Отырықшылар және көшпелілер мәдениеті

Сабақ тақырыптары

7-сынып. Тарих пәні. VI–IX ғасырлардағы Қазақстан халықтарының отырықшы және көшпелі мәдениеті бөлімі.

  1. 1 Отырықшылар және көшпелілер мәдениеті
  2. 2 Көшпелілердің материалдық мәдениеті
  3. 3 Сәулет және өнер (VI–IX ғғ.)
  4. 4 Халық ауыз әдебиеті, жазу және дін
  5. 5 VI–IX ғасырлардағы Қазақстан халықтарының отырықшы және көшпелі мәдениеті бойынша орта мерзімді жоспар

Оқу мақсаттары және күтілетін нәтижелер

Оқушыларды жартылай көшпелі мәдениет пен қала мәдениетінің дамуымен және олардың өзара байланыстарымен таныстыру.

Барлық оқушылар

  • Орта ғасырлардағы халықтың өмірі мен тұрмысын сипаттайды.
  • Тарихтағы негізгі саяси өзгерістерге талдау жасайды.
  • Түрлі дереккөздерден тарихи ақпаратты іздестіреді.

Оқушылардың басым бөлігі

  • Жартылай көшпелі және отырықшы тұрғындардың мәдени және экономикалық дамуының ерекшеліктерін көрсетеді.
  • Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттерді салыстырып, қорытынды жасайды.

Кейбір оқушылар

  • VI–IX ғасырларда тұрғындардың көшпелі мал шаруашылығынан отырықшы шаруашылыққа көшу себептерін түсіндіреді.
  • Орта ғасырлар тұрғындарының мәдениеттегі жетістіктерін біледі.
  • Берілген сипаттама бойынша мәдениеттерді бір-бірінен ажырата алады.

Сабақтың құрылымы

Уақыт мөлшерлері ұсыныс ретінде берілген.

Басталуы

Кіріспе (2 минут)

Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру, оқушыларды жұптарға бөлу.

Жұпқа бөлу әрекеті

Оқушыларға А4 қағазы беріледі: олар жұптасып құшақтасып сурет салады, кейін салған суретін жұбына сыйлайды. Маркердің түсі бойынша оқушылар жұптарға бірігеді.

Үй жұмысын тексеру (8 минут)

«Сұрақты қағып ал» ойыны арқылы өткен тарауды қайталау және қорытындылау.

Еске түсіру: VI–IX ғғ. Қазақстан жерінде өмір сүрген тайпаларды көшпелілер, түркі тілдес тайпалар деп атаған.

Жаңа тақырыпқа кіріспе

Көшпелі және отырықшы шаруашылықты сипаттайтын суреттер көрсетіледі. Оқушылар жұпта суреттерді топтастырып, мағынасын түсіндіреді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.

Бағалау: «Бас бармақ» әдісі.

Ортасы

Түсіну (5 минут)

Миға шабуыл

  1. «Мәдениет» ұғымын қалай түсінесіз?
  2. Мәдениеттің қандай түрлерін білесіз?

Оқушылар жеке ойланады, жұпта салыстырады, топта талқылайды, нәтижесін тақтаға тірек-схема түрінде рәсімдейді.

Қолдану (14 минут)

VI–IX ғғ. Қазақстан жерінде өмір сүрген тайпалардың мәдениеті мен шаруашылығының ерекшеліктерімен танысу.

Карусель әдісі (топтық өзара оқыту)

I оқушы

  • Жартылай көшпелі мәдениеттің ежелгі кезеңдер бойынша даму жолын көрсету.
  • Орта ғасырларда көшпелілер шаруашылығының дамуын сипаттау.

II оқушы

  • VI–IX ғасырларда қала мәдениетінің даму ерекшеліктерін анықтау және кескін картада көрсету.

III оқушы

  • VI–IX ғғ. қалалардың құрылыс жүйесін және ерекшеліктерін көрсету.

IV оқушы

  • VI–IX ғасырларда Қазақстан жерінде қала мәдениетінің дамуын дәлелдеу.
  • Көшпелі мал шаруашылығынан отырықшы шаруашылыққа көшудің себептерін түсіндіру.

Оқушылар тапсырмаларын орындайды және «карусель» бойынша бір-біріне түсіндіреді. Бағалау: көңіл күй смайликтері арқылы өзара бағалау.

Талдау (7 минут)

Жұптық тапсырма

Отырықшылар мен көшпелілердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырып, постерге түсіріңіздер.

Бағалау: «Екі жұлдыз — бір ұсыныс».

Критерийлер

  • Айырмашылықтары нақты көрсетілген.
  • Ұқсастықтары екі мәдениетке де тән.
  • Эстетикалық безендіру сақталған.

Шатастырылған логикалық тіркестер (ауызша)

  • 1) Малды қолға үйрету

    Берілген тұжырым: «Тас дәуірінің неолит кезеңінде басталған».

    Дұрысы: мезолит кезеңінде басталған.

  • 2) Темір дәуіріндегі шаруашылық

    «Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы өріс алды» — дұрыс.

  • 3) Оңтүстік Қазақстандағы отырықшы мәдениет орталықтары

    Берілген тұжырым: «Тараз, Талхир, Алмалық, Қойлық».

    Дұрысы: Отырар, Йасы, Сауран, Сығанақ, Құлан.

  • 4) Ортағасырлық қалалардың құрылымы

    Берілген тұжырым: «Екі бөліктен тұрған».

    Дұрысы: үш бөліктен тұрған (цитадель, шахристан, рабат).

Жинақтау (5 минут)

Жазылым тапсырмасы

«Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері» тақырыбында эссе жазыңыз.

Аяқталуы

Рефлексия (2 минут)

«Аяқталмаған сөйлемдер»

  • Мен өзімді   сезіндім.

  • Мен   білдім.

  •   қызықты болды.

  • Бүгін менің қолымнан   келді.

Үй тапсырмасы (1 минут)

  • § 8, 1–3 тақырыпша.
  • Кескін картаны толтыру.

Мәлімет

Мектеп
Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Северный ЖОББМ
Пән мұғалімі
Айтмақушева Ботагөз Мусиновна
Бөлім ішіндегі тақырыптар
Көшпелілердің материалдық мәдениеті; Сәулет және өнер; Халық ауыз әдебиеті, жазу және дін; Орта мерзімді жоспар.