Облыс орталығы қай қала

Сабақ тақырыбы

5-сынып, Қазақстан тарихы пәні бойынша I жартыжылдыққа арналған қайталау сабағы.

Сабақтың мақсаты

  • I жартыжылдықта меңгерген білімді саралау, жүйелеу және қорытындылау.
  • Пәнге қызығушылықты арттыру, тарихи танымды кеңейту.
  • Ойлау және сөйлеу дағдыларын дамыту, өз ойын мәдениетті жеткізуге бағыт беру.
  • Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, білімділікке және сауаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі

ҚР саяси картасы, нақыл сөздер, плакаттар, дидактикалық материалдар, кестелер, сызбалар, суреттер және т.б.

Әдісі

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, өзара жарысу.

Түрі

Аралас сабақ: жарыс сабақ, ойын сабақ, саяхат сабақ және т.б.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Психологиялық дайындық: бүгінгі сабақта Қазақстан тарихынан осы уақытқа дейін не үйренгенімізді ортаға салып, білімімізді бекітеміз.

1-аялдама: Өткел

«Кім жылдам?» ойыны
  1. Әнұранның авторларын ата.
  2. «Тарихтың атасы» кім?
  3. Шығыстағы «тарих атасы» кім?
  4. Геральдика нені зерттейді?
  5. Дүниежүзінде қанша этнос бар?
  6. Топонимика нені зерттейді?
  7. Қазақстан Республикасында қанша облыс бар?
  8. Ауызша деректерге нелер жатады?
  9. Қазақтың алғашқы хандарын ата.
  10. Әл-Фараби қай қалада дүниеге келген?

2-аялдама: Белес

«Орнына қой» ойыны

1) Сақтар топтары (сәйкестендір)

  • Тиграхауда — Жетісуда мекендегендер.
  • Хаомаваргалар — Мұрғаб аңғары.
  • Парадараиа — Арал теңізінің арғы жағын мекендегендер.

2) «Адасқан түстер» (сәйкестендір)

  • Абыздар — ақ.
  • Жауынгерлер — қызыл.
  • Малшылар мен егіншілер — сары мен көк.

3) Қазақ жүздері: тайпаларын табыстыр

  • Ұлы жүз — Албан, Суан, Шапырашты, Ысты, Жалайыр және т.б.
  • Орта жүз — Арғын, Найман, Уақ, Қоңырат, Қыпшақ.
  • Кіші жүз — Байұлы, Әлімұлы, Жетіру.

3-аялдама: Бекет

Білімді шыңдау

1) Жылдарды ғасырға айналдыр (рим цифрларымен)

1341 ж.; 366 ж.; 264 ж.; 999 ж.; 2008 ж.; 1675 ж.; 1992 ж.; 6 ж.; 1838 ж.; 1502 ж.

2) «Жол қысқарту»: аңыз-әңгімелер

Оқушылар Шырақтың ерлігі, түркілердің шығу тегі, Отырар опаты және т.б. тақырыптар бойынша әңгімелейді.

Сергіту сәті

Бір, екі, үш — бұлшық етте, міне, күш.

Бір, екі, үш — төрт, бес, алты: отыр, тұр, шалқы.

Жеті, сегіз, тоғыз, он — орныңа қон.

4-аялдама: Асу

«Өзіңді тексер»

Асудан өту үшін күрделірек тапсырмалар орындалады. Барлығымыз бұл қиындықты да еңсереміз.

1) Тест жұмысы

Қайталау бөлімі бойынша қысқа тест тапсырмалары орындалады.

2) Ұғымдарға анықтама бер

Петроглифтер, палеолит, мезолит, неолит, синантроп, питекантроп, бумеранг, космонимия, цитадель, шахристан, рабат.

3) «Артығын тап»

Ғұн әскерінің қару-жарақтары арасынан артығын тауып, сызып таста: қамал бұзғыш машина, садақ пен жебе, зеңбірек, қалқан, қайық, семсер, арбалет.

4) «Тұлғаны таны»

Суреттер мен жұмбақтар арқылы мына тұлғаларды анықтау: Абылай хан, Әбілқайыр хан, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.

5) «Араласқан сөздерді орнына қой»

Билердің шешендік сөздері араласып берілген. Оқушылар сөздерді дұрыс ретімен орналастырады: «Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі…», «Сен — қабылан да, мен — арыстан, алысқалы келгенмін…», «Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін. Батыр болсаң, жауға найзаң тисін…»

5-аялдама: Жерұйығым — Жетісуым

Сұрақ-жауап & карта

1) Сұрақ-жауап минуты

  1. Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?
  2. Қазақстанда қанша облыс бар?
  3. Біздің облысымыз қалай аталады?
  4. Облыс орталығы қай қала?

2) Картамен жұмыс

Оқушылар облыс орталықтарын картадан тауып, аумақтарын көрсетеді және орталықтарын атайды. Қолдарындағы шағын жалаушалармен картаға белгілейді.

Қорытынды

Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар атап өтіліп, бағалары қойылады.

Үй тапсырмасы

I жартыжылдықта өткен тақырыптар ішінен өзіне ерекше ұнаған бір тақырыпты таңдап, сол туралы қысқаша жазып келу.