Латын әліпбиін меңгеруге шақыру

Тақырып

Латын әліпбиі — ХХІ ғасырдағы ғылым мен білім беру кеңістігінің маңызды негіздерінің бірі.

Мақсаты

  • «Рухани жаңғыру» құндылықтарын түсіндіру және патриоттық сананы қалыптастыру.
  • Алдағы жылдары атқарылатын жұмыстар туралы мазмұнды ақпарат беру.
  • Латын әліпбиін меңгеруге ынталандыру.
  • Латын графикасына көшу — табысты ел болуға бастайтын маңызды қадам екенін ұғындыру.
  • Оқушылардың ұлттық санасын оятып, туған халқына құрмет, сүйіспеншілік және мақтаныш сезімін нығайту.

Оқыту нәтижесі

Оқушылар латын әліпбиін үйренудің маңызын түсінеді, оны меңгерудің практикалық пайдасын бағамдайды.

Түйінді идея: Латын әліпбиі — ХХІ ғасырдың ғылыми және білім беру тілінің негізі.

Негізгі екпін

  • Білім мен технологияға жақындау.
  • Әлемдегі қазақ диаспорасымен байланыс пен түсіністікті арттыру.
  • Ел дамуына үлес қосатын құндылықтық бағдар қалыптастыру.

Таныстырылым: жаңа тарихи кезең

Қазақстан жаңа тарихи кезеңге қадам басты. Ортақ мақсат айқын: әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Осы мақсатқа жету үшін санамыз да, ісіміз де қатар жаңғырып отыруы қажет — яғни, ой-өрісіміз уақыттан қалып қоймай, үнемі алға озуы тиіс.

Салтанатты ашылу сөзінен

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Қош келдіңіздер!

Мектеп — еліміздің қаны мен жаны, бәрі-бәрі мектептен басталады. Бүгінгі салтанатты жиында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалсын!

ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Қатысушыларды қарсы алу

Асыға сәлем жолдап жүректен біз, құшақ жая сіздерді қарсы аламыз! Бүгінгі ашық тәрбие сағатында бар өнерді тарту етіп ұсынамыз!

2 «Б» сыныбы оқушыларынан құралған «Болашақ ұландарын» қарсы алыңыздар!

Көрініс: отбасы тәрбиесі мен білім қуанышы

Дастарқан басындағы жылы диалог арқылы балалардың білімге құштарлығы, тіл үйренуге ынтасы және үлкендердің батасы көрініс табады.

Кейіпкерлер

  • Атасы — Нұрсұлтан
  • Әжесі — Айдана
  • Немерелері — Кәусар, Балым

Сахналық желі

Әжесі:

Шай ішіңіз, отағасы.

Атасы:

Ой, рақмет, кемпір! Сүт қатқан шайың неткен дәмді еді!

Әжесі:

Отағасы, немерелеріміз кешігіп қалды ғой?

Немерелері (қуана кіріп):

Атау, әже! Біз «5» алдық!

Кәусар:

Мен ағылшын тілінен «5» алдым!

Roses are red,
Violets are blue.
Sugar is sweet,
And so are you!

Балым:

Ал мен орыс тілінен «5» алдым!

Я живу в Казахстане,
Я люблю свой край родной!
Он хорош зимой и летом,
Но особенно — весной!

Атасы:

Бәрекелді! Бірің Асанәлі Әшімовтай актер, Сәуле Жанпейісовадай әнші, Ілия Жақановтай композитор болсаңдар, біреуің Төлеу Үшқоңыровтай жазушы, бірің Бәкен Серікбаевтай саясаткер болыңдар!

Бата

Бісміллә!
Балам, балам, балдай бол!
Асқаралы таудай бол!
Жайқалып өскен талдай бол!
Жемісі мол баудай бол!
Әумин!

Сапар туралы ұсыныс

Әжесі: Шоқай Датқа кесенесіне бармағанымызға біраз болды, ә?
Атасы: Дұрыс айтасың. Шахан ата кесенесіне де бір барып қайту керек еді...
Немерелері: Әулие бұлаққа барайықшы!
Әжесі: Немере — балдан тәтті! Айтқандары болсын. Жинайық та жолға шығайық.
Атасы: Жарайды, кеттік онда.

Өнер мен рух: ән, өлең және ортақ үндеу

Ән орындау

Ән өнерін әнші жаны ұғады, талаптанған тек биікке шығады. Ән өнері қанша қиын болса да, әуелетіп әнші ортаға шығады.

Жолдыбай Даниярдың орындауында «Отаным» әні.

Хормен айтылатын шумақ

Латынша үйренейік баба тілін,
Ғасырлардан сыр шерткен ғажап үнін.
Рухым — өр, ұлтым да ұлық менің,
Өзің барда ғажап тілім — қазақ тілім!

Постер құрастыру: латын әліпбиін не үшін меңгереміз?

Сыныптық талқылауда оқушылар латын графикасының өмірлік қажеттілігі мен болашаққа әсерін нақты себептермен түсіндіреді.

Негізгі дәлелдер

  • Технология

    Компьютер мен заманауи техниканы тиімді меңгеру үшін.

  • Байланыс

    Шетелдегі қандастарымызбен өзара түсіністікті арттыру үшін.

  • Даму

    Дамыған елдер қатарына қосылу жолында ортақ мәдени-танымдық кеңістікті кеңейту үшін.

Құндылық пен азаматтық ұстаным

Ұстаз сөзі

Отанды сүю — парызың, оны қорғау — міндет. «Рухани жаңғыру» бағдар сілтеп, алға үндейді!

Білім салтанатын құрып, еліміздің дамуына үлес қосатын — сендер, балалар!

«Болашақта мен кім боламын?» (акростих)

Б — білімімді арнайтын

О — Отанымды қорғайтын

Л — лаңкестікті даттайтын

А — адалдықты жақтайтын

Ш — шуағымды шашатын

А — асулардан асатын

Ғ — ғарыш сырын меңгерген

Ы — ынтымақты тең көрген

М — менмендікті жек көрген

Қ — қазаққа қызмет ететін

А — арманына жететін

З — заңды жақсы білетін

А — алға қарай жүретін

Қ — қайырымды елімнің

С — салтанатты жерімнің

Т — толықтырам сенімін

А — абыройын, жігерін

Н — намысын қолдан бермейтін

Мен боламын еңбекқор,

болашағы елімнің!

болашағы елімнің!

Қорытынды үндеу

Жүргізуші сөзі

Бүгін сендер өздеріңнің Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді дәлелдедіңдер. Нағыз азамат болудың негізі — білім, еңбек және елге қызмет.

Негізгі ой

Латын әліпбиі — ХХІ ғасырдың ғылыми және білім беру тілінің негізі. Осыны ескере отырып, латын әліпбиін терең әрі жүйелі меңгерейік.

Автор туралы мәлімет

Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, Абылай хан атындағы орта мектептің 2-сынып жетекшісі — Алдажарова Ақшолпан Әбілқайыровна.