Жеміс ағашына жолығуы

Пәні: Ана тілі (3-сынып)

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин — «Баланың айласы» (презентациямен)

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Әдісі: СТО технологиясы

Сабақ мақсаттары

Білімдік мақсат

Қазақтың көрнекті ақын-жазушысы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығымен тереңірек таныстыру; әңгіменің тақырыбын мәтінге сүйене отырып ашуға және негізгі ойды табуға үйрету.

Тәрбиелік мақсат

Әңгіме мазмұны арқылы жамандықтан аулақ болып, жақсылыққа жақын болуға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсат

Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге бағыттау; шығармашылық тапсырмаларда шапшаңдық танытуға, өз бетімен қорытынды шығаруға машықтандыру және танымдық белсенділігін дамыту.

Көрнекіліктер

  • Ыбырай Алтынсариннің портреті
  • Болжау кестесі
  • Тірек сөздер сызбасы

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу, оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.
  • Топқа бөлу, жұмыс ережесін еске түсіру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Үйге қандай тапсырма берілді? (Әңгімеге байланысты сурет салу.)
  • Б. Соқпақбаев кім? Қай әңгімесін оқыдық?
  • Қарт Мәулен не үшін риза болып, неліктен рахмет айтты?

III. Ой ашар

Жаңа сабақ топтық талдау арқылы жүргізіледі. Оқушылардың қызығушылығын оятып, мәтінге кіріспе сұрақтар қойылады.

IV. «Топтастыру» стратегиясы

Интерактивті тақтада Ыбырай Алтынсарин туралы оқушылар білетін деректер топтастырылады.

Талқылау сұрақтары

  • Ыбырай Алтынсарин кім? Қай жерде, қай жылы дүниеге келді?
  • Қандай шығармалары мен өлеңдерін білесіңдер?
  • Қандай оқулық жазды?

Негізгі деректер (тірек ақпарат)

  • Ыбырай Алтынсарин: ұстаз, ағартушы
  • Жылдары: 1841–1889
  • Туған жері: Қостанай облысы
  • Белгілі шығармалары: «Кел, балалар, оқылық», «Өнер-білім бар жұрттар»
  • Оқулығы: «Қазақ хрестоматиясы»

Бүгінгі сабақта Ыбырай Алтынсариннің «Баланың айласы» атты әңгімесін оқып, мазмұнын талдаймыз.

V. Ой қозғау

Мәтінге дейінгі сұрақ

«Айла» дегенді қалай түсінесің?

Мәтінді бөліктерге бөлу

  1. Ғалым мен жыланның түйеге жолығуы
  2. Жеміс ағашына жолығуы
  3. Итке жолығуы

Болжау кестесі: «Әрі қарай не болады?»

  • Жылан шақты.
  • Жеміс ағашы жеміс берді.
  • Бала көмектеспеді.

Дәлел келтіру

  • Себебі жылан улы.
  • Себебі жеміс ағашы адамға жақсылық жасауға дайын.
  • Себебі балалар ойнап жүреді.

Шын мәнінде не болды?

  1. Ғалым мен жылан түйеге жолығады.
  2. Жеміс ағашы адамға ренжиді.
  3. Баланың айласының арқасында ғалым улы жыланнан құтылады.

VI. Дәптермен жұмыс (сөздік)

Сөз Мағынасы
Төре (төрелік) Барлық мәселені шешетін ақсақал немесе ақылды ер адам; әкім.
Әйдік Үлкен.
Ғалым Білімді, жаңалық ашатын адам.

VII. Мәтінді жоспар бойынша әңгімелеу

  1. Ғалым мен жылан
  2. Ғалым мен жыланның түйеге жолығуы
  3. Жеміс ағашына жолығуы
  4. Итке жолығуы
  5. Балаларға келуі

VIII. Оқулықпен жұмыс

  • Оқушылар мәтінді мәнерлеп оқиды.
  • Рөлге бөліп оқиды.

IX. Сабақты қорытындылау (тірек сөздер)

Ғалым Тас Жылан Түйе Жеміс ағашы Ит

Тірек сөздер арқылы оқушылар әңгіменің негізгі оқиғаларын жүйелеп айтып, «айла» ұғымының мәтіндегі көрінісін қорытындылайды.

X. Үй тапсырмасы

I топ

Мазмұндау.

II топ

Мәнерлеп оқу.

III топ

Сурет салу.

XI. Бағалау

  • Топтық жұмысқа қатысуы, жауаптарының дәлелділігі және оқылым дағдысы ескеріледі.
  • Өзара бағалау және мұғалімнің қорытынды бағасы жүргізіледі.