Құжат беттерін рәсімдеу
Сабақтың өту барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Ой-сананы арттыру, бүгінгі күн талабы:
Біле білсең бұл дәуір —
Информатика заманы.
II. Үй тапсырмасын тексеру ( «Дода» ойыны )
Оқушылардың алдыңғы тақырып бойынша түсінігін сұрақ-жауап арқылы тексеру.
- 1) Мәтінді пішімдеу дегеніміз не? 10
- 2) Интервал дегеніміз не? 10
- 3) Қаріп қосымшасы не үшін қолданылады? 10
- 4) Қаріптің сызылымын қалай таңдаймыз? 20
- 5) Мәтінді туралаудың қандай түрлерін білесің? 20
- 6) Word-та абзац қандай пернені басумен аяқталады? 20
- 7) Қаріптің өлшемін қалай өзгертуге болады? 30
- 8) Мәтін беттерін өрнектеу және түсін өзгерту үшін қандай команданы таңдаймыз? 30
- 9) Жоғары және төменгі индексті қалай қоямыз? 30
III. Жаңа сабақ: құжат бетін рәсімдеу
Құжат мәтінінің қағаз бетінде сауатты әрі әдемі шығуы үшін бет параметрлерін алдын ала баптау қажет: жоғары/төмен және сол/оң жақ өрістер, сондай-ақ колонтитулдардың орналасуы.
Бетті белгілеу (бет параметрлері)
Бет параметрлерін орнату үшін келесі команданы таңдаңыз: Файл → Бет параметрлері (Файл → Параметры страницы).
- Өрістерді баптау үшін Өріс (Поля) қосымшасын қолданыңыз.
- Жоғарғы, төменгі, сол жақ және оң жақ өріс мәндерін енгізіңіз.
- Үлгі (рамка) аймағында баптаудың нәтижелік көрінісі көрсетіледі.
- Дұрыс болса, OK батырмасын басыңыз.
Қағаз өлшемі және бағдарлау
Құжат өлшемін таңдау үшін Қағаз өлшемі (Размер бумаги) қосымшасын ашыңыз. Тізімде қажетті өлшем болмаса, Ені (Ширина) және Биіктігі (Высота) жолдарына мәндерді қолмен енгізуге болады.
Бағдарлау бөлімінде қағаздың түрін таңдаңыз: кітаптық немесе альбомдық.
Беттерді бөлу (жаңа бетке көшу)
Мәтін беттерге автоматты түрде бөлінеді. Қажет болған жағдайда жаңа бетті қолмен қою үшін курсорды жаңа бет басталатын жерге орналастырып, келесі команданы орындаңыз: Кірістіру → Бөлу (Разрыв).
- Ашылған терезеден Жаңа бет өрісін белгілеңіз.
- OK батырмасын басыңыз.
- Бет бөлгіші экранда үзік сызықпен көрінеді.
Бет нөмірлерін қою
Құжатты баспаға жібермес бұрын беттерді нөмірлеу жиі қолданылады. Нөмір енгізу үшін: Кірістіру → Бет нөмірлері командасын таңдаңыз.
Колонтитулдарды орналастыру
Колонтитул — құжаттың әр бетінің жоғарғы немесе төменгі бөлігінде қайталанып шығатын мәтін немесе сурет. Әдетте колонтитулға бет нөмірлері, кітап атауы немесе ағымдағы бөлім атауы жазылады.
Колонтитул енгізу үшін: Түрі → Колонтитулдар командасын таңдаңыз.
IV. Электронды оқулықпен жұмыс
Тапсырмалар
- Бет параметрлерін қалай рәсімдейміз?
- Беттің түсін (фон) қалай қоямыз?
- Бетті қалай жиектейміз?
- Құжатты алдын ала көру үшін қай батырманы қолданамыз?
V. Сабақты бекіту
Жаңа тақырып бойынша қорытынды сұрақтар:
- 1) Беттерді қандай жолдармен нөмірлеуге болады?
- 2) Бетті белгілеу үшін қандай команда таңдалады?
- 3) Колонтитул дегеніміз не?
VI. Үй тапсырмасы
Тақырып: Құжат беттерін рәсімдеу.
VII. Оқушыларды бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және сұрақтарға берген жауаптары бойынша бағалау жүргізіледі.