Тірек сөздермен мақал - мәтел құрастыру

Кіріспе сөз

Құрметті оқырмандар, бүгін «Мың бір мақал» тақырыбында мақал-мәтел айту сайысын өткіземіз. Мақал-мәтелді білмейтін оқушы жоқ деуге болады, өйткені оны мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап үйренеміз.

Мақал мен мәтел — ауыз әдебиетінің ең байырғы, ең көне түрі. Ол — халықтың ұқыпты сақтаған еңбек тәжірибесінің жиыны, ой-пікірінің түйіні, аңсаған асыл арманының арнасы, өмір-тіршілігінің айнасы. Мақалдың көмегімен айтайын деген ойды көркем әрі дәл жеткізуге болады. Мақал-мәтелді көп біліп, орнымен қолданатын адамның білімі де, парасаты да арта түседі.

Ұйымдастыру

Әділқазылар алқасымен таныстыру

Қатысушылар

Сыныпты 2 топқа бөлу

Формат

Сайыс 4 бөлімнен тұрады

Сайыс бөлімдері

1-бөлім: «Жалғасын тап»

Мақалдың жалғасын дұрыс табу

Сөздің көркі — мақал

Жүздің көркі — сақал.

Өз елім...

Өлең төсегім.

Балапан ұядан не көрсе...

Ұшқанда соны іледі.

Сөзің тәтті болсын...

Ашуың қатты болсын.

Жақсы байқап сөйлер...

Жаман кісі шайқап сөйлер.

Ананың көңілі балада...

Баланың көңілі далада.

Батыр туса — ел ырысы...

Жаңбыр жауса — жер ырысы.

Балалы үйдің...

Ұрлығы жатпас.

Оқу — білім бұлағы...

Білім — өмір шырағы.

Тіл тас жарады...

Тас жармаса, бас жарады.

Ашу — дұшпан, ақыл — дос...

Ақылыңа ақыл қос.

Тіліңмен жүгірме...

Біліммен жүгір.

Ұста пышаққа жарымас...

Етікші етікке жарымас.

Сөзде қаңқу жаман...

Ауруда шаншу жаман.

Білімі жоқ ұл...

Жұпары жоқ гүл.

1-бөлім бойынша қорытынды шығарылады.

2-бөлім: Үй тапсырмасы

Мақалды әңгіме құрастыру

Алдын ала дайындалып келген оқушылар әр тақырып төңірегінде шағын мақал-мәтелді әңгіме құрастырады. Шарт: әңгіме ішінде мақал-мәтелдер болуы тиіс, көлемі 5–6 сөйлем.

Тақырып 1

Отбасы — тәрбие бастауы

Тақырып 2

Отан — елдің анасы

2-бөлім бойынша қорытынды шығарылады.

3-бөлім: «Кім тапқыр»

Тірек сөздер арқылы мақал құрастыру

Тірек сөздер: дос — теңге

Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.

Тірек сөздер: ақыл — кен

Ақыл — тозбайтын тон, білім — таусылмайтын кен.

Тірек сөздер: оқу — ине

Оқу инемен құдық қазғандай.

Тірек сөздер: еңбек — береке

Еңбек түбі — береке, көптің түбі — мереке.

4-бөлім: «Ойлы болсаң, тауып көр»

Сұрақ-жауап ойыны

1) Білмеген не ішеді?
У ішеді.
2) Жас келсе — неге?
Іске.
3) Өтірікші кімді алдайды?
Өзін-өзі алдайды.
4) Білгенің қанша, білмегенің қанша?
Білгенің — 9, білмегенің — 99.
5) Адамда арқау бола ма?
Ас — адамның арқауы.
6) Түкіріктен көл бола ма?
Көп түкірсе — көл болар.
7) Тастың жеңілі бола ма?
Керек тастың ауырлығы жоқ.
8) Көпке не шашпа?
Топырақ.
9) Дос басқа қарайды, ал дұшпан ше?
Дұшпан аяққа қарайды.
10) Тауық түс көре ме?
Тауықтың түсіне тары кіреді.
11) Сиырдың сүті қай жерде?
Сиырдың сүті — тілінде.
12) Бейнет түбі не?
Зейнет.
13) Сөз анасы не? Су анасы не? Жол анасы не?
Сөз анасы — құлақ, су анасы — бұлақ, жол анасы — тұяқ.
14) Не қылыштан өткір?
Тіл қылыштан өткір.
15) Тұз астың дәмін келтіреді, ал сөздің дәмін не келтіреді?
Мақал — сөздің дәмін келтіреді.

Қорытынды

Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым — дара тілім.

Тіл — сарқылмас қазына, ата-бабамыздың көзі, аманаты, мұрасы. Ал мақал — сөздің азығы, тәрбиенің қайнар көзі. Олай болса, мақал-мәтелді қадірлеп, орнымен қолданайық.