Арқан тартыс

Сайыс сценарийі Салауатты өмір салты Дәстүр мен тәрбие

Тақырыбы: «Ел мақтаған жігітті – қыз жақтаған»

Бұл материал — оқушылар арасында өтетін ұлттық рухтағы сайысқа арналған жинақы, жүйеленген сценарий. Мазмұны дәстүрді дәріптеуге, тіл мәдениетін дамытуға және ұжымдық сыйластыққа баулуға бағытталған.

Негізгі бағыт

Тәрбие, мәдениет, дәстүр

Құндылық

Адамгершілік, кішіпейілділік

Тақырып өзегі

Жеңіс күні, патриоттық тәрбие

Мақсаты

  • Оқушыларға халықтың дәстүрін, салтын, мәдениетін, әдет-ғұрпын таныту.
  • Мәдениетті сөйлей білу үшін тіл байлығын молайту, ойлау қабілетін дамыту.
  • Кішіпейілділікке, адамгершілікке және өзара сыйластыққа баулу.
  • Салауатты өмір салтын насихаттап, Отанды сүюге және қорғауға тәрбиелеу.

Құттықтау және кіріспе сөз

Құрметті ұстаздар, оқушылар және сайыскерлер! «Ел мақтаған жігітті – қыз жақтаған» атты сайысымызға қош келдіңіздер. Баршаңызды Жеңіс күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, амандық және ел тыныштығын тілейміз. Егемен елімізді әрдайым қорғап, аспанымыз ашық, соғыс атаулы жоламасын!

Топтарға бөлу

І топ құрамы

Топ басшысы: Уйбышева Нұрсәуле
  • Неткалиева Жанғаным
  • Асанов Айжол
  • Малаев Нұрбек
  • Ахметов Райымбек
  • Қайрғалиев Айбек
  • Ерғали Нұршат
  • Жұмағалиева Гүлжан
  • Уйбышев Дархан

ІІ топ құрамы

Топ басшысы: Сафиуллина Айдана
  • Кабашев Асылхан
  • Хасанов Еркін
  • Асанова Раушангүл
  • Ахметжанов Мейрам
  • Асанова Гүлзада
  • Асанов Ербол
  • Алғабасов Нұрберген

Ескерту: Сайыста жеңіс те, жеңіліс те болады. Нәтижені әділ анықтау үшін сайыс барысы әділқазылар алқасының бағалауымен қорытындыланады.

І кезең: Міндетті бағдарлама

  1. Топ таныстыру

    Әр топ өздерін таныстырады. Топтың аты мен ұраны міндетті. Неліктен бұл атау таңдалғанын қысқаша түсіндіреді.

  2. Марштық ән

    Әр топ марштық ән орындайды.

  3. Көрініс

    Ұлы Отан соғысы немесе Жеңіс күніне байланысты қысқаша көрініс қояды.

Дайынбыз ба? Ендеше сайысымызды бастайық! І кезең аяқталған соң, сөз әділқазылар алқасына беріледі.

ІІ кезең: Ойындар мен сайыстар

Бағдарлама

  • Жанды сұрақтар
  • Асық атыс (асық ату)
  • Арқан тартыс (барлығы қатысады)
  • Күш сынасу (қол күресу)
  • Велосипед жарысы
  • Эстафета (таяқшаны кезектесіп беру)

Тәртіп және әділдік

Сұрақ қойылған топ жауап бермесе, жауап беру құқығы қарсы топқа өтеді. Егер сұрақ бір топқа қойылып тұрып, екінші топ алдын ала айтып қойса — ұпай берілмейді.

Жанды сұрақтар (сұрақ–жауап)

Төмендегі сұрақтар кезекпен қойылады. Жауаптар жақша ішінде көрсетілген.

  1. Әлемге әйгілі қазақ балуаны? (Қажымұқан)
  2. Жеті қазынаны ата. (Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл, білім, жүйрік ат, берен мылтық, тазы ит)
  3. Ат үстіндегі тартыс ойындары қалай аталады? (Көкпар, аударыспақ)
  4. Жеті атаны ата. (Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат)
  5. Асықпен ойналатын ойын түрлері? (Ханталапай, сақа)
  6. Аптаның жеті күнін ата. (Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
  7. Жарыстың басталатын және аяқталатын орны? (Мәре)
  8. Жеті жұт? (Құрғақшылық, жұт, аштық, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала)
  9. Қазақша күресте екі балуанның қатар жығылуы? (Итжығыс)
  10. Жердің төрт бұрышы (төрт бағыт)? (Оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс)
  11. «Жеті жоқты» ата.

    Жерде өлшеуіш жоқ

    Аспанда тіреуіш жоқ

    Таста тамыр жоқ

    Алмада бауыр жоқ

    Тасбақада талақ жоқ

    Аққуда сүт жоқ

    Жылқыда өт жоқ

  12. 20 жасында спорт әлеміне жұлдыз болған спортшы? (Бекзат Саттарханов)
  13. 1980 жылы Олимпиадаға қатысқан былғары қолғап шебері? (С. Қонақбаев)
  14. Жеті қат көк? (Ай, Меркурий, Шолпан, Күн, Марс, Юпитер, Сатурн)
  15. Қардың формуласы? (H2O)
  16. Дүниежүзінде ең көп тараған тіл? (Ағылшын тілі)
  17. Қазақтың ұлттық ойындарын ата. (Қыз қуу, орамал тастау, тоғызқұмалақ, сақина салмақ, көкпар, т.б.)
  18. «Ақ сүт емген» деген сөзді қалай түсінесің? (Адал тәрбие алған)
  19. «Бес күшік, он ит, жиырма қасқыр… жүз жұмыртқа» нені білдіреді? (Адамның жасы мен өмір белестері туралы ұғым)
  20. 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырлар кімдер? (Б. Момышұлы, Қ. Қайсенов, Н. Әбдіров, М. Мәметова, Ә. Молдағұлова, т.б.)

Ойын түрлерін өткізу тәртібі

Асық атыс (асық ату)

Екі асық тігіліп, мергендер 3 метрден атады. Кейін арақашықтық 4–4,5 метрге дейін ұлғайтылады.

Арқан тартыс

Барлық қатысушы ортақ күш жұмсайтын командалық сайыс.

Қол күресу

Әр топтан екі оқушы қатысады.

Велосипед жарысы

Әр топтан бір оқушы шығады. Белгіленген жерге барып қайтады. Жеңіс уақыт көрсеткішіне байланысты.

Эстафета

Сынып оқушылары таяқшаны бір-біріне кезекпен беріп, жарысты жалғастырады. Команданың ұйымшылдығы мен жылдамдығы бағаланады.

Қорытынды және марапаттау

Қорытынды сөз әділқазылар алқасына беріледі. Жеңімпаз топ анықталып, марапаттау рәсімі өткізіледі.

Тілек

Болмасын соғыс даламда,

Күн күлсін аспан төрінде.

Гүл өсіп тұрсын далада,

Жасасын Жеңіс қашанда!

Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет! Әрдайым осындай жарыстарда жеңіске жетіп, жарқырап жүре берулеріңізге тілектеспіз. Сау болыңыздар!