Абай шығармалары

Сабақтың тақырыбы

Абай және оның он жетінші қарасөзі

Сабақтың мақсаты

Абай шығармашылығын қорытындылай отырып, оқушылардың тіл байлығын молайту және адами қасиеттерді бойына сіңіру.

Білімділік

Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау; қарасөздер арқылы ақынның ғылыми-философиялық ойларын ашып түсіндіру; қайратты ақылға, ақылды жүрекке жеңдіруге дағдыландыру.

Дамытушылық

Көркем мәтінмен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру; оқып-түйгені бойынша ой қорыта білуге үйрету; тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік

Абай еңбектері арқылы адамгершілікке, имандылыққа, адалдыққа баулу; ғылым-білімге ұмтылған, көкірегі ояу азамат тәрбиелеу.

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың түрі

Қорытынды сабақ

Сабақтың әдісі

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша түрлі стратегиялар

Көрнекілігі

Слайдтар, ақын портреті

Эпиграф: оқу және талдау

«Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»

Талқылауға сұрақтар

  • Бұл кімнің сөзі?
  • Осы өлең жолдары арқылы автор қандай ой айтады?
  • Қазақтың тағы қандай беткеұстар ұлыларын білесіңдер?

Ой толғау: ассоциация құру

«Күн шұғыласы», «Ақын», «Абай», «Абай шығармалары» түсініктері бойынша ассоциация құрылады.

Негізгі тұлға

Абай Құнанбайұлы

Өткен сабақтарда Ұлы Абайдың көптеген шығармаларын оқыдық. Енді олардың түрлерін еске түсіріп, тақырыптық бағыттарына қысқаша тоқталамыз (оқушылар әр тақырыпқа арналған өлеңдерді мәнерлеп оқиды).

Он жетінші қарасөз: кіріспе

Соңғы сабақта біз Абайдың он жетінші қарасөзімен танысып, талдадық. Ең алдымен мәтінде кездесетін кейбір сөздердің мағынасын нақтылап аламыз.

Сөздік жұмысы

Жүгіну
— бас ұру
Кәмелет
— ой тоқтатқан кез
Ғибадат
— құлшылық ету (діни наным)
Абырой
— ар-намыс
Мансап
— атақ, даңқ
Нәпсі
— қалау

Тіркестер мен мағынасы

Ахирет
— о дүние
Дөңбекшітетұғын
— ойландыратын
Берік ұстау
— бірсөзділік
Қырына жүру
— айтқанына көну, еру
Табанының топырағы көз сүртерлік
— қасиетті

Талдау сұрақтары

  • 1. Он жетінші қарасөз не туралы?
  • 2. Қарасөздегі негізгі кейіпкерлер кімдер?
  • 3. Ақын бұл шығарма арқылы қандай ой айтқысы келді?
  • 4. Абай айтқан пікірмен өзің келісесің бе? Неліктен?

Ой қозғау: семантикалық карта

Үзінділерді негізге ала отырып, «Қайрат», «Жүрек», «Ақыл» ұғымдарының мәтіндегі рөлін салыстыру.

Қайрат

Негізгі мәні

Іске жұмылдыратын ерік, табандылық, жігер.

Жүрек

Негізгі мәні

Мейірім, рақым, адамгершілік өлшемі.

Ақыл

Негізгі мәні

Ой таразысы, бағыт-бағдар беретін парасат.

Бекіту: топтық жұмыс

Оқушылар 3 топқа бөлініп, шағын эссе жазады:

1-топ

«Ақыл»

2-топ

«Қайрат»

3-топ

«Жүрек»

Қорыту: INSERT арқылы ұғымдарды нақтылау

Қайрат

Зат есім
Қайрат
Сын есім
күшті, жігерлі
Етістік
ерінбейді, жалықпайды, тынбайды
Синоним
күш, жігер, қуат, ерік
Сезіну
Адамның өзіне деген сенімін оятады.

Ақыл

Зат есім
Ақыл
Сын есім
ойлы, табанды
Етістік
ойлайды, кеңеседі, дұрыстайды
Синоним
ой, түйсік, шабыт
Сезіну
Онсыз адам жол таба алмайды.

Жүрек

Зат есім
Жүрек
Сын есім
жылы, рақымшыл
Етістік
соғады, лүпілдейді, дірілдейді
Синоним
сезім, махаббат, жылылық, өмір
Сезіну
Адам денесінің негізгі тіршілік көзі.

Үй тапсырмасы

«Абай және мен» тақырыбына шығарма жазу.