Күзгі баққа саяхат
Кеш туралы
Ақтөбе қаласындағы №13 орта мектептің биология пәні мұғалімі Шурина Жансая Нұрбергенқызы ұйымдастырған «Күзгі баққа саяхат» атты кеш жаратылыстану-математика апталығының жабылуына орай 6–8 сынып оқушылары арасында өткізілді.
Мақсаты
- Оқушылардың ұйымшылдығы мен қызығушылығын арттыру.
- Ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту.
- Табиғат сұлулығын сезіне білуге және оны аялай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Күзгі табиғатқа арналған суреттер мен картиналар.
- Шарлар, қызыл-жасыл жапырақтар.
- Жеміс-жидектер қойылған дастархан.
Күз туралы ой
Күз — молшылық пен берекенің нышаны. Бұл мезгілде күн салқындайды, егін жиналады, құстар жылы жаққа ұшады, ал жапырақтар сарғайып жерге төгіледі. Табиғат алтын түске боялып, ерекше сұлулыққа бөленеді.
Шараның өтілу барысы
Кеш жүргізушілердің құттықтау сөздерімен ашылды. Қонақтар — ұстаздар, ата-аналар және оқушылар — жаратылыстану-математика апталығының жабылу салтанатына жиналып, «Күзгі баққа саяхат» сайыс кешінің куәсі болды.
Жүргізушілердің кіріспе сөзі
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгін жаратылыстану-математика апталығының жабылуына орай 6–8 сыныптар арасында «Күзгі баққа саяхат» атты кеш өткізгелі отырмыз. Кешке қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Жиылған қауым, армысыздар! Алтын дәнді сары күз де келіп жетті. Бірге болып қуанышта, бізбен бірге шаттық әнін салыңыздар!
Әділқазылар алқасы
Сайыс барысын әділқазылар алқасы бағалады. Бағалау кезінде қатысушылардың оқу мәнері, сөйлеу шеберлігі, күзгі киім үлгісі, жүріс-тұрысы мен тәртібі де ескерілді.
Әділдікке бас иеді күллі әлем — жүйрік озар сайыстарда неше бір. Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл!
Сайыс бағдарламасы
1) Таныстыру
3 минут · 5 ұпай
Топ өз атауын, эмблемасын және мүшелерін таныстырады.
2) «Күз кереметі» (үй тапсырмасы)
3 минут · 5 ұпай
Жеміс-жидектерден, ағаштан немесе жапырақтан жасалған бұйым, не бір заттың бейнесі ұсынылады. Бұл кезеңде «хан» мен «ханшайым» өз жұмыстарын таныстырады.
3) «Өнерлінің өрісі кең»
3 минут · 5 ұпай
Топ ішінен өнер көрсету: ән, би немесе басқа шығармашылық номер.
4) «Білімді мыңды жығар!»
2 минут · 3 сұрақ · 5 ұпай
Әр топқа сұрақтар жазылған жапырақтар таратылады. Қатысушылар қоржыннан тапсырма алып, сұрақтарға жауап береді.
5) «Кім епті?»
1 минут · 5 ұпай
Топ ішінен бір қатысушы 1 минут ішінде 1 алманы толық жеп бітіруі керек.
Көрерменге арнау
Құрметті көрермен! Жақсылыққа әрдайым артқан сенім, ақжол тілеп үкілі үміттерге — таныстыру шартына кезек берейік.
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты — біреу би билеп, біреу ән салады. Үміткерлер бүгінгі сайыста бәйге алуға барын салады.
Жеңіс пен жеңіліс қатар жүретін өмірде «жеңбедім» деп ренжімеңіз: қатысудың өзі — үлкен жеңіс.
Қорытынды және марапаттау
Соңында әділқазылар алқасы ұпайларды есептеп, сайыс қорытындысын шығарды. Жеңімпаз топ марапатталып, сондай-ақ «Ең әдемі күз ханшайымы» және «Ең батыл да ержүрек ханзада» аталымдары бойынша қатысушылар анықталып, мақтау қағаздары мен сыйлықтар табысталды.
Жылы лебіз
Келешекте әлі талай сайыстар бар. Өнерлеріңіз шыңдалып, талаптарыңыз арта берсін. Тамашалағандарыңызға рахмет — сау-саламат болыңыздар!