспе сөзімен басталады.

Топқа бөліну

Оқушылар суреттерді құрастыру арқылы топтарға бөлінеді.

Жүргізушілер сөзі

1-жүргізуші — Нәби

Әкелетін отбасына береке ең,

Әз аналар арамызда көп екен.

Жыл құсындай көктем сайын оралар,

Құтты болсын нұрға толы мерекең!

2-жүргізуші — Мөлдір

Бүгін осы залда біз көктемнің ерекше мейрамын — қыздар мен аналар мерекесін атап өту үшін жиналып отырмыз. Бір сөзбен айтқанда, баршаңызды 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!

1-жүргізуші — Нәби

Құрметті ұстаздар, аяулы аналар және қызғалдақтай құлпырған қыздар! Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысындай болып Аналар мерекесі де келеді.

2-жүргізуші — Мөлдір

Бәйшешек нәзік болса да, қардың астынан бүршік жарады. Біздің ару қыздарымыз да нәзік бола тұра, талай қиындыққа төтеп беруге қабілетті.

Құттықтау

Аналар мен арулар! Көктемнің күйіндей жарқырап, гүлдей құлпырып жүрген мерекелеріңіз құтты болсын!

8 наурыз мерекесінің қысқаша тарихы

Алғашқы Әйелдер күні 1911 жылы 19 наурызда Германия, Австрия, Дания және Швейцария елдерінде шерулер арқылы аталып өтті. Келесі жылы мерекелік дата 12 мамырға ауыстырылды. 1913 жылы Германияда 12 наурыз күні әйелдер шеруі өтті. Сол жылы 2 наурызда Ресей мен Францияда, 9 наурызда Австрия, Чехия, Венгрия, Швейцария және Голландияда да әйелдер шерулері ұйымдастырылды.

1921 жылы Кеңес Одағында коммунист әйелдердің екінші конференциясының шешімімен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні болып жарияланды. 1965 жылдан бастап 8 наурыз мерекесі демалыс күні ретінде бекітілді.

Сайыс бағдарламасы

Бүгін біз осы залда «Тапқыр болсаң — тауып көр» атты сайысымызды өткізуге жиналдық.

Көркем сөз: Әлидің тақпағы

Ана десем, алғыс алам халқымнан,

Ана десем, теңіз болам шалқыған.

Ана десем, ашылады қабағым,

Ана десем, әділдікті ұғамын.